Қазақстан тарихын оқытудың Әдіс-тәсілдері с. А. Нусупбаева., М. Н. Ибрагимова



бет1/4
Дата25.01.2017
өлшемі305,72 Kb.
#8021
  1   2   3   4
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

С.А.Нусупбаева., М.Н.Ибрагимова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы 2001 жылдан оралман тыңдаушыларын кешенді тестке дайындап келеді. Жыл өткен сайын Қытайдан, Өзбекстан, Моңғолиядан т.б мемлекеттерден келген тыңдаушыларымыз өз елдерінде қазақ мектептерінің көптеп жабылуынан тіл жағынан ақсап келеді. Ал Қазақстанда кешенді тест тапсыратындардың барлығына талап бірдей. Қазақ оралман тыңдаушылар жергілікті балалармен бірдей кешенді тест тапсырады. Біздің факультет 9 ай көлемінде шетелден келген қазақ диаспораларын төрт пән бойынша дайындайды. Тыңдаушылардың қиналатын пәндері негізінен қазақ тілі мен Қазақстан тарихы. Бұл басқа пәндерден тыңдаушылардың жағдай жақсы дегенді білдірмейді. Мысалы, физика, химия пәндерінен атаулар қытай тіліне аударылып кеткен. Сондықтан тыңдаушыларымыз жергілікті атауларды түсінбей қиналады. Қазақстанға жаңадан аяқ басқан тыңдаушыларымыз дәріс тыңдауды бастаумен қатар жаңа ортаға бейімделуге бір ай, бір жарым ай көлемінде уақыт жібереді. Қалған уақыттарда біз өз пәндерімізден жеделдете барлық тақырыптарды өтуге, меңгертуге тырысамыз.

Қазақстан тарихын қазақ тілінде әрең сөйлейтін тыңдаушыларға түсіндіру өте қиын. Сондықтан слайд арқылы тыңдаушылардың көз алдарына бүкіл сабақты келтіреміз. Слайдта сабақ қысқаша лекция түрінде беріліп, тірек сызбалар, карта мен сол ғасырлардағы суреттер қосымша көрсетіледі. Бұл тыңдаушылардың қатесіз жазуына, көзбен, суреттер арқылы есте сақтауына мүмкіншілік береді. Енді жаңа сабаққа тоқталатын болсақ:



Сабақтың тақырыбы: «Түрік қағанаты»

Сабақтың мақсаты:

1.Оралман тыңдаушыларға қазіргі қазақ жерінде құрылған феодалдық алғашқы мемлекет «Түрік қағанаты» туралы түсінік қалыптастырып, жүйелі білім беру.

2.Жерімізге жаңадан аяқ басқан шетелдегі қандастарымызды еліміздің тарихымен таныстырып, патриоттық сезімдерін ояту.

3. Қазақстан тарихынан алған білімдерін дамыту, тарихи оқиғаларды жүйелеп, жіктеп айтуға, тарихи оқиғаларды ажырата білуге, қорытындылауға үйрету.



Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Проектор қолдану арқылы слайдтармен баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: карта, кесте, тірек-сызба, тақырыпқа қатысты суреттер



Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру. Тыңдаушылармен амандасу, түгендеу, тыңдаушыларды дәрісханаға

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын ауызша, тест, сұрақ-жауап түрінде сұрап, тыңдаушалардың үй тапсырмасын қаншылықты меңгергенін тексереміз. Айтылмай қалған жерлерін толықтырып, түсінбеген сұрақтарын қосымша қысқаша түрде қайталап өтеміз.

Үй тапсырмасын сұрауды аяқтағаннан кейін жаңа тақырып «Түрік қағанатын» бастаймыз. Сабақтың жоспары слайд түрінде тақтаға көрсетіледі.

Сабақ жоспары:

Жаңа сабақта қарастырылатын сұрақтар

І. Түрік қағанатының құрылуы мен этникалық құрамы

ІІ. Тәуелсіздік үшін күресі және саяси жағдайы

ІІІ. Шаруашылығы мен мәдениеті

ІV. Түрік қағанатының ыдырауы



Сабағымыздың бірінші сұрағына тоқталатын болсақ:

  1. Алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған Түрік қағанатының жер аумағы шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізге дейін созылып жатты. Қағанат оңтүстік –шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында Иран елімен шектесті. Түрік қағанаты жерімізде ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттің бірі. Түрік этнонимі алғаш рет қытай  жылнамаларында 542 жылы аталады. Қытай жылнамалары  түркілерді ғұндардың  ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түркі деген сөз түркі тілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейінгі кездерде түркі деген атау саяси мәнге ие болды. 552 жылы түріктер мемлекеттік дәрежеге жетті.

  2. (Слайдтан қазіргі Қазақстанның картасы көрсетіліп, екіншісінде Түрік қағанатының алып жатқан аймағы көрсетіледі.)

Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтардан тұрды. Олардың ішінде басым көпшілігі теле тайпалары құрады. Теле тайпасының құрамына отыздан аса теле тайпалары енген.

  1. тірек сызба)

AutoShape 1151

AutoShape 1152AutoShape 1153

AutoShape 1154

ІІ. Түріктер – ежелден Алтайды мекендеген жұрт. Ежелгі ғұндардың ашина тайпасынан құрылып, «түріктер» деген атауға ие болған. Ашина тайпасы жужандардың қол астында болған.(1.42) Ү ғасырда Солтүстік Моңғолияда көшпелі өмір салтын ұстанған жужан қағандығы (402-552) құрылды. 150 жылдай өмір сүрген. (1.41).



(2-тірек сызба)

(3-тірек сызба)


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет