Асептика және антисептика



Дата22.05.2020
өлшемі15,51 Kb.
#70567
Байланысты:
асептика антисепти
СИЛЛАБУС 2019, СИЛЛАБУС 2019, асептика антисепти

Асептика және антисептика


Асептика дегеніміз пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеудің алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар мен оның спораларын жою арқылы жүзеге асады.

Антисептика дегеніміз жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс шаралар жиынтығы. Антисептиканың екі түрі бар: алдын алу және емдік антисептика.

Алдын алу антисептикасы микроорганизмдерді жараға немесе ағзаға түсірмеу мақсатында жүргізіледі (медициналық қызметкерлердің емдік шара алдында қолын антисептикалық ерітіндімен тазалауы, ине егетін орынды антисептикалық ерітіндімен сүртуі т.б.).

Емдік антисептиканың мынандай тәсілдері бар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және аралас.

Механикалық антисептика: жарадағы өлі және езілген ұлпаларды, ұйыған қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу және тазалау жатады.

Физикалық антисептика: жарада микробтардың өмір сүруі үшін жағымсыз жағдай туғызу, яғни жараны кварцтау, ультркүлгін сәулелермен емдеу, жараға түтік кою, турундаларды гипертониялық ерітіндіге малып қолдана отырып жарадағы іріңді, басқа да сұйықтықты сыртқа шығару.

Химиялық антисептика: микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дәрілік заттарды антисептиктер (этил спирті, хлоргексидин биглюконат, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі, лизоформин, эросан т.б.) деп атайды.

Биологиялық антисептика: антибиотиктерді, сарысуларды, вакциналарды қолдану.

Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін бір мезетте қолдану.

Қан арқылы берілетін инфекциялардың жұқтыру қауіпі:

ЕПҰ-да 20-дан астам патогендерді микробтарды жұқтыру мүмкін.



  • Зарарланған инемен жарақаттардың жұғу мүмкіндігі:

-Гепатит В : 5-30%

-гепатит С : 3-10%

-ЖҚТБ : 0,2-0,3%

Нұсқалары


  • пациент → пациент

Кейбір медициналық апатты жағдайларда ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпі:

  • қанмен ластанған құрал-саймандармен жарақаттану;

  • қанның шырышты қабықтарға түсуі;

  • қанның теріге түсуі;

Дүниежүзі бойынша ЖҚТБ-ны кәсіби жұқтыру 350-ге жақын медициналық қызметкерлерде анықталған. Олардың ішінде 106-ы дәлелденген, 238 жағдайда ЖҚТБ жұқтыру себебі болып кәсіби қатынас деп болжанып отыр.

Вирусты гепатит В, С жөнінде бірнеше он мыңдаған жағдайлар анықталған. Медицина қызметкерлерде В және С вирусты гепатиттерінің серологиялық маркерлерінің таралуы жалпы халық арасында таралудан 3 есе жиі байқалады



346 ТОП ЕРНАЗАР ЭЛЬДАР

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет