Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетуде алғашқы көмек көрсету.
Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетуге порталді жүйеде қысымның көтерілуінен болатын (порталді гипертензия) өңеш веналарының жарылуы себеп болады.
Керекті құрал-жабдықтар: резиналы қолғаптар, су, мұзды мұйық, Блэкмор зонды, Жане шприцы, май.
Дәрі-дәрмектер: 10% кальций хлориді, 1% викасол ерітіндісі, 12,5% дицинон ерітіндісі, 5% аминокапрон қышқыл ерітіндісі.
Іс-әрекеттердің тәртібі:
1. резиналы қолғап кигіземіз;
2. науқасты горизонталді етіп жатқызамыз;
3. науқасты тыныштандырамыз, толық физикалық және психикалық тыныштық
қолданамыз;
4. мұзды мұйық дайындаймыз;
5. мұзды мұйықты эпигастрий аймағына 15 минутке қоямыз;
6. науқасқа құсу кезінде көмек көрсетеміз;
7. науқасқа су ішуге, тамақ, дәрілерді қабылдауға тиым саламыз;
8. дәрігер шақырып оның көмегімен Блэкмор зондын енгіземіз;
9. антикоагулянттар: 12,5%-4мл дицинон, 5%-100мл аминокапрон қышқылы
ерітіндісін к/т енгіземіз, керек жағдайда кордиамин 2мл б/е саламыз;
10. Блэкмор зондындағы екі манжеткасына ауа жіберіп бүтіндігін тексереміз;
11. зондты майлап, мұрын арқылы жаймен енгіземіз, асқазанға түскен соң, дистальды манжеткасына ауа жіберіп (60мл) тірелгенше өзімізге тартамыз; (1-сурет:А)
12. тірелген соң проксималды манжеткасына ауа жіберіп (100-140мл)қысып қоямыз; (2-сурет:Б)
13. салқын сумен асқазанды шаю;
11. жартылай отырған күйде ауруханаға тасымалдаймыз;
12. резиналы қолғаптарды шешіп дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдысқа
тастаймыз;
1-сурет.
2-сурет: Блэкмор зонд.
Достарыңызбен бөлісу: |