Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, науқастың тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу
Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллоншаны, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа дәрігерді шақырыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.
Дәрігер келгенге дейін науқасты қырына жатқызыңыз.Егер де бұл мүмкін болмаса, онда оның қалпын өзгертіңіз (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.
Жастықты алыңыз. Алмалы-салмалы тіс протездерін алып тастаңыз (егер де олар болса).
Науқастың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокты қойыңыз.
Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорыңыз. Егер де науқас өздігінен ауызын сумен шайқай алмаса, онда ауыз және мұрын қуыстарына күтімді жүргізіңіз.
Құсықты қарап, дәрігер нұсқауы бойынша лабораторияға зерттеуге жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.