«Елтану және саяси география негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырып Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы.Елдердің экономикалық -географиялық жағдайы.
Дүниежүзілік шаруашылықтың салалары: ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп
Оқу мақсаттары 7.6.1.1 Қазақстандық компонентті қосымша қамти отырып, елдерді географиялық орнына байланысты топтастырады
7.6.1.5 Қазақстандық компонентті қамту негізінде елдердің географиялық, экономикалық-географиялық жағдайына баға береді
Бағалау критерийіБілім алушы • Елдердің географиялық,экономикалық-географиялық жағдайына баға бере отырып, қорытынды жасайды (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
• Елдердің географиялық орнына сипаттама береді (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
Тапсырма. 1.Елдердің экономикалық–географиялық жағдайы дегеніміз - дүниежүзі саяси
картасындағы орны. Экономикалық-географиялық жағдайын анықтау дегеніміз:
дамыған мемлекеттерге жақын орналасуы; көрші елдердің даму жағдайы мен саяси тұрақтылығы, халықаралық көлік жолдарынан алыс-жақындығы т.б.
Экономикалық-географиялық жағдай тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.
ЭГО-ның елдің шаруашылығының дамуы мен орналасуына әсер етуі туралы жалпы қорытынды (ЭГО тиімді жағы, тиімсіз жағы, мысалдар келтіре отырып дәлелдеп, баға беріңіз)