Науқасты дайындау және асқазанға фракциялық
әдіспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу
Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі затты алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.
Асқынулар: асқазаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, таза бүйрек тәрізді лотокті, асқазан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісін немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісін, лабораторияға жолдама жазыңыз, онда науқастың аты-жөні, бөлімшесі, палатасы, зерттеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі.
Іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.
Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.
Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.
Сүңгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі).
Залалсыздандырылған сүңгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
Залалсыздандырылған сүңгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.
Науқастан аузын ашуын сұраңыз, суландырылған сүңгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып, сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.
Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын, жұтыну қозғалысын жасап,сүңгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз(егер де науқас жөтелсе онда тез арада сүңгіні шығарып алыңыз!).
Науқасқа ескертіңіз, сүңгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейінжұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.
Сүңгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.
Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену).
Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№2, №3, №4, №5 үлестік – «өзекті» сөлдену).
Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1%0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастринерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.
10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№6 үлес).
Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№7 үлес).
Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып,асқазан сөлін алыңыз (№8, №9, №10, №11 – үлестері «ынталандыру» сөлдену).
Салфетканың көмегімен асқазаннан сүңгіні шығарып алыңыз,науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткаменсүртіңіз.
Қолданылған сүңгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюғаарналған контейнерге салыңыз.
Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге жәнеқоздырғышын көрсетіп лабораторияға жіберіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |