Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі.
КММ «М.Әуезов атындағы орта мектеп»
Тақырыбы: «Ауызша көбейту, бөлуді қайталау»
3-сынып
Зайсан қаласы.2014-2015 оқу жылы
Сынып жетекшісі:Изетова Арай Мұратқызы
Сабақ тақырыбы:Ауызша көбейту мен бөлуді қайталау.
Сабақ мақсаты:
Білімділік:Ауызша көбейту мен бөлуді қайталау, есептеу.
Дамытушылық:Шапшаң ойлау дағдыларын арттырып, білім, іскерлік , дағдыны бекіту.
Тәрбиелік: Эстетикалық, ұлттық тәрбие беру.
Сабақ түрі: «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік»атты сайыс сабақ.
Сабақ типі:Білім, іскерлік, дағдыны бекіту.
І. Ұйымдастыру.
-Топқа бөлу.
-Сәттілік тілеу:Бүгінгі күн достар,
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алар бағамыз.
Кілең бестік болсын.
-Сабақ тақырыбымен таныстыру.Сабағымыз қайталау сабағы болғандықтан
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» атты сайыс түрінде өтеді.
-Сабақ мақсатын қою.
ІІ. Қызыығушылығын ояту.
-Ой сергек тапсырмасы.
1-ші топқа үшбұрыш, 2-ші топқа шаршы, 3-ші топқа тік төртбұрыш беріледі.
Әр топ фигуралар қасиетімен таныстырып, осы фигуралардан құрастырылған суретпен толықтырып, құнды пікірлерін айтады.
-Миға шабуыл:Әр топ слайдтан берілген сұрақтарды оқи отырып, жауап қайтарады.
І-топ сұрақтары:
1.1 кітап 120 теңге тұрса, 4 кітап неше теңге тұрады?
2.1сағат 25 минут=......минут
3. 8-дің квадраты қанша?
4.Көбейтудің қасиеттерін ата.
ІІ-топ сұрақтары:
1.1 тәуліктің 4 тен бірі қанша?
2.Қабырғасы 9 см болатын шаршының ауданын тап.
3.2центнер 16кг =....кг
4.85 ті 100 есе арттырғанда шығатын сан?
ІІІ-топ сұрақтары:
|Елбасымыздың соңғы жолдауы қашан шықты?
4метр 6см=.....см
3-тің кубы қанша?
1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?
ІІ.Мағынаны ашу.1.Бәйге деген сайыс бар,
Еш сайысқа тең келмес.
Ой жүйрігін растаймыз,
Сайысты бәйгеден бастаймыз
- №1 Оқулықтың 68 –ші беті. «Кім шапшаң»тапсырмасы.Қөбейту мен бөлудің мәнін табу.
Тапсырманың дұрыс жауабымен «Жарайсыңдар» сөзін шығару.
1Ж 3Р 6С 9Д
2 А 4А 7Ы 10А
5Й 8Ң 11Р!
-«Қарама-қарсы шабуыл» тапсырмасы.(әр топ қарама-қарсы екі топқа сұрақ қояды)
2. «Көкпар»сайысы.Ата салттан шет қалма,
аттан қане көкпарға ,-деп сайыс жалғасады.
- №2,3, оқулықтың 68-ші беті. «Шешімін тап»тапсырмасы.Мәселе есеп шешу.
-Сергіту сәті. «Қара жорға»биі.
3.Келесі сайысымыз « Аударыспақ»
-№4, оқулықтың 68-ші беті. «Жекпе-жек»тапсырмасы.Амалдарды орындау.
Топ оқушылары өз беттерімен амалдарды орындайды.
4.Келесі сайысымыз « Теңге ілу»Бұл сайыста оқушылар логикалық «Ойлан тап» тапсырмасын дарынды оқушылармен бірлесе отырып орындайды.
1-ші топқа 1 2 3 4 = 60 1 2 3 4 5 = 80
2-ші топқа х 2:1 3:6=7
3-ші топқа хх х = хх
Ххх х = ххх
ІV.Қорытындылау.
5.Сабақты қорытындылау мақсатымен «Жорға» сайысы өтеді.
-№7, оқулықтың 69-шы беті. «Тапқырлар» тапсырмасы танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында орындалады.
14 х 7 24х 7 34 х 7
44 х 7 54 х 7 64 х7
74 х 7 84 х 7 94 х 7
-Тест тапсырмасы
-Математика сөзжұмбағын шешу.
-Тарихи деректер жылдары :
Қазақ хандығының 550жылдығына,
Ассамблеяның және Ата заңымыздың 20 жылдығына,
Ұлы жеңістсң 70 жылдығына тоқталу.
-Сайыс қорытындысын шығару, бағалау, марапаттау.
-Үй тапсырмасы №5,6
-Ән : «Көк тудың желбірегені»
Достарыңызбен бөлісу: |