Мемлекеттік тілді оқыту бөлімі бастығының негізгі атқаратын лауазымдық
міндеттері:
2.1. Бекітілген жұмыс регламенті мен жұмыс кестесіне сəйкес бөлім
қызметін ұйымдастыру;
2.2. Бөлімнің белгілі бір кезеңге арналған жұмысын жоспарлау;
2.3. Бөлімнің белгілі бір кезеңде атқарылған жұмысының есебін əзірлеу;
2.4. Қаладағы мемлекеттік органдар, мекемелер мен кəсіпорындардың,
сондай-ақ Алматы қаласы тұрғындарына мемлекеттік тілді оқыту курстарының
жұмысын үйлестіру;
2.5. Алматы қаласының мемлекеттік тілді үйретуші оқытушыларының білімін
жетілдіру жəне оларды тестілеуден өткізу, сондай-ақ мемлекеттік тілде іс
жүргізушілер мен аудармашыларға арналған түрлі деңгейдегі оқыту курстарын
ұйымдастыру;
2.6. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді
жеделдетіп оқытудың бір ізге түсірілген бағдарламасын, оқу құралдары мен
оқулықтар кешенін əзірлеп, қолданысқа енгізу;
2.7. Мемлекеттік тілді үйрету үшін арнайы жабдықталған мультимедиалық
бөлмелер ашу, мемлекеттік тілде іс жүргізудің, сондай-ақ мультимедмалық жəне
қашықтан оқытудың компьютерлік бағдарламаларын жасауды ұйымдастыру;
2.8. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын анықтауға бағытталған
сараптамалар, мониторингтер өткізу; əлеуметтік-лингвистикалық зерттеулер
жүргізу шараларын ұйымдастыру.