Ақша реформалары



бет2/3
Дата22.03.2022
өлшемі40,52 Kb.
#136519
1   2   3
Байланысты:
АҚША РЕФОРМАЛАРЫ 1922,1947,1961,1993
Тасибекова Торгын пікір үлгі
1947 жылғы Ақша Реформасы
Ұлы отан соғысы елдің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратып, ұлттық байлықтың 30%-ын жойды. Жалпы материалдық шығындар 1 триллион 240 млрд сомнан астам болды. Соғыс мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынын өзгертті, соғыстың алғашқы екі жылында өндірістен түсетін табыс азайып, ал халықтан түсетін кіріс артты. Халыққа табыс салығынан басқа, әскери салық, баласыздық салығы, аз отбасылық және жалғыз бастылар салығы салынды. Соғыс жылдарында халықтан барлығы 270 млрд сом немесе мемлекеттік кірістің 26,4%-і түсті. Мемлекеттік бюджеттің кемшілігі негізінен ақша эмиссиясымен толтырылды, бұл айналыстағы ақша массасын өсірді. Тұтыну тауарларын өндіру мен оны сауда орындарында түсіру қысқарды. Сондықтан жалпы тауар айналымындағы колхоз базарындағы сауданың үлесі 1940ж 19%тен 1945ж 46 %-ке өсті. Халықты азық- түлікпен қамтамасыз ету үшін оларды бөлудің карточкалық жүйесі енгізіліп, белгілі бір норма бойынша соғысқа дейінгі тұрақты бағамен, ал нормадан артығы нарықтық бағаның көтеріліп, ақшаның көптеген мөлшерінің саудагерлердің қолында шоғырлануы, ақшаның сатып алу мүмкіндігін төмендетті. Аталған кемшіліктерді жою үшін:

  • Біруақытта артық ақшаны айналымнан шығару

  • Мемлекеттік тауар ресурстарының белгілі бір мөлшерін қалыптастыру

  • Бюджеттің негізі- қаржы жүйесін нығайту қажет болды

1947 ж соңғы кезеңінде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі ұлғайып, тауар айналымының өсуіне негіз болды. 1947ж бөлшек сауда айналымы 1945ж салыстырғанда 52%-ға артты. Мұның бәрі ақша реформасын жүргіщуге материалдық және қаржылық мүмкіндік туғызды.
Ақша реформасы 1947ж 16 желтоқсанында басталып:

  1. 1947ж 16 желтоқсанда айналымға 1947ж үлгідегі ақшаға жаңа сом шығарылды

  2. Ескі қолма- қол ақша жаңа үлгідегі ақшаға 10-ның 1-ге арақатынасымен айырбасталды, ал ұсақ тиындар айырбасталмай, бұрынғы көрсетілген құнымен айналымда қалды

  3. Ақшаны айырбастауды Мемлекеттік банк бір апта мерзімде, ал кейбір алыс аудандарда екі аптада өткізді

  4. Қолма-қол ақшаны айырбастаумен бір уақытта жинақ кассалары мен Мемлекеттік банктің шоттарындағы халықтың ақшасын айырбастауға мына жағдайда өтті:

А) 3 мың сомға дейінгі жинақ өзгеріссіз арақатынасымен
Ә) 3 мың сомнан 10 мың сомға дейінгі жинақ: 3 ескі сом 2 жаңа сомға
Б) 10 мың сомнан жоғары жинақ: 2 ескі сом 1 жаңа сомға алмастырылды. Ұсақ ақша салымдарын мұндай жеңілдікпен айырбастау халықтың ақшасын жинақ кассаларында және Мембанкте сақтауына қызығушылығын арттырып және де халықтың алдында несие мекемелерінің беделін көтерді
В) кооператив мекемелері мен колхоздардың есеп айырысу және ағымдағы шоттарындағы ақшаның қалыңдығы 5:4 арақатынасымен айырбасталады. Осылай кооператив мекемелері мен колхоздардың банктік шоттарындағы ақшасын бірсыпыра азайтудың себебі олардың соғыс кезінде өз өнімдерінің біраз бөлігін жоғарыбағамен нарықта сатып қосымша қор жинауы еді.
Г) мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің шоттарындағы ақша қайтадан бағаланбай, тек жаңа ақшамен қайта есептелді.

  1. Бұрынғы шығарылған мемлекеттік облигацияларды конверсиялау (бұрынғы облигациялардың алғашқы жағдайларын: мерзімін, төленетін процент мөлшерін өзгертіп, жаңасына алмастыру). Нәтижесінде бұрынға облигациялар 1948ж 2%-дық облигацияларға 3 ескі 1 жаңаға арақатынасымен айырбасталды. Ал 1938ж облигациялар 5 ескі 1 жаңаға айырбасталды. Ақша реформасының нәтижесінде халық жалақысын және басқа да табыстарын бұрынғы мөлшерде тек жаңа ақшамен алды, халықты карточкамен жабдықтау жүйесі жойылды, мемлекеттік бөлшек сауда ашық, шектелмей, бұрынғы екі бағаның төменгі карточкалық және жоғары коммерциялық бағаның орнына біртектес бағамен жүргізілді, нанның және кейбір азық- түліктің бағасы карточкалық бағамен салыстырғанды 10-12% арзандатылды. Колхаз базарындағы азық бағасы төмендеді. Бағаның төмендеуі нәтижесінде халық жылына 86 млрд сом үнемдеді. 1948ж І тоқсанында 1947ж дәл сол уақытымен салыстырғанда жаңа ақшаның сатып ал күші 41% өсті. Жүргізілген маңызды шаралардың қорытындысында Ұлы Отан соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтірудің бірінші бесжылдық жоспары артығымен орындалып, ақша реформасынан кейінгі жылдарды көптеген тауарлар бағасын қайыра төмендетуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1950ж 1947ж ІҮ тоқсанымен салыстырғанда тауарлар бағасының деңгейі 57%-ға төмендеп, халық 400 млрд сом табыс алды.

Жаңа сомның сатып алу мүмкіндігі көтеріліп, керісінше, инфляцияның салдарынан шетелдік валюталардың құнының төмендеуі кеңестік рубльдің алтын негізін көтеруге мүмкіндік берді. Рубльдің жаңа бағамы: 4 рулбь 1 АҚШ долларына теңгерілді.
Ақша реформасы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан бірсыпыра елдерде де өткізілді. Бірақ дүниежүзінде соғыстан кейін алтын құрамы көтерілген бірден- бір валюта тек рубль болды. Рубль халықаралық есеп айырысуда қолданылып, достас мемлекеттер арасында тауарлар рубльмен бағаланып, несиелер рубльмен берілді. 
1961 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы
Ұлы Отан соғысынан кейінгі халық шаруашылығын өркендетудің бесжылдық жоспарларын артығымен орындаудың нәтижесінде қоғамдық өндірістің көлемі, елдің ақша айналымы, мемлекеттік бюджет, ұлттық табыс және т.б. аса зор көрсеткіштерге жетіп, 60-жылдардың бас кезінде олар жүздеген миллиард және триллион соммен есептелді. Мұндай үлкен сомамен есп жүргізу қаржы- банк және шаруашылық мекемелерінің жұмысын күрделендірді. Аса ірі көлемдегі құн көрсеткіштерін есептеуге қолданып жүрген баға масштабы өте ұсақ болды. 
Есеп жұмысын жеңілдету мақсатында КСРО үкіметі 1961ж 1 қаңтарынан баға масштабын 10 есе ірілендіру, сомның алтын құрамын өсіру және айналымдағы ақша үлгісіне өзгерту туралы шешім қабылдады.
Баға масштабын өзгерту шамалары мына тәртіппен жүргізілді:

  • 1961ж 1 қаңтарынан айналысқа жаңа үлгідегі 1,3,5,10,25,50,100 сом мемлекеттік банктің билеттері (банкноталар) және 1,2,3,5,10,15,20,50 тиын майда монеталар шығарылды

  • Ескі үлгідегі ақша белгілері мен майда тиындар жаңа үлгідегі ақшаға 10 сом ескі ақша 1 сом жаңа ақшаға арақатынасымен айырбасталды

  • Ақша айырбастау процесі үш ай мерзімде жүрді, сондықтан 1961ж І тоқсанында айналымда ескі және жаңа ақшалар бірдей жүріп, ақша операциялары бекітілген арақатынаспен жүргізілді

  • Сол арақатынаспен тауарлар мен қызметтердің бағасы, халықтың еңбекақысы және басқа табыстары, сондай- ақ халықпен, кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы есеп айырысу осы ірілендірілген баға масштабымен қа йта есептеледі

Баға масштабын ірілендіру нәтижесінде ақшаның сатып алу мүмкіншілігі 10 есе ұлғайып, халықтың табысы сонша есе азайды. Тек ақша есебі жеңілдетілді. Тауар бағалары мен тарифтердің 10 есе кемуі майда тиындарды кең мөлшерде пайдаланып, сауда жүйесіне автоматтарды кең көлемде енгізуге мүмкіндік туғызып, айналым және есептеу шығындарын азайтты. Жаңа ақшаның форматы кіші болғандықтан, оларды алып жүру де ыңғайлы болды.
Баға масштабын ірілендірумен қатар ақшаның алтын құрамын және оның шетел валютасына қарағанда курсын арттыру жүргізілді. 1961ж 1 қаңтарынан рубльдің жаңа алтын құрамы бұрынғы 0,222168 г орнына 0,987412 г алтынға теңгерілді. Бұл 1913ж оның алтын құрамынан 27,5%-кке жоғары. Әлемдегі соғыстан кейін екінші рет алтын құрамы жоғарылаған жалғыз валюта осы рубль еді. Осыған сәйкес оның шетел валюталарына қарағандағы бағамы өзгерді: 1 АҚШ доллары 0,9 сомға тең, 1 фунт стерлинг 2 сом 52 тиынға тең болды.
Сөйтіп, рубльдің жаңа алтын құрамы рубльмен көрсетілген алтынның ресми әлемдік бағасымен теңестіріліп, сыртқы сауда мен мемлекеттік бюджеттің арасындағы күрделі қайта есеп айырысу қажеттілігін жойды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет