Жай вексельді (соловексель) қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі (тратта) кредитор — вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға қарыз алушы (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы төлем уақыты келгенде (ремитентке) төлеу жөніндегі бұйрығы. Трассат төлеуге келісімін көрсететін оның қолын койған түріндегі акцептен соң ғана тратта бойынша борышқор болып саналады. Вексель бойынша төлем авальмен (векселъдік тапсырма) қамтамасыз етілуі мүмкін, онда вексельдің бетінде және аллонжда (косымша бетте) аваль ретінде саналсын деген жазу болады.
Сонымен вексель — несие және ақшалай есеп айырысу құралы болып табылады. Вексель айналасында бірнеше тұлға катысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы ретінде беріледі.
Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Ол XVIIғасырдың соңында пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны банкте сақтай алады. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшеген соң банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат береді. Бұл пайдалануға өте ыңғайлы болып келеді. Ол алтынмен пара-пар болды, себебі кез келген уақытта сақталып жатқан металға айырбасталады.