Ақшаның жалпыға бірдей


Ақша төлем құралы ретінде



бет12/17
Дата07.02.2022
өлшемі77,33 Kb.
#92345
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ақша және ақшалай міндеттеме

Ақша төлем құралы ретінде
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем акрі түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем кұралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да кызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдері төмендегідей етіп топтауға болады:

  • тауарларды және кызметтерді төлеуге байланысты
    міндеттемелер;

  • чек акрі төлеуге байланысты міндеттемелер;

  • мемлекетке к,атысты к,аржылык, міндеттемелер;

  • банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несие бойынша
    борыштық міндеттеме;

  • сақтандыру міндеттемелер;

  • әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.

Ақша төлем кұралыретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл кызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем кұралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған кызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның кұн өлшемі және айналыс құралы ретінде кызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау кызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы кызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заирі өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол акшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет