12- елі ішектің жара ауруы негізінен жастық және орта жаста пайда болады. Ауру көбінесе ер адамдарда кездеседі. 12- елі ішектің жара ауруында негізгі симптом эпигастрий тұсындағы ауырсыну. Бұндағы ауырсыну симптомы жыл мезгіліне және күн мерзіміне байланысты. Әсіресе тамақ қабылдағаннан кейін 1,5-3 сағаттан соң пайда болады. Басты белгілерінің бірі түнгі аштық ауырсыну.
Қыжылдау ол да басты симптомдардың бірі. Күйдіру сезіміне алмасуы мүмкін. Құсу ауырсынудың шыңында пайда болады, науқасқа жеңілдік әкеледі. Құсық массасы қышқыл дәмді болады. Асқазан гиперсекрециясында құсық тағам қалдықтарынсыз болады, ал тағам қалдықтары болса асқазанның эвакуаторлық қабілетінің төмендегенін көрсетеді. Науқастардың тағам қабылдауы қалыпты, кейде жоғарлауы мүмкін. Арықтау сирек болады. Ол асқынуларда көрініс береді. Тілі ақ жабындымен жабылған. Пальпацияда іштің ауырсынуы және іш бұлшықеттерінің қатаюы. Зерттеу диагностикасы