ОСӨЖ1
Қазақстан тарихын ғылыми кезеңдерге бөлу мәселесі
Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу қаншалықты күрделі болса, соншалықты жүйеге түспеген мәселе. Сондықтан да ғылымның алдында мынадай міндеттемелер айқындала түсті. Біріншіден, тарихи материализмге негізделген
маркстік-лениндік идеология мен методологияның
тоқырауы қазақстандық тарих ғылымының алдында
тарихты кезеңге бөлудің теориялық жаңа негізін жасау қажеттілігін туғызды.
Екіншіден, бұл қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселе,
өйткені уақыт өлшемімен алғанда тарихи процестерді кезеңдерге бөлудің жүйесі болмайынша, өткенді
зерттеу, белгілі бір жүйеге негізделген еңбектер жазу
бойынша Қазақстан аумағында өткен процестердің
схемасы мен моделін құру мүмкін емес.
Тарихты дәуірлеу – тарих ғылымы методологиясының аса маңызды тұстарының бірі. Сондықтан да методологияны айналып өте алмаймыз.
Дәуірлеу тарих ғылымы методологиясындағы күрделі
мәселелердің бірі. Методологиялық мәселелердің
шешімін табуда қазіргі зерттеушілердің идеологиялық
таптаурынмен санадан арылуы ғана жеткіліксіз.
Бұл тұрғыда Қазақстанның тарих ғылымын «отарлаудан» арылтудың да маңызы зор. Өйткені балама
теория жасамай тұрып коммунистік мұрадан бас
тарту кеңестік заманға дейінгі консервативтік ұлы
державалық-шовинистік теориялардың, әсіресе, генеологиялық теориялардың қайта өрлеуіне әкеледі.
Себебі маркстік-лениндік методология дағдарысқа
ұшыраған сәтте ғылымның жаңа ұстанымдарын қалыптастыру қажет болды. Осы мақсатта республикада
“Тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы” қабылданды. Тұжырымдама қазақ тарихын оқып үйрену
мен зерттеудің басты бағыттарын көрсетіп берді.
Сонымен қатар тарих ғылымында Отан тарихын
шынайы зерттеу үшін ең алдымен дәуірлеу мәселесін
қайта қарауды қажет етті. Осындай қажеттілікті төмендегі дәлелдермен түсіндіруге болады.
Қазақ тарихы ғылымның методологиялықтеориялық мәселелерін қалыптастыруды алғаш
ұлт зиялыларымыз қолға алғаны тарихта белгілі. Сондықтан да тарих ғылымының дамуында теориялық-методологиялық ұстанымдардың әсері мен
орны ерекше болды. Осы тақырыпты кезеңдерге бөлу
барысында қазақ интеллигенциясы көзқарастарында
негізінен төмендегідей мәселелер айқын көрініс берді:
– Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуде орыс
ғалымдарының маркстік-лениндік методологиялық
негіздерге бағыттап бұрмалаушылыққа бой алдырғанын аңғарамыз;
– Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуде “ҚазССР
тарихының” авторлары төңкеріске дейінгі тарихшылардың кезеңдерге бөлуін қайта жаңғыртуы;
– Қазақстан тарихы ғылымында таптық көзқарастарды қалыптастырудың орын алуының ерекшеліктері.
Мәселен, қазақтың белгілі әдебиетшісі және қоғам қайраткері М.Дулатовтің 1923 жылғы “Шолпан”
журналының № 3-5 сандарында және “Қызыл Қазақстан” газетінің сол жылғы №17,18 сандарында
жарияланған, “Қазақ пен қырғыздардың атауы мен
шығуы туралы” мақаласы талдауға тұрарлық.
М.Дулатов шағын еңбегінде қазақ халқының құрылуын ХV ғасыр деп есептеген ғалымдардың көзқарасын сынға алады және тарихи процестер тұжырымдамасына өз көзқарасын білдіреді. Автордың
кезеңге бөлуіне сәйкес ХІІ ғасырға дейін қазақтар
түркі халықтарының бір бөлігі болды, ХІІ ғасырда жеке
этнос болып қалыптасты, ал ХVІІІ–ХІХ ғасырларда өз
еркіндіктерін жоғалтты және Ресейге тәуелділікке тап
болды. Осылайша М.Дулатов төңкеріске дейінгі қазақ
тарихын төрт кезеңге бөледі. Онда біз автордың біздің
зерттеуімізге қатысты үшінші, төртінші кезеңдерін
көрсетеміз. Олар:
3-кезең. Жаулап алу кезеңі – ХVІІІ–ХІХ ғғ.
4-кезең. Отарлау кезеңі – ХІХ ғғ. [1, 140-б.].
Біз көріп отырғанымыздай, М.Дулатов қазақ тарихының кезеңдерін негізгі екі – этникалық және саяси
критерийді негізге ала отырып бөледі. Өкінішке орай,
автор жан-жақты сипаттама бермеген, сондықтан
оның кезеңге бөлу концепциясы жайлы нақты тұжырым жасау қиын.
Төңкеріске дейінгі қазақ тарихына М.Тынышпаевтың “Қырғыз қазақ халқы тарихының материалдары”,
“Қазақ-қырғыздар 17 және 18 ғасырда (қырғыз-қазақ
халқы тарихының материалдарына қосымша) және
Ақтабан Шұбырынды (қазақтардың ұлы зобалаңы
және ұлы жеңісі)” атты еңбектерінде неғұрлым жанжақты талдау жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |