Ақшаның жалпыға бірдей


Дүниежүзілік ақша қызметі



бет14/17
Дата07.02.2022
өлшемі77,33 Kb.
#92345
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ақша және ақшалай міндеттеме

Дүниежүзілік ақша қызметі
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар кызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу кұралы ретінде қызмет етеді.
Бұл кызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.
Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: “Ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы кымбат бағалы металл формасын киеді , яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді”.
Бірақ алтын айналасы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 жылы халықаралық есеп айырысулардың 80 %-зы ағылшын фунтстерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана кызмет етті. 1976 жылы ақшаның алтын тепе-теңдігі жойылғаннан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келді. Бірақ та, ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың заңды және жеке тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына кызмет көрсетіп жүр. Мысалы, басқа елдің шаруашылықтарымен жеке тұлғалармен алып-сату, ол үшін өзара есеп ажырасу, несие алу, оны қайтару деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты, қазіргі ақша дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікір, онша дұрыс емес. Ақша бұрынғыша өзінің дүниежүзілік ақша атқарымын орындап келеді. Рас, кез келген ұлттық ақша емес, тек еркін айырбасталымды ақшалар (валюталар). Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін айырбасталынатын ақшаға (доллар, евро, иена сияқты) ауыстырады да, содан соң оның өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды деген түсінікпен келісуге болмайды. Орындайды, тек тежеулі көлемде.
Бреттон-Вудстағы {1944 жылы) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР — арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ — еурапалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 жылдың қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі » евро» айналымға шықты.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік акшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктердің өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет