«Ақша, несие,банктер» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет6/55
Дата10.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАГЫ АНБ
1542728126, 1549168058
Төлем тапсырмасы 
— 
ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған 
тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарга аудару туралы 
қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.
Төлем тапсырмасымеп есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге 
асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері 
үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына 
төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) 
бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген 
қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша. 
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн 
есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат 
болған жағдайда ғана іске асырылады. 


Төлем талап-тапсырмасы.
Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың 
жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда 
төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған. 
Төлем талап-тапсырмасы - бенефициардың төлеушіге оған қызмет 
көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жүмыстар 
және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу қужаттары 
негізінде төлеу талабы.
Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық 
құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының 
банкі, ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы, банкке 
келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге 
тиіс. Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған 
жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 
30 күн аралығында №1 картотекаға орналастырылуы мүмкін. 
Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы 
үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту 
кұжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге 
тікелей бенефициарға қайтарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет