Ақша агрегаттары және оның құрылымы


Ақша жүйесінің элементері



бет11/11
Дата13.12.2021
өлшемі132,62 Kb.
#125443
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ақша агрегаты

Ақша жүйесінің элементері

Толық мақаласы: Ақша жүйесінің элементері

Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.



Әлем елдерінің ақша бірліктерінің атаулары төменгі кестеде берілген.[4]

Тмд және кейбір елдердің ақша бірліктері

Елдің атаулары

Ақша бірлігі

Елдің атаулары

Ақша бірлігі

Қазақстан

1 теңге = 100 тиын

АҚШ

1 доллар = 100 цент

Ресей

1 рубль = 100 копеек

Англия

1 фунт стерлинг = 100 пенса

Украина

1 гривня = 100 копийка

Израйль

1 шекель стерлинг = 100 агора

Беларусь

1 рубль = 100 копеек

Жапония

1 иен = 100 сена

Өзбекстан

1 сум = 100 тийн

Сауд Арабиясы

1 риал = 100 халал

Қырғызстан

1 сом = 100 тыйн

Түркия

1 лир = 100 куруш

Тәжікстан

1 сомони = 100 дирам

Кувейт

1 динар =100 дирхам = 1000 филса

Әзірбайжан

1 манат = 100 гепик

Қытай

1 юань = 10 цзяо = 100 финям

Армения

1 драм =100 люма

Йемен

1 риал = 100 филса

Молдова

1 лей =100 бань

Кипр

1 фунт =100 миллима

Біріккен Араб Әмірлігі

1 динар = 100 филса

Үндістан

1 рупия 100 пайса

Ауғаныстан

1 ауған = 100 пул

Марокко

1 дирхам = 100 сантима

Египет

1 фунт = 100 пиастра

Монголия

1 тугурик =100 мунгу

Австралия

1 австралия доллары = 100 цент

Тайланд

1 бат = 100 сатанга

Ирландия

1 ирландия фунты = 20 шиллинг =240 пенса

Бразилия

1 крузейро = 100 сентаво

Тиынның екінші беті



Жиао зы алғашқы қағаз ақшаның түрі, Сонг әулеті, Қытай

Ақша белгісіне алтын, күміс ақшалар орнына айналымда пайдаланылатын, бірақ құны жоқ банкноттар, қағаз ақшалар, құны толықпаған металл теңгелер, т.б. жатады. Ақша – қағаз ақша және құнды қағаз түрінде шығарылады. Ақша шығару ісін орталық банктер жүргізеді. Әр елде ақша шығару жүйесі сол елдің заңына сәйкес қалыптасады, ол банкнот шығару тәртібін, эмиссия мөлшерін, оны қамтамасыз етудің нормасы мен әдістерін анықтайды. Қазақстанда ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін тек Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы бар.



Өндірісті дамыту мақсатында пайдаланылатын ақшаның яғни қаржының бастапқы түріне ақша капиталы жатады. Ол орта ғасырда сауда және өсімқорлық капиталдар түрінде пайда болды. Өнеркәсіп капиталының ауыспалы айналымның бірінші сатысында ақша капиталы өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалады. Өндіріс процесінде тауар өндіріліп, ол өткізілгеннен кейін өнеркәсіп капиталы тағы да ақша капиталына айналады. Сөйтіп, өндіріс процесінде капиталдың бір түрі оның екінші түріне тұрақты айналып отырады, осының көмегімен қосымша құнның мөлшері де өсіп отырады. Капиталдың ауыспалы айналымы процесінде босаған ақша капиталы қарыз капиталына айналуы мүмкін. Дәлірек айтқанда, ақша — қосымша құн әкелетін ақша түріндегі капитал. Ол өнеркәсіптік капиталдың бір түрі болып табылады. Ақшаны пайдалану процесінде ақшаға табыну — ақша фетишизмі (французша fetіche — сиқыр) пайда болады. Ақша фетишизмі — тауарлы шаруашылықтың табиғатынан туатын обьективтік құбылыс. Алтынның жалпыға бірдей балама рөлін атқаратыны сияқты, ақшаның өз жаратылысында кез келген затқа айырбасталатын сиқырлы қасиеті бар деп есептелінеді. Ақша фетишизмі нарықтық экономика жағдайында, әсіресе, ақша тапшылығы орын алып отырған кезде, өзінің шарықтау шегіне жетеді. Ақшаның кез келген тауар түріне айналу мүмкіндігі ақшалық материалдың — алтынның табиғи қасиеті деп түсіндіріледі. Тауардың барлық түрі ғана емес, адамдар арасындағы қатынас, тіпті моралдық қатынастар да ақшаға сатылады да, оған табыну процесі одан әрі күшейе түседі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет