«Ақша, несие,банктер» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет3/55
Дата10.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАГЫ АНБ
1542728126, 1549168058
Ақша массасы
жеке тұлғаларга, кәсіпорындарға және мемлекетке 
тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және 
төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық 
өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге 
байланысты шараларды жүзсгс асыру үшін әр түрлі көрсеткіштер 
пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды. 


Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша 
массасын 
анықтау 
барысында 
төмендегідей 
ақша 
агрегаттары 
қолданылады: 
М1 агрегаты, ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен 
монеталарды) жөне банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды; 
М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі 
мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады; 
МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі 
жинақ салымдарын құрайды; 
М4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі 
депозиттік сертификаттардан түрады. 
АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен 
Германияда - үш, Англия мен Францияда - екеу, Ресейде - үш ақша 
агрегаттары пайдаланылады. 
Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі 
банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және 
оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар 
мен үй шаруашылығы (жеке түлғалардың) депозиттері жатады. 
Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің 12.01.1995 ж. Директорлар 
кеңесімен №2 хаттамасымен бекітілген "Ақша массасын, ақша базасын 
анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында 
баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне" сәйкес ақша базасы мен ақша 
массасы есептеледі. 
Аталған ережеге сәйкес, 
ақша базасы 
(МВ) -
бұл міндеттемелерге 
жататын резервтік және бастапқы ақшаларды. 
Ол мынадай формулада есептеледі:
 
МВһСІС+RR+DCB, 
мұнда,
СІС - айналыстағы нақты ақшалар; 
RR - міндетті резервтер; 
DCB - екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі қор шоттағы 
қаражаттары. 
СІС = L (Н + С), 
мұнда, Н - айналысқа шығарылған банктік билеттер;
С - айналысқа шығарылған монеталар. 
Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие 
статистикасын жасау және талдауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен 
белгіленуі МЗ - ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай 
ақша агрегаттары жатады: 
• М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша); 
• М1 = М0 + банктік емес занды түлғалар мен халықтың теңгедегі 
аудармалы депозиттері; 
• М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес занды 
тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері; 


• МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес занды тұлғалар мен халықтың 
шетел валютасындағы басқа да депозиттері. 
Мұндағы, 

Аудармалы депозиттер - 
1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз 
атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-
кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен 
қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін 
құрайды. 

Басқа депозиттер - 
негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана 
алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда 
біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын 
талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. 
Басқа депозиттер, сонымен қатар шетел валютасында салынған басқа 
салымдар мен депозиттерді қамтиды. 
Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі 
ақша мулътипликаторы 
(Ам) көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі: 
базасы)
(аакш
МВ
массасы)
(аак
3
М
А
М

Егер, мысалға ақша мультипликаторы 2,0 -ге тең болса, онда ақша 
базасының әрбір теңгесі 2 теңге жасауға қабілеттігін көрсетеді. 2003 жылы 
ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәні, 
өткен жылмен салыстырғанда 3,29 -дан 3,67-ге дейін осіріп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет