22
3) 9-январь оқиғасы, патша кезінде жұмысшы қара шаруалар-
дың күйі, осы айтылғандар жайында балаларды түсінік беру үшін
мына жұмыстарды орындау керек: Ленин музейін ашу, Лениннің
өмірін, енбегін толық суреттейтін балаларға түсінікті плакат, су-
реттер, ұрандар әзірлеу, бұлармен танысу, оларды іліп, бөлмелерді
әдемілеу;
4) Ленинге
арнап қабырға газет шығару;
5) Ленин туралы әдемі қызықты әңгімелер, өлең сөздерді теріп
кітап көрмесін жасау, көрме жасай алмаған күнде балаларды
ұйымдастырып табылған кітаптарды үй-үйлеріне беріп,
әке-ше-
шелеріне оқыту;
6) Ленин музейінеплакат, орындар жапсыру;
7) Ленин өсиетін орындау ретінде мектеп балаларына жұмыс
белгілету (сауатсыздық жою, панасыз балаларға жәрдем)
8) Ленинді ескерту кешін жасап, қысқа
баяндама жасау, Ленин
туралы өлеңдер айту, қосылып ән салу,
9) Бөлім-бөлімде (сабақ ретінде)
Ленин туралы кітаптан
әңгімелерді оқытып жазғызу,
10) Ленин көшесіне балалардың туған-туысқандарын тарту.
11) Капиталшы мемлекеттердегі кедей,
жалшы-жұмысшы
балалары тұрмысынан баяндама жасау, соның ішінде мупир
ұйымының маңызы, ұйымның капиталшы
мемлекеттерде тұт-
қындағы төңкеріс басшыларына жәрдем айтылу керек.
Басқа мейрамдарға қуаныш, ойын, күлкі араласу керек. Онда
бұларға қосымша:
1) Сауық кеші құрастыру (сауық, ән үйірмесі арқылы)
2) Домбыраға қосылып ән айту,
3) Күлкі сауық сөздер,
4) Сурет үйірмесі
арқылы диаграмм суреттер, плакаттар са-
лып, іліп қою.
5) Балаларға тамақ,
сый беру,
6) Мектеп үйін әдемілеу,
7) Дене үйірмесі дайындалып, ойындар көрсету.
Осы жұ-
мыстарды орындап шығуда, балаларды ұйымдастыру ретінде: су-
ретшілер, әншілер, саяси үйірме, газет үйірмелеріне көп жұмыс
табылып отыр. Және де қоғамға пайдалы еңбек түрлері бар (пана-
сыз балаларға көз қырын салу, сауатсыздық жою, әке-шешелеріне
кітап оқу, Ленин көшесіне туған-туысқандарын шақыру және му-
пир жайынан ұғыныс әкеледі).
Жаңа мектеп. 1929 ж. №1. 10-16 бб.