Патогенезі. Жағымсыз эмоциялардың ж. б. стрестік жағдайлардың әсерлерінен организмде асқазан сөлінің шығуы және оның қышқылдығы ұлғайатыны, онда қорғаныстық қызмет атқаратын шырыштың азайатыны көрсетілді. ойық жара ауруының дамуы үшін нәруыздар түзілуінің төмендеуі қажет. Мына жағдайларда:
а) май қышқылдарының тотықтары және глюкокортикоидтық гормондар нәруыздар түзілуін тежейді;
ә) ұзақ гиподинамияның нәтижесінде бұлшық еттердің әлсіреуінен организмде нәруыздар түзілуі азайады.