Кеуде қуысын пальпациялау оның ауыруын, серпімділігін және дауыс дірілін анықтау үшін жүргізіледі. Кеуде қуысының ауыруын анықтау науқасты отырған күйінде немесе жатқан күйінде жүргізіледі
Кеуде қуысын пальпациялау оның ауыруын , серпімділігін және дауыс дірілін анықтау үшін жүргізіледі . Кеуде қуысының ауыруын анықтау науқасты отырған күйінде немесе жатқан күйінде жүргізіледі . Палынашияны қолдың саусақ ұштарымен кеуденің симметриялы бөліктерін басу арқылы атқарады . Осылайша бұғана үстiнiң , бұғана , бұғана астынның аймақтары , төс , қабырғалар және қабырға аралықтары , сосын кеуденің жан - жағы , жауырын үсті , аралығы және асты пальпацияланады . Егер науқас аурудан әлсіреген болса пальтацияны жоғарыда көрсетілген кеуде аймақтарында бір қолмен де пальпациялауға болады . Бұл кезде екінші қолмен науқасты демеп ұстап тұру керек . Ауыратын жер анықталғанда оны нақтылап ұстап көру керек , егер керек болса екі қолмен де ( қабырға сынықтарының сықырын , крепитацияларды және т.б. анықтау үшін ) ; науқас тыныс алғанда және шығарғанда , денесін ауру жағына және сау жағына еңкейткенде ауыру сезімінің күшейуі немесе әлсіреуін анықтау керек . Кеуде бұлшық еттерінің , көкірек және арқа бұлшық еттерінің зақымдануына байланысты пайда болған ауыру сезімін дифференциялдау үшін оларды
[07.09, 19:42] Нурсулу: үлкен және сұқ саусақтар арасына қатпарлап жинап көру керек . Кеуденің серпімділігін оның алдынғы - артқы және жандарынан басып көріп анықтайды ( 2.50а сурет ) . Бір қолдың алақанын төске , ал екінші қолдың алақанын жауырын аралығына орналастырылады . Алақан негізімен күш салы , серіппелі қимылмен ( 1-2 рет ) басады . » Сосын алақандарды кеуде жанының симметриялы бөліктеріне , қабырғаларға параллель орналастырып тағы басып көреді ( 2506 сурет ) . Есіңде сақта : Кеуде қуысының серпімділігі қабырға шеміршектерінің сүйектену дәрежесіне байланысты және оны басқанда кеуде қуысының кедергісін сезу арқылы анықталады . Кеуде қуысы серпімділігінің төмендеу себептері ( ригидтілігінің күшейуі ) өкпе эмфиземасы , өкпе тінінің массивті тығыздануы және плевраның кейбір аурулары , әсіресе экссудативті плеврит . Дауыс дірілін аныктау - науқастар « р » әрпі бар сөздерді ( трактор , және т.б. ) айтқанда төмен жиілікті дыбыс толқындарының кеуде қуысының бетімен таралуына баға беретін әдіс . Екі қолдың саусақ ұштарын кеуденің симметриялық бөліктеріне бұғана үсті және асты аймақтарына ,
[07.09, 19:44] Нурсулу: кеуденің жанжагына , жауырын үсті , аралығы және астына орналастырып пальпациялайды ( 251 сурет ) . Зерттеу нәтижелерін нақтылау үшін сол аймақтарда қолдың бағытын өзгертіп , яғни оң қолды сол қолдың орнына және керісінше орналастырып зерттеуді қайталау керек . Дауыс дірілін анықтау әдісі дауыс байламдары керілгенде пайда болатын тербелісті тіндердің өткізу қабілетіне негізделген . Кеуде қуысының үстіндегі вибрация дауыс байламдарының тербелу сипатына ( амплитудасы , жиілігі және т.б. ) және тіндердің тербелісті дәрігердің қолдарына өткізу қасиетіне байланысты . Дәрігер қолына дауыс тербелісінің жақсы берілуі бронх тармақтарының өткізгіштігіне , өкпе паренхимасының тығыздығына , тербеліс жолындағы тіндерден тұратын кедергілерге немесе тығыздығының Төмндеуіне ( өткізгіш ортаның үзілу феномы , ол кезде тербеліс толқындары әлсірейді ) байланысты . Перкуссия Өкпе перкуссиясы - бұл кеуде қуысына перкуторлы соққы жасап кеуде астындағы ағзалардың тербеліске келтіру , олардың физикалық
[07.09, 19:44] Нурсулу: сипаты ( дыбыс тербелістерінің ұзақтығы , жиілігі , амплитудасы және тембрі ) ағзаның тығыздығына , серпімділігіне және онда ауаның болуына байланысты болады . Өкпе перкуссиясының жалпы ережелері 1. Дәрігер мен науқастың жагдайы зерттеу жүргізуге ыңғайлы болуы керек . 2. Плессиметр - саусақ теріні тығыз басып тұруы керек . 3. Балғашық - саусақ плессиметр – саусаққа перпендикуляр болуы керек . 4. Оң қол сол қолға параллель орналасуы керек ( білезік буындары бір бірінің үстіне орналасады ) . 5. Қысқа уақыт интервалдары аралығында 2 үздікті перкуторлық соққы жасалады . 6. Қол тек білезік буынында қимылдайды . 7. Дәрігердің қолы жылы болуы керек . Өкпенің салыстырмалы және топографиялық перкуссия түрлері бар . Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы
[07.09, 19:49] Нурсулу: кеуденің жанжагына , жауырын үсті , аралығы және астына орналастырып пальпациялайды ( 251 сурет ) . Зерттеу нәтижелерін нақтылау үшін сол аймақтарда қолдың бағытын өзгертіп , яғни оң қолды сол қолдың орнына және керісінше орналастырып зерттеуді қайталау керек . Дауыс дірілін анықтау әдісі дауыс байламдары керілгенде пайда болатын тербелісті тіндердің өткізу қабілетіне негізделген . Кеуде қуысының үстіндегі вибрация дауыс байламдарының тербелу сипатына ( амплитудасы , жиілігі және т.б. ) және тіндердің тербелісті дәрігердің қолдарына өткізу қасиетіне байланысты . Дәрігер қолына дауыс тербелісінің жақсы берілуі бронх тармақтарының өткізгіштігіне , өкпе паренхимасының тығыздығына , тербеліс жолындағы тіндерден тұратын кедергілерге немесе тығыздығының Төмндеуіне ( өткізгіш ортаның үзілу феномы , ол кезде тербеліс толқындары әлсірейді ) байланысты . Перкуссия Өкпе перкуссиясы - бұл кеуде қуысына перкуторлы соққы жасап кеуде астындағы ағзалардың тербеліске келтіру , олардың физикалық
[07.09, 19:50] Нурсулу: Салыстырмалы перкуссияны өкпедегі және плевральді қуыстардағы патологиялық өзгерістерге сипат беру үшін жүргізеді және бронх өкпелік синдромдардың диагностикасы үшін қолданады . Салыстырмалы перкуссияны жүргізу техникасының ерекшеліктері . 1. Кеуде қуысының симметриялық бөліктеріндегі перкуторлық дыбыстардың сипатын салыстырады . 2. Орташа күшпен перкуторлық соққы жүргізіледі немесе айқын дыбысты перкуссия жүргізіледі . Перкуторлық дыбыс тері асты клечаткасының қалыңдығына , мускулатураның дамуына , патологиялық процесстің орналасу тереңдігіне және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін . 3. Перкуссия қабырға аралықтарында жүргізіледі . Өкпенің алдыңғы бетінің салыстырмалы перкуссиясы 2.59 суретте көрсетілген . Бірінші бұғана үстiнiң , сосын оң және сол жағының аймақтарын кезектен перкуссиялайды . Плессиметр - саусақ бұғана үстіне және оған параллель орналасады . Сосын бұғанага перкуторлық соққылар жасалады , бұл кезде бұғананы плессиметр ретінде қолданады . Әрі қарай оң жақтағы және сол жақтағы екінші , үшінші қабырға
[07.09, 19:51] Нурсулу: аралықтары бұғана ортаңғы сызық бойымен перкуссияланады . Сол жақта III қабырға аралығының төменгі жағында жүрек тұйықтығы бар , сондықтан әрі қарай перкуссия тек оң жақтағы кеуде қуысының төменгі бөліктерінде жалғастырылады . Оң жақтағы төртінші және бесінші қабырға аралықтары перкуссияланып , перкуторлық дыбыстарды салыстырады . Өкпенің алдыңғы бетін перкуссиялағандағы дәрігер мен науқастың жағдайы 2.60 суретте көрсетілген . Науқас отыруына немесе түргеп тұруына болады , қолдары денесінің жандарына түсіріледі , бұлшық еттері босаң , бір текті және терең емес тыныс алады . Дәрігер перкуссияны науқастың оң жағында тұрып жүргізеді . Кеуде қуысының жандарын салыстырмалы перкуссиялау әдісі 2.61 суретте көрсетілген . Плессиметр – саусақ қабырғалар бойына параллель орналастырылады . Қолтық асты аймақтарын перкуссиялағанда плессиметр - саусақты шашты бөліктің төменгі шекарасына орналастырып , теріден қыртыс жасап жоғары қарай жылжытқан ыңғайлы . Өкпенің салыстырмалы перкуссиясының кезектілігі 2.63 суретте көрсетілген . Бірінші жауырынның жоғарғы аймақтары
[07.09, 19:52] Нурсулу: перкуссияланады , ол үшін плессиметр – саусақ жауырынның жоғарғы өсіне және жауырынға параллель орналастырылады , перкуторлық соққылар оң және сол жақта кезектеліп жасалады ( а ) . Бұл кезде науқас қолдарын тұлғасының бойына бос қойып тұрады , бұлшық еттері босаңсыған . Сосын жауырын аралық аймақтар перкуссияланады . Плессиметр - саусақ жауырынның шетіне омыртқаларға параллель орналастырылады ( 6 ) . Науқасқа қолдарын кеудесіне айқастырып , алақандарын иықтарына қойуын өтінеміз , сол кезде жауырындар бір - бірінен алшақтап , жауырын аралық кеңістік кеңейеді . Әрі қарай жауырын астының аймақтары перкуссияланады . Плессиметр - саусақ жауырын бұрышынан төмен орналасады , оң және сол жақтарын кезектестіріп перкуссияланады ( В. Бұл кезде науқастың қолдары тұлғасының бойында бос жатуы және бұлшық еттері босаң болуы керек . Өкпенің артқы бетін перкуссиялагандағы дәрігер мен науқастың жағдайы 2.64 суретте көрсетілген Өкпенің топографиялык перкуссиясы
[07.09, 19:53] Нурсулу: Өкпенің топографиялық перкуссиясы Топографиялық перкуссияны өкпенің жоғарғы және төменгі шекараларын анықтау үшін және өкпенің төменгі қырының қозғалғыштығын анықтау үшін қолданады . Өкпе ұштарының биік тұруын анықтау өктенің жоғарғы шекарасы ) ГІлессиметр – саусақты оң жақтағы бұғана үстiнiң ойықтарына , буганаға параллель орналастырылады . Перкуссия бүғана ортасынан жоғарыға және медиальді , емізікшелі өсіндіге қарай плессиметр - саусақты 0,5-1 см - ден жылжыта отырып жүргізіледі . ( 2.66а сурет ) . Ашық өкпелік перкуторлық дыбыс тұйық дыбысқа ауысқанда саусақтың өкпелік дыбыс жаққа қараған жағынан белгілеу керек және бұғананың жоғарғы қырынан анықталған тұйық дыбысқа дейінгі аралық өлшенеді . Қалыпта бұл арақашықтық 3-4 см болады . Осылайша сол жақтан да өлшеніп , нәтижелер салыстырыланады . Өкпенің жоғарғы ұшының биіктігін өлшегендегі дәрігер ме науқастың жагдайы 2.666 суретте көрсетілген . Есіңде сақта :
[07.09, 19:54] Нурсулу: Өкпенің жоғарығы ұшы биіктігін арткы жақтан өлшегенде плессиметр саусақты жауырын өсінің үстін орналастырады . Перкуссияны VII мойын омыртқа өсіндісінің бағытында , одан 3-4 см сыгрқа қарай орналасқан нүктеге қарай бағыттайды ( 2.67а сурет ) . Ашық өкпелік дыбыстың тұйық дыбысқа өткен нүктесін өкпенің арткы жақтағы жоғарғы шекарасы ретінде белгілейді . Өкпенің артқы жақтағы жоғарғы шекарасы қалыпта VII мойын омыртқа деңгейінде болады . Өкпенің артқы жақтағы жоғарғы шекарасын анықтаудағы дәрігер мен науқастың жағдайы 2.676 суретте көрсетілген , дәрігер науқастың артында тұрады , науқастың қолдары тұлғасының бойында бос және басы сәл алға қарай еңкейтілген . Крениг жазықтығының енін анықтауда ( 2.68а сурет ) плессиметр - саусақты трапеция тәрізді бұлшық еттің жоғарғы қырына , оның ортасына орналастырылады . Бірінші медиальді бағытта , плессиметр - саусақты 0,5-1 см жылжытып дыбыс түйықталғанға дейін перкуссиялайды , сол жерден шекараны белгілейді . Сосын топографиялық перкуссияны алғашқы нүктеден иық буын бағытында қайталап , анықталған шекараны белгілейді . Крениг жазықтығының енін анықтағандағы дәрігер мен науқастың
[07.09, 19:55] Нурсулу: Кренинг жазықтығының енін анықтағандағы дәрігер мен науқастың жағдайы 2.686 суретте көрсетілген . Науқас отыруына немесе түрегеп тұруына болады , дәрігер науқастың артында тұрады . Крениг жазықтығының ені қалыпта 5-8 см болады , Өкпенің төменгі шекарасын анықтау оң және сол жақтағы топографиялық сызықтар бойымен жүргізіледі , сол жақтан парастернальді және бұғана ортаңғы сызықтар бойымен анықталмайды , себебі ол жерде жүрек тұйықтығы орналасқан . Оң жақтан парастернальді және бұғана ортаңғы сызықтар бойымен өкпенің төменгі шекарасын анықтау техникасы 2.69 суретте көрсетілген . Дәрігер науқастың оң жағында және сәл алға қарай тұрады . Плессиметр - саусақ горизонтальді орналасып іш қабырға деңгейінен бастап перкуторлық дыбыс тұйықталғанға дейін перкуссияланады . Науқас отыруына немесе түрегеп тұруына болады , қолдары тұлғасының бойында бос тұрады ( 2.69в сурет ) . Сосын дәрігер науқастан қолдарын басның артына көтеріп тұруын өтініп , кезекпен қолтық астының алдыңғы , ортаңғы және артқы сызықтарымен перкуссиялайды ( 270 а , б , в сурет ) , анықталған
[07.09, 19:55] Нурсулу: шекараларды белгілеп отыру керек . Әрі қарай науқастан қолдарын тұлғасының бойына түсіруін өтініп жауырындық және паравертебральді сызықтар бойымен перкуссиялайды ( 271а , б сурет ) . Өкпенің анықталған төменгі шекараларын сәйкес қабырғалар , қабырға аралықтар және омыртқа өсінділерінің түстарында белгілеп , жоғарыда келтірілген кеуде қуысының анатомиялық бағдарларын қолданады . Топографиялық перкуссияның соңында өкпенің төменгі қырының экскурсиясын анықтайды . Керек кезінде оны барлық топографиялық сызықтар бойында анықтайды , бірақ ол жиі тек қолтық артқы сызық бойымен анықталады , себебі сол жерде өкпе экскурсиясы кең болады . Өкпенің төменгі қырының тыныстық экскурсиясын анықтау үш кезеңнен тұрады ( 272 сурет ) : 1. жәй тыныс алғанда анықтау ( плессиметр - саусақтың өкпелік дыбыс шыққан жаққа қараған жері белгіленеді ) ; 2. терең тыныс алып тынысты кідірткен жағдайда ( плессиметр - саусақтың өкпелік дыбыс шыққан жаққа қараған беті белгіленеді ) ;
[07.09, 19:56] Нурсулу: 3. макисмальді тыныс шығарып тынысты кіірткенде перкуссиялау ( плессиметр – саусақтың тұйық дыбыс шыққан жаққа қараған беті белгіленеді ) . Өкпенің төменгі қырының қозғалғыштығы қалыпта 6-8 см болады . Аускультация Өкпе аускультациясы — кеуде қуысында өкпенің қалыпты немесе патологиялық жұмысының нәтижесінде пайда болатын дыбыстарды акустикалық тыңдау . Аускультациялау барысында негізгі тыныстық шуларды , қосымша шуларды және бронхографияға сипат беру керек . Өкпені аускультациялаудың негізгі ережелері : 1. Аускультация жүргізіліп жатқан бөлме тыныш және жылы болуы керек . 2. науқас мүмкіндігінше вертикальді жағдайда болуы керек ( егер науқастың жағдайы келсе , беліне дейін жалаңаштануы керек ) 3. Стетоскопты тығыз және герметикалық кеудеге тақау керек . 4. Әр аускультациялық нүктеде 2-3 тыныстық цикл тыңдалады .
[07.09, 19:57] Нурсулу: Есіңде сақта : Төмен жиілікті дыбыстар мембранасы жоқ , түтігі кең стетоскопты пайдаланғанда және стетоскопты теріге әлсіз басқанда жақсы естіледі . Жоғары жиілікті дыбыстар мембранасы бар фонендоскоппен , оны теріге қаттырақ басып тыңдағанда немесе жіңішке түтікті стетоскоппен жақсы естіледі . Өкпені алдыңғы жағынан , жандарынан және артқы жағынан аускультациялау кезектері 2.74-276 суретерде көрсетілген . Тыңдаған кезде фонендоскоп кеуде қуысының симметриялы аймақтарының оң және сол жақтарына кезектестіріп қойылады , ол жерлер салыстырмалы перкуссия аймақтарына сәйкес келеді . Кеуденің жандарын аускультациялағанда науқас қолдарын бастың артына қарай көтеру керектігін есте сақтау керек . Артқы жақтан аускультациялағанда науқас басын алға қарай еңкейтіп , қолдарын кеудесіне айқастыра ұстап тұруы керек . фонендоскоп кеудеде суретте көрсетілгендей ретте жылжытылады