Кеңес Одағының ыдырап, социалистік жүйенің жойылуына байланысты қазақстандық тарих ғылымының теориялық-методологиялық проблемаларын қайта қарап, жаңа тарихи таным қалыптастыру қажеттілігі туындады



бет1/2
Дата18.11.2016
өлшемі499,8 Kb.
  1   2
1 – ДӘРІС
КІРІСПЕ

Кеңес Одағының ыдырап, социалистік жүйенің жойылуына байланысты қазақстандық тарих ғылымының теориялық-методологиялық проблемаларын қайта қарап, жаңа тарихи таным қалыптастыру қажеттілігі туындады. Мұндай заңды құбылыс бірқатар саяси, әлеуметтік, идеологиялық, дүниетанымдық факторларға негізделді. Бұл бір жағынан алпауыт мемлекеттің тарих сахнасынан кетуіне, екіншіден, коммунистік идеологияның құлдырауына, үшіншіден, осыларға сәйкес ғылымда үстемдік еткен маркстік-лениндік идеологияның дағдарысқа ұшырауынан көрінді. Сондықтан да уақыт өткен сайын жаңа ғылыми методология қалыптастыру қажеттілігі айқын сезіле түсті. Тарихты жазуда, зерттеуде өзекті мәселелерге жаңа көзқарастар тұрғысынан қарап, дербес, тың ой-пікірлер мен тұжырымдар түйіндеу міндеті тұрды. Алайда тәуелсіз, соны тұжырымдар жасау көптеген қиындықтарға тірелді. Ғылымда эталондық ой-тұжырымдар, салмақты қорытындылар жасап келген тәжірибелі, білікті аға буын маман-зерттеушілер, ғалымдар бірден ескі ұстанымдардан бас тартып, жаңаша ойлауға бет бұра алмады. Осыған орай басым көпшілігі ғылыми зерттеулер жүргізуге ықылас таныта алмай, ғылымнан қол үзді. Жаңа бағытта төл тарихымызды жазуға тарихшылардың теориялық және методологиялық дайындықтарының төмендігі кедергі келтірді. Соның нәтижесінде жаңа тәуелсіз методологияны қалыптастыру ұзақ уақытқа созылды. Бұл процесс күні бүгінге дейін жалғасуда.

Тарихнама - тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылым саласы. Сондықтан да ол үнемі тарихнамалық зерттеулер деген ұғыммен тығыз байланысты. Тарихнамалық зерттеулер белгілі бір дәуірде пайда болған тарихи таным бағыттарына тән және әлеуметтік функциялар атқаратын принциптердің негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар тарихнамалық зерттеулердің міндеттері тарих ғылымының даму сұраныстары мен қажеттіліктеріне байланысты айқындалады және қол жеткізілген тарихи таным мен тарихи ойдың деңгейіне, сондай - ақ зерттеу әдістеріне тікелей тәуелді болады. Тарихнамалық зерттеулер ғылым ретіндегі жалпы мәселелермен тығыз байланысты. Тарихи танымның даму жолдарын бірізді қарастыра отыра тарихнамалық зерттеулер тарих ғылымының қозғаушы күштерінің, әртүрлі ғылыми мектептердің бағыттарының пайда болуының және ауысуының заңдылықтарын, олардың объективті шынайылықтың көрсеткіштеріне орай қалыптастырған тұжырымдамаларының, сол ғылыми ой-тұжырымдардың өз заманының қоғамдық өміріндегі, тарих ғылымын дамытудағы маңызын айқындауға мүмкіндік береді. Белгілі бір тарихи тұжырымдаманың әлеуметтік- тарихи тәжірибенің тезіне төтеп беруі туралы мәселені анықтаудың міндетін қойған тарихнамалық талдау тарихи зерттеулердің теориялық тәжірибесін қорытындылауға алып келеді.

Тарихнамалық зерттеулердің тарих ғылымын дамыту үшін қажеттілігі тарихи танымның дамуы ережеге сәйкес бұрын ғылыми айналымда болған деректердің шынайылық дәрежесін сын тезінен, сонымен бірге жинақталған фактілік материалдарды жаңа ой елегінен өткізуді талап етеді. Фактілік материалдың үздіксіз өсіп отыратын өзара байланыстағы тарихи оқиғалардың буындары ретінде белгілі фактілердің тарихтың ағымында жаңа мән мен маңызға ие болғандығын байқау нәтижесінде объективті қажеттілігі арта түседі. Осыған орай тарихнама зерттеудің мынадай негізгі аспектілерін иеленеді.

Біріншіден. Тарихи таным өзінің дамуының әрбір жаңа сатысында әлеуметтік қызмет атқарады әрі сол әлеуметтік функциялардың әртүрлі дәуірлерде жүзеге асырылуын анықтайды. Зерттеудің осы аспекті тарих ғылымы мен қазіргі кезеңнің өзара қарым-қатынастарын қарастыра отырып тарихнама тарихи танымның әлеуметтілігінің аса маңызды дерегін зерттейді, тарихи танымның тарихшының әлеуметтік позициясына тәуелділігінің қорытындысын шығарады.

Екіншіден. Теориялық-методологиялық принциптерді зерттеу әрбір тарихи ой-тұжырымның бағыттарына тән. Бұл үшін бір жағынан тарих ғылымы және екінші жағынан философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, теориялық жаратылыстану ғылымдары арасындағы байланыстарды ашу қажет. Алайда теориялық-методологиялық принциптерді зерттеу тарихшылардың белгілі бір мектептерінің жалпы теориялық пікірлерін жинақтап талдаумен шектелмеуі тиіс. Ол тарихи зерттеулердің теориялық-методологиялық ережелері мен тәжірибесін қолдануды талдауы қажет.

Үшіншіден. Тарихи еңбектердің деректанулық базасын, деректерді пайдаланудың сипатын, зерттеудің нақты әдістерін талдау. Тарихнаманы осы тұрғыда қарастыру зерттеудегі тарихи ойдың түрлі бағыттарына тән өзіндік әдістерін айқындауға, тарихи фактілерді орнату мен жүйелеуде әрбір ғылыми мектептің орнын анықтауға, тарихи зерттеудің методологиясының және әдістерінің өзара байланыстарын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

Төртіншіден. Тарихи зерттеулердің проблемасын, оның дамуы мен кеңеюін талдау тарихи таным прогресінің аса маңызды көрінісін және белгілі бір тарихи дәуірдің әлеуметтік-экономикалық, саяси талаптарының көрініс табуын талдау.

Бесіншіден. Тарихи ойдың әртүрлі бағыттары және түрлі мектептер қалыптастырған ғылыми тұжырымдамаларды зерттеу. Тарихи тұжырымдамаларды талдау бір жағынан жарамсыз көзқарастардың жойылуы процесін дәйектеуге, екінші жағынан, тарих ғылымының дамуындағы сабақтастықты айқындауға, осы дамудың алдыңғы кезеңдердегі объективті шынайы нәтижелерін жаңа жағдайларда пайдалануға қолайлы мүмкіндік тудырады. Осындай негізде әртүрлі мектептер өкілдерінің тарихтың сол кезеңдеріндегі өзекті мәселелері бойынша күресі анық бейнеленеді.

Алтыншыдан. Тарих саласындағы зерттеу жұмысының түрі мен ұйымдастырылуын, оған қоса ғылыми мекемелер және мұрағаттар жүйесін, мамандар даярлау мәселелерін, баспа қызметін, тарихи тұжырымдарды пайдалану түрлерін, оларды насихаттауды зерттеу, т.б. Тарихнамалық зерттеудің түрлі аспектілері бір-бірімен тығыз байланысты. Тек тарихнамалық материалдарды кешенді түрде зерттеу тарих ғылымы тарихының негізгі желісін және оны ғылым ретінде тұтастай көрсетуге, сондай-ақ жекелеген мәнді құбылыстарын ғылыми тұрғыда қайта жаңғыртуға жол ашады. Сонымен қатар тарихнамалық зерттеу заманауи көкейкесті мәселелерді белгілеп, оларды жаңа тарихи таным мен көзқарастар негізінде ғылым таразысынан өткізуге, тың еңбектер дайындауда жинақталған тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді. Тарихнамалық мәселелерді зерттеу қазіргі кезеңде зерттеушіден мәдениеттің жалпытарихи жоғары деңгейін, нақты тарихи материалды терең білуін, біліктілікті, сонымен қатар ғылымның методологиялық ұстанымдарын жан-жақты меңгеруін талап етеді. Тарихнама тарихтың тарихын зерттейтін ғылым саласы ретінде өзінің алдына нақты мақсат-міндеттерді қояды. Тарихнама ғылымының мақсаты - белгілі бір ғылыми мәселенің зерттелу деңгейін анықтап, тарихнамалық деректердің мән мазмұнын, зерттелу бағыттары мен үрдістерін айқындау, объективті түрде зерттелмеген тұстарын тану. Ғылымның міндеттері ; -тарихнамалық деректерді жинақтау, жүйелеу ; -тарихнамалық фактілерді жинап, оларға талдау жасау; -тарихнамалық фактілердің тарихи оқиғалар мен процестерді зерттеуінің деңгейін сараптау, ұтымды тұстары мен олқылықтарын айқындау; -тарихнамалық талдау арқылы ғылыми еңбектерге баға беру; -тарихнамалық деректердің саяси-әлеуметтік жүйелер мен идеологияларға тәуелділігін анықтау; -белгілі бір мәселенің зерттелмеген тұстарын айқындап, келешек ізденушілерге тың тақырыптар ұсыну. Тақырыптың мазмұнын

Тарих ғылымының проблемаларын нақты методологиялық талдауларсыз шешу мүмкін емес. Бұл проблемаларға дәлірек айтсақ, дүниежүзілік тарихи процестің заңдылықтары, қазақ тарихының әлем тарихының құрамдас бір бөлігі екендігі, Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың және олардың ұрпақтарының әртүрлі тарихи дәуірлерде өмір сүруі, жалпы мен жалқының айырмашылығы, тарихтағы субъективті фактордың рөлі және сол сияқты көптеген мәселелер жатады.

Отан тарихын терең зерттеген сайын әрі жаңа методологиялық ұстанымдарды қалыптастыру барысында оның зерттелмеген мәселелерінің шаш етектен екендігіне көз жеткізілуде. Оның үстіне соңғы уақыттарда тарихи зерттеулер жүргізуде ғылым мен техниканың жаңа технологиялық жетістіктері пайдаланылуда. Осының барлығы тарих ғылымының қазіргі кезеңдегі жағдайы, зерттеулерге талдау жасаудың деңгейі оның теориялық-методологиялық негіздерін жетілдіруді талап етеді.

Тарихнамалық проблемаларды методологиялық ой-елегінен өткізу тарихи оқиғаларды түсінуді жаңа деңгейге көтереді. Тарихи процестерді жай түсіндіріп қана қоймайды, сонымен қатар ғылымның жай-күйін, оның қозғаушы күштерін, даму тенденцияларын айқындайды.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда тарихнамалық зерттеулерді жүргізуге ықылас артып, тарих ғылымының тарихын терең түсінуге алғашқы қадамдар жасалды. Мұның өзі жаңа, ғылымның түрлі салаларында қол жеткізілген жетістіктер тұрғысынан тарихнамалық методологиялық талдаудың заңдылықтары мен өзіне тән белгілерін тануды талап етті. Осы бағытта біраз жұмыстар жасалды. Тарихнамалық зерттеулердің методологиялық тұғыры болып танымның жалпы ғылыми мәртебесін иемденуші дербес диалектикалық-материалистік, философиялық ілімдер жүйесі, теориялық-әдіснамалық ұстанымдар қалыптастырылды.

Тарихнаманың методологиясы “тарих адамның іс-әрекеті” принципіне негізделіп тарих методологиясымен, сондай-ақ жаңадан қалыптасып, дамып келе жатқан ғылымтану, информатика, болжау, әлеуметтік психология тәрізді пәндермен тығыз өзара байланыста ғылымнан көрініс беруде. Бұл пәндердің сапалы даму деңгейі, теориялық-методологиялық негіздері және зерттеу әдістері тарихнаманың әдіснамалық проблемаларын оқып-үйренуде маңызды болып табылады.

Білімнің интенсивті түрдегі интеграциялану және дифференциациялану процесі кезінде теориялық-методологиялық талдаудың көмегімен ғылыми синтездеу мен әртүрлі ғылым салаларының түйісуінде бірқатар маңызды мәселелерді шешу мүмкін болады. Шешімін табуға тиіс мәселелерге диалектикалық таным мен методологияның өзара қатынасы, олардың әдіснамасы мен әдістері, тарихнамада қолдану жолдары, “жаңа” білімге қол жеткізу процесі және оған баға беру, пәнаралық байланыстарды пайдалану тәсілдері, т.б. жатады.

Еліміздегі тарихнамалық зерттеулердің кең түрде жүргізілуі, тарихнама ғылымының қажеттілігін терең түсіну қазіргі кезеңдегі ғылымның түрлі салаларындағы жетістіктер тұрғысынан, жаңаша тарихнамалық, методологиялық талдаулардың заңдылықтарын, ерекшеліктерін оқып-үйренуді талап етеді. Ғылыми талаптарды жан-жақты меңгерген сайын тарих ғылымындағы зерттелмеген мәселелер айқындалып, ол алдыға жылжиды. Керісінше, методологиялық проблемалар өз шешімін таппаса, зерттеушілер әдіснамалық жағынан пісіп-жетілмесе ғылым жаңа, сапалы жетістіктерге жете алмайды.

Тарихнамадағы методологиялық проблемаларды оқып-үйренуді ғылымдағы “тарих және қазіргі заман” парадигмасымен байланыстыра жүргізу өзекті болып табылады. “Тарих және қазіргі заман” проблемасын мына төмендегі бірқатар мәселелермен етене жақын шешу қажет. Олар: зерттеу тақырыбын таңдау, оны қарастырудың теориялық және методологиялық деңгейі, қорытындылар жасау, тұжырымдардың қазіргі заман үшін маңызы.

Тарихнамалық еңбектердегі методологиялық “түзетулердің” қажеттілігі ғылымның өзіне тән болжам жасау бағытына байланысты артады. Тарихнамалық зерттеудің құндылығы көп жағдайда ондағы ғылыми дәйектелген болжаудың орын алуына байланысты анықталады. Тарихнамашының гипотеза шығаруға белгілі бір уақыттарда ғана құқығы болады. Тарихнамалық ойдың тереңдігі жаңа проблемалар мен тақырыптардың дүниеге келуіне жол ашады. Білікті, білімді, методологиялық жағынан табанды, дүниетанымы кең, логикалық ой-өрісті маман тарихнамашы ғана болашақтағы ғылыми ізденістерге негіз болатын болжам жасай алады. Методологиялық ұстанымдары берік, оның негіздерін жетік меңгерген тарихнамашы ғана бұрынғы болжамдардан бас тартып немесе жоққа шығарып, тарихнамалық білімнің дамуына септесе алады.

Орыстың белгілі ғалымы И.Д.Ковальченко (Методологические и историографические вопросы исторической науки. -Томск , 1974. -43 б): “Тарих ғылымында тарихи теориялық және методологиялық түйіткілдерді шешу қазір ерекше маңызды міндеттердің бірі. Тарихнамалық зерттеулер қазіргі кезде кең көлемге ие болды, бұл пән өзіндік даму жолынан өтті, ол тарих ғылымының сұраныстарын қанағаттандырады. Алайда басты мәселе бұл емес, бізге аса қажет міндет тарихнаманың методологиялық тұстарын жетілдіру”1 ,- деп жазған.

Тарихнаманың методологиясы тарих ғылымының ғана емес өзінің де нақты терминдер аппаратын жетілдіруге, мұндағы әртектілікті жоюға жағдай жасайды. Бұл тарихнамалық зерттеулердің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін қарастыруда тиімді рөл атқарады.

Тарихнамалық заңдылықтарды және заңдарды орнату ғылымның функцияларына жатады. Сонымен қатар оған болжамдық бағыт та тән. Себебі тарихнама ғылымның өзіндік санасы ретінде ғылыми ойды үнемі объективті шындыққа жетелейтін саралаушы бағдар болып табылады. Тек тарихнама арқылы қарастырылатын белгілі бір ғылыми бағыттың аз немесе зерттелмеген тұстарын айқындауға мүмкіндік туады. Тарихнама ғылымтанушылық рөл атқара отырып, нақты тарихи зерттеулердің негізгі жетістіктерін талдай келе шындықтың аса маңызды жақтарын тұтастай көрсетіп береді. Тарихнаманың тағы бір ерекшелігі осы ғылым саласы арқылы белгілі бір мәселенің зерттелу деңгейін анықтап қана қоймай, сол мәселе ауқымында жаңа, тың тақырыптар айқындалып, зерттеушілерге ұсынылады. Тарихнамалық талдау неғұрлым терең, жан-жақты жасалса, соғұрлым мәселенің мән-мазмұны, зерттелу бағыттары мен үрдістері барынша анықталады, зерттелуге тиісті тың тақырыптар молаяды. Осы жағынан алғанда тарихнамалық зерттеу жүргізудің маңызы артып, көкейкесті бола түседі.

Ғылымның осындай “миссиясына” қол жеткізу үшін оның методологиялық негіздерін терең меңгеру қажет. Айта кетерлік жайт, тарих методологиясына қызығушылық әдіснамалық проблемалардың дамуы мен кең қанат жаюына байланысты артып келеді. Тәуелсіз Қазақстанда соңғы уақыттарда бірқатар ғылыми маңызы зор еңбектер жарық көрді. Олардың қарастырған мәселелері де сан қырлы. Дегенмен көптеген мәселелер әлі де болса терең зерттеуді қажет етеді, өйткені Отан тарихына қатысты проблемалардың басым көпшілігі терең әрі толыққанды зерделенбеген, кейбіреулері мүлде ғалым-зерттеушілер назарынан тыс қалған. Бұл әсіресе тарихнаманың методологиялық проблемаларына қатысты. Отандық ғылымда методологиялық мәселелерге арналған еңбектер жоқ десе де болғандай, алайда соңғы жылдары тарихнама ғылымы бойынша біраз зерттеулер жүргізіліп, ірілі - ұсақты еңбектер дүниеге келді. Осыған байланысты ғылым кенже қалған деңгейінен елеулі түрде даму жолына түсті. Дегенмен осындай тенденциямен қатар методологиялық ізденістер жүргізуді талап ететін жаңа проблемалар, зерттеулердің жаңа бағыттары пайда болуда. Қазіргі кезеңдегі тарихнаманың бірінші кезектегі методологиялық проблемалары және жарық көрген, жазылған тарихнамалық еңбектерді талдау олардың әдіснамалық тұстарының ұшталмағандығын байқатты. Сондықтан да тәжірибеде тарихнамалық шығармашылықтың деңгейін жаңа, сапалы деңгейге көтеру, ғылымның пайда болу, болашақтағы функциялары мен бағыттарының даму заңдылықтарын терең ашып көрсету қажет деген тұжырым жасауға болады.

Тарихнама ежелгі грек тілінен аударғанда “история” - тарих және “графия” - тарихты сипаттап жазу дегенді білдіреді. Тарихнаманы ең алдымен адамзат қоғамын танудың аса маңызды түрлерінің бірі болып табылатын тарих ғылымының тарихы деп түсінген жөн. Сондай-ақ тарихнама деп белгілі бір тақырыпқа немесе тарихи дәуірге арналған зерттеулердің жиынтығын атайды.

Адамзат жазуды пайдаланғанға дейінгі кезеңде тарихи білімнің кейбір белгілері ауыз әдебиеті үлгілерінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыз, әңгімелерде, шежірелерде сақталып келді. Онан кейін тарихи таным белгілері көне жазба ескерткіштерінде (Авеста, Бехистун сына жазулары, Күлтегін жазуы, Тоныкөк ескерткіші3 ), т.б. көрініс таба бастады.

Адамзат өзінің өткеніне үлкен мән беріп, одан тағлым, сабақ алу мақсаттарында бастан кешірген оқиғалар мен түрлі жайттарды әр алуан жазу құралдарының беттеріне, ал қағаз пайда болғаннан кейін хатқа түсіруге мүдделі болған. Ал жазуы жүйелі түрде дамымаған халықтар тарихты ауызша айтуды қалыптастырды.

Тарихи оқиғалар түрлі сипатта, мемлекеттердегі өзіндік саяси ұстанымдарға, белгілі бір көзқарастарға, идеологияларға байланысты баяндалып отырылды. Мәселен, ежелгі дәуірде тарихи оқиғалар мен процестерді сипаттауда діннің рөлі айтарлықтай еді. Осыған орай көне замандардағы жазбаларда тарихи баяндар “құдайдың еркімен” жүрген құбылыстар ретінде жазылған. Бірте-бірте тарихты танудың анағұрлым жетілдірілген жолдары қалыптаса бастады. Тарихты біршама жүйелі түрде әңгімелеп жеткізудің алғашқы қадамдары жасалды. Мұндай бастамалар дүние жүзінде тұңғыш рет ежелгі Грекияда орын алды. “Тарихтың атасы” атанған Геродот өзінің “Тарих” атты еңбегінде тарихи оқиғаларды деректердің негізінде сол замандағы “құдайдың еркімен” байланыстырып жазды, алайда пайдаланылған мәліметтер сыни талдаудан өткізілмей, олар бірінен кейін бірі тізбектеліп айтыла берді. Осындай кемшіліктеріне қарамастан шығарма грек тарихнамасының қалыптасуына игі әсер етті.

Қазақстанда тарихи білімді қалыптастыру ұзақ уақыттарға созылған процес болды. Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихи оқиғалар мен процестердің зерттелуі негізінде Отан тарихының тарихнамасы жүйелі түрде ғылымнан орын алды. Уақыт өткен сайын ол жаңа ғылыми зерттеулермен толығып, аясы кеңеюде. Енді отандық тарихнаманың қоржынындағы іргелі зерттеулерге тоқталып, тарихи дәуірлердегі өзекті мәселелерді қарастырған шығармаларға қысқаша шолу жасайық.

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихына қатысты зерттеулер көбінесе археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарияланды. Қазақ даласындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу қазан төңкерісіне дейінгі уақыттарда басталғанымен мардымды ғылыми жұмыстар атқарылмады. Кеңестік кезеңде археологиялық экспедициялар ұйымдастырылып, біршама қазба жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы, тарих және этнография институтының ашылуы ежелгі дәуірдегі Отан тарихын зерттеуге зор серпіліс берді. Ғалымдар Ә.Х. Марғұлан, М.Қ. Қадырбаев, С.М. Ақынжанов, Х.А. Алпысбаев, Г.Б.Зданович, К.А.Ақышев, А.Г.Медоев, Г.А.Кушаев, т.б. басшылығымен Қазақстанның әртүрлі аймақтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, нәтижелерінде іргелі зерттеулер жарық көрді. Тас және қола дәуірлеріне жататын көптеген тұрақтардың орындары ашылып, бірқатар мәдениеттердің сипаты мен мазмұнын ашуға мүмкіндіктер тудырылды. Осындай зерттеулердің барысында ертедегі көшпелілердің ескерткіштері айқындалып, сақтардың, үйсіндердің, кангюйлердің, ғұндардың мәдени, әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірлерінің мәселелерін тереңдетудің сәтті қадамдары жасалды. Көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде аса құнды археологиялық материалдар 4 Қараңыз. Қазақстан тарихы бойынша қытай деректемелері. 1 -2 т. -Алматы, 2006; Қазақстан тарихы бойынша парсы деректемелері. - 1-2 т. - Алматы, 2006 және т.б. жинақталып, соның негізінде темір дәуірін кезеңдеу, скиф-сақ, үйсін үлгісіндегі мәдениеттердің шығу проблемаларын, көшпелі мал шаруашылығының қалыптасу факторларын, механизмдерін, ертедегі қоғамның және көшпелілер мемлекетінің ерекшеліктерін, өзіне тән белгілерін анықтап, нақтылай түсу мүмкін болды.

Ежелгі жазба деректерді және археологиялық жәдігерлерді талдау тарих ғылымында ертедегі тайпалардың, тайпа одақтарының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тұрмыс тіршілігін жан-жақты әрі терең қарастыруға жол ашты. Осы тұрғыда тың тұжырымдарымен ерекшеленетін біраз еңбектер ғылымнан орын алды. Ертедегі түркілер мен ғұндардың тарихи баяны Л.Н.Гумилевтің монографиялық зерттеулерінен көрініс тапқан. Дербес, іргелі шығармаларда ежелгі түркілердің, ғұндардың мемлекеттері, әлеуметтік-саяси көшпелі қауымдастықтардың пайда болуы, дамуы мен ыдырауы мәселелері зерттелген. Автордың назарынан ғұндардың, түркілердің тұрмыс-салты, діні мен мәдениеті тыс қалмаған.

Соңғы уақыттарда сақ, үйсін, ғұн тайпаларының тарихына қатысты соны зерттеулер жүргізіліп, Отан тарихы ғылымы жаңа бағыттағы ой- тұжырымдармен толықты. Осы орайда “Алаш” тарихи-зерттеу орталығының атқарып отырған ғылыми ізденістерін айта кеткен жөн. Орталық ғалымдары қазақ ру-тайпаларының тарихи баянын зерттеу барысында олардың ежелгі дәуірдегі өткенін тың деректер негізінде ашып көрсетуге ұмтылуда. Мұндай талпыныстар бұрын-соңды ғылымда кешенді түрде жасалмаған. Ежелгі дәуірдегі түркі тайпаларының тарихы орталық жариялаған бірқатар еңбектерден көрініс тапқан.6 Ертеректен бері орта ғасырлардағы түркі және монғол тайпалары мен ұлыстарының тарихынан хабар беретін бірқатар деректік тұрғыдағы еңбектер жарық көрді.



Тарихнамадан елеулі орын алатын туындылардың бірі – Фазлуллах Хамадани Рашид ад-Диннің “Жами ат-тауарих” деген еңбегі. Шығарманың бірінші томынан аталмыш тайпалардың әдет-ғұрыптары, діни наным-сенімдері, көшпелі тұрмыс-салты, орналасулары көрініс тапқан. Екінші томында тайпалардың этникалық құрамы, монғол ұлыстарының құрамына енген түркі жерлерінің топонимикасы, тарихи географиясы, саяси тарихы, т.б. жөнінде мәліметтер келтірілген.

Орта ғасырларда араб тілінде жазған авторлардың шығармалары деректік материалдарының молдығымен ерекшеленеді. Мәселен, тарихшы географтар Әл-Якуби, Ибн-Хордадбек, Ибн әл-Факих, Ибн-Русте, Ибн-Хаукаль, Әбу- Дулаф, Әл-Масуди, Әл-Макдиси, Әл-Марвази, Әл-Идриси, Гардизи өз көздерімен көргендеріне негізделген тарихи-географиялық деректер түріндегіеңбектер жазған. Авторлар орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында мекендеген түркештер, оғыздар, қарлұқтар, қыпшақтар, кимектер, т.б. туралы ауқымды мәліметтер беріп, олардың орналасуы, шаруашылығы, қалалары, сауда жолдары, қолөнері жайында мол деректер келтірген. Араб тіліндегі деректердің авторлары құрастырушыларға айналып, уақыт өткен сайын олардың шығармалары өздерінің мәнін жойған. Дегенмен олардың бойында бізге келіп жетпеген бірқатар құнды мәліметтер сақталған. Құрастыру әдісі бойынша еңбек жазған орта ғасырлық авторлар тарихи оқиғаларды баяндауда елеулі кемшіліктерге жол беріп, қателіктерге бой алдырған. Әйтсе де мұндай шығармалардың тарихи білім қалыптастырудағы, әрі орта ғасырлық тарихнамадан өз заманынан мәлімет беретін деректік тұрғыдағы еңбектер ретіндегі маңызы айтарлықтай. Осы дәуірде пайда болған араб тіліндегі жазба деректердің де біразы топтамалар түрінде жарияланды.8 Мұсылман тарихнамасы Мұхаммед әл- Насауи, Мұхаммед Иакуб Бухари, Мұхаммед Карминаги, Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулати, Мұхаммед Юсуф Мунши, Мир Мұхаммед Амин Бухари, Хафиз Тыныш, Мұхаммед ибн Наджип Бекран, Хайдар ибн Хусаин Рази, т.б. авторлардың шығармаларымен толыға түсті.9 Мұхаммед Хайдар Дулат тарих жазуда шынайылық принципіне үлкен мән берді. Тарихи оқиғаларды баяндау шындығында орын алған жайттарға сәйкес болуы қажет екендігін басшылыққа алып, өзі әңгімелеген процестердің ақиқатына кепілдік беріп отырды. Мұхаммед Хайдар “Тарих и Рашиди” еңбегін объективтілік принципін ұстану арқылы жазғандығына көпшіліктің назарын аударып, ХУ-ХУІ ғасырлардағы Дешті-Қыпшақ пен Орта Азия аумағындағы тарихи оқиғаларды анағұрлым шынайы көрсетуге тырысқан. Сондықтан да бұл еңбек деректік жағынан аса құнды шығарма болып табылады. Сонымен қатар өз заманының куәгері болып табылатын шығарманың тарихнамалық дерек ретіндегі де маңызы зор. Қазақ даласының орта ғасырлық тарихын жазу жөніндегі тарихнамадағы алғашқы қадамдар ХУІІ - ғасырда жасалды. Түркі тарихшысы, жалайыр тайпасының өкілі - Қадырғали Қосымұлы 1602 жылы ауызша айтылып келген тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің тарихи жинағына сүйене отырып “Оқиғалар жинағы” деген еңбек құрастырған. Еңбекте Алтын Орда және ол ыдырағаннан кейінгі кезеңдегі Дешті Қыпшақтағы мемлекеттік құрылымдар, түркі, түркіленген тайпалар туралы оқиғалар суреттелген.10 Хиуа ханы Әбілғазы “Түріктер шежіресі” және “Түрікмендер шежіресі” атты тарихи шығарма дайындаған. Оларда орта ғасырлық тайпалардың тарихы, түркі этнонимдерінің этимологиясы және сол кездегі Қазақстанның тарихи географиясы қарастырылған.11 Қазақ даласы Ресей империясының қол астына қаратылғаннан кейінгі кезеңде орыстың шығыстанушы ғалымдарының өлкенің тарихына, рулықтайпалық құрылымын зерттеуге ықыластары ауып, ынта - жігерлері артты. Солардың нәтижесінде Қазақстан тарихнамасына қайталанбас мазмұндағы құнды ғылыми зерттеулер енді. Бұл еңбектер тек мазмұнымен ғана емес методологиялық ұстанымдарымен, зерттеу әдістерімен, салихалы тұжырымдарымен ерекшеленді. Сондай туындылардың бірі, тіпті бірегейі Г.Е.Грум-Гржимайлоның, А.И.Левшиннің, Н.И.Гродековтың зерттеулері болып табылады. Авторлар қазақ халқының құрамына кірген бірқатар рулар мен тайпалардың тарихи тағдырлары, олардың шығу тегі, этникалық атаулары, ұрандары мен таңбалары турасында мол мәліметтер келтіріп, көбінесе ауызша тарих айтуда орын алып келген мәселелерді талдаған.12 Тарихи деректердің, соның ішінде археологиялық және этнографиялық жәдігерлердің атқаратын рөлінің зор екендігін өз кезегінде ғалым Ш.Ш.Уәлиханов дәйектеген. Саяхаттарға шығып, ел ортасын көп аралаған ғалым жазба деректерден басқа халық даналығы болып саналатын фольклорлық материалдардың тарихи оқиғаларды баяндаудағы маңызы зор екендігін дәлелдеп, бұрын-соңды тарихшыларға беймәлім болып келген рухани мұраның көзін ашты. Көптеген аңыз-әңгімелердің, жыр-дастандарды ғылыми айналымға ендіре отырып, қазақ халқының қалыптасуы, дәстүрлі шаруашылықтың ерекшеліктері жөнінде сүбелі зерттеулер жариялады. Шоқан өз зерттеулерінде қазақ және ноғай эпостарын, аңыздарды, тарихи әңгімелерді, өзге де фольклорлық материалдарды кеңінен пайдаланған. Шоқанның түркі халықтарының тарихын зерделеген еңбектері орыс және дүние жүзілік тарихнамада жоғары бағаға ие болды. Ұлттық тұрғыда төл тарихымыздың өзекті мәселелерін зерттеген көрнекті қазақ шығыстанушысының шығармалары күні бүгінге дейін ғылыми мазмұнын жоғалтпай келеді. Тарих шығыстану зерттеулерінің одан әрі дамуы, сондай-ақ география мен этнография жетістіктері ХІХ-ғасырдың аяғына қарай орыс ғалымдарының жекелеген шаңырағы, негізінен әскери саяси сипаттағы мәліметтерді түсіндіруден оларды тарихи тұрғыдан қорытуға көшуіне, әртүрлі түркі халықтарының этникалық тарихы жөнінде жиынтық еңбек жасауға әрекет етулеріне мүмкіндік берді. Осы орайда Қазақстанның орта ғасырлық тарихын зерттеуде Н.А.Аристовтың түркі тайпалары мен халықтары туралы кеңінен мәлім еңбектері елеулі орын алады. Н.А.Аристов зерттеулері қарастырылған мәселелерінің ауқымдылығымен, айналымға түскен мол дерек көздерімен, пайдаланған ғылыми зерттеулерімен өзгелерден дараланады13. Жан-жақты әрі терең зерттеулер жүргізуінің нәтижесінде түркі, сондай - ақ қазақ халқының этникалық құрылымы, үш жүздің құрамы жайлы анағұрлым толық әрі кешенді ғылыми жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ тарихнамасында ғалым зерттеулеріне теңдес шығармалар кемде кем. Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов, Ж.Ақпаевтың шығармалары датарихнамадан өзіндік орын алады.14 Ұлт зиялылары қазақ халқының қалыптасуына байланысты пікір танытып, тарих ғылымының дамуына үлес қосты. Ал ауызша тарих айтудың ұлттық тарихты қалыптастырудағы қайталанбас ерекшеліктері жайындағы Ш.Құдайбердіұлының, М.Тынышпаевтың пікірлері және дәстүрлі деректер негізінде жазылған еңбектері төл тарихымыздағы құнды рухани мұра болып саналады.15 Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан монғолдардың қоғамдық өмірі мен тұрмыс тіршілігін жан-жақты қарастырған Б.Я.Владимирцевтің монографиясы түркі халықтарының тарихын зерттейтіндерге бағыт - бағдар беретін сүбелі еңбек.16 В.В.Бартольдтың орта ғасырлық Қазақстанның тарихы жөніндегі зерттеулерінің ғылыми маңызы зор. Оның еңбектері отандық және дүниежүзілік шығыстануда, сонымен бірге тарихнамада іргелі әрі салихалы зерттеулер қатарына жатқызылады. В.В.Бартольдтың орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азияның тарихын бір жүйеге келтіріп белгілеген кезеңдері тарих ғылымына қосқан сүбелі үлес болып табылады. Ол негізгі белгілері жағынан отандық тарихнамасынан берік орын алады. В.В.Бартольдтың еңбектері Қазақстан тарихын зерттеуде көп жағынан негізге алынады. 17 Ғалым зерттеулерінің ерекшелігі сонда, ғылыми айналымға нумизматика, эпиграфика, этнография, археология жәдігерлері қоса ендірілді. В.В.Бартольдтың ғылыми зерттеулерін ары қарай жалғастырып, күрделі теориялық мәселелердің түйінін шешкен ғалым А.Н.Бернштам болды. Қазақстанның ежелгі дәуіріне қатысты ғұндардың, үйсіндердің тарихын зерттеуде қомақты нәтижелерге жеткен. Шығыстанушы ғалым түркі және қытай деректерінің негізінде түркілер қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, олардың көрші елдермен байланыстарын көрсетті. Түркі, қарлұқ қағандықтарының тарихының кейбір тұстарын нақтылады.18 Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихын, соның ішінде монғол жаулап алу кезеңін, Алтын Орданың баянын мұсылман деректері бойынша зерттеп, ғылымда ірі жетістіктерге жеткен ғалымның бірі - А.Ю.Якубовский.19 Көрнекті ғалым ХІ-ХІІІ ғасырлардағы монғолдар тарихына теориялық шолу жасап, көшпелі түркі тайпаларының әлеуметтік-шаруашылық тарихын зерделеудің тұжырымдамасын қалыптастырды. Методологиялық мәселелерде УІ-ХУ ғасырлардағы Орта Азия тарихын кезеңдерге бөліп, қомақты табыстарға қол жеткізді. Отандық тарих ғылымының дамуына ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы Батыс және Оңтүстік Қазақстан халқының қоғамдық құрылысы мен мәдени тұрмысына талдау жасау арқылы елеулі үлес қосқан зерттеуші-ғалымдардың бірі - С.П.Толстов. Ол массагеттер, дайлар, қаңлылар тарихына қатысты мәселелерде көне жазба ескерткіштерінің көмегімен тың тұжырымдар қорытып, күрмеуі қиын түйіткілдерді тарқатуға атсалысты. С.П.Толстов Сырдария оғыздары туралы үлкен тарихи археологиялық жәдігерлерді талдап, оларды ғылыми айналымға түсіру нәтижесінде пәрменді пікір танытып, бірқатар жаңалықтарға қол жеткізді.20 Қазақстанның орта ғасырлық қыпшақтарының шығу тегі, шаруашылығы, әдет-ғұрыптары мен діни наным-сенімдері мәселелерін, сонымен бірге хорезм- қыпшақ қатынастарын анағұрлым толық қарастырғандардың арасынан С.М.Ақынжановтың есімі ерекше аталады. Ғалым өзі зерттеген проблемаларын монография түрінде жариялап, тарих ғылымының өркендеуіне септесті. Араб деректері бойынша қыпшақтар тарихын зерделеген Б.Е.Көмеков зерттеуінің тарихнамада өзіндік орны бар.22 С.Г.Кляшторныйдың монографиясында ежелгі түріктердің руналық мәтіндерінен алынған материалдар алынып, бір жүйеге келтіріліп, өзге де тарихи деректермен салыстырылып, қорытылған. Солардың негізінде түркілер ғана емес кангюйлерге қатысты проблемалар тиянақты зерттелген.23 Жазба деректер мен археологиялық жәдігерлердің мол қорына сүйене отырып дайындаған С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтановтың салихалы еңбегі отандық тарихнамадағы айтулы құбылыс болды.24 Тәуелсіздік жылдары отан тарихының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген қытай, парсы, араб тілдеріндегі тың деректердің негізінде жаңа тарихи таным тұрғысында зерттеліп, ғылыми еңбектер жарияланды. Түркі кезеңіндегі найман, керейт, онгут ұлыстарының тарихы қытай, монғол деректерінің желісінде З.Қинаятұлының зерттеулерінен көрініс тапты.25 Монғол жаулап алуы мен ұлыстардың құрылуы мәселелері ғалым назарынан тыс қалмады. Жошы ұлысының, Ақ Орданың анағұрлым нақты, толық тарихымен танысудың мүмкіндігі туды. Монғол жаулап алуына байланысты жаңа көзқарастардың қалыптасуына Н.Мыңжанның еңбектері ықпал етті.26 Түркілердің сонымен бірге қарлұқ тайпалары тарихи баяны К.Аманжоловтың, С.М.Сыздықовтың туындылары түрінде жарық көрді.27 Кейінгі орта ғасырлардағы өзекті мәселелерге, соның ішінде Қазақ хандығы тарихына М.Әбусейітова, Ә.Хасенов, З.Қинаятұлы, С.Жолдасбайұлы, Б.Кәрібаев, т.б. қалам тартып, өздерінің тұжырымдарын түйіндеді28 . ХУІІІ-ХХ ғасырлардың аралығын қамтитын ғылымның дәуірлеумәселелерінде жаңа заман деп аталатын кезеңдегі басты тарихи оқиға қазақ даласының Ресей империясының қол астына өтуі саналады. Бодандықты қабылдау нәтижесінде өзінің тәуелсіздігінен айырылған қазақ елі патшалық өкіметтің отарына айналды. Сондықтан да осы кезеңдегі барлық зерттеулер отар аймақтың хал-ахуалын ашып көрсетуге арналды. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихы, оның өзекті мәселелері көбінесе кеңестік кезеңде зерттелгендіктен тарихи шындығы толық ашылмады. Әсіресе отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыстардың ақиқаты бүркемеленді. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана бодандық бұғауын киген өлкенің өткені, оның түйінді мәселелеріне назар аударылып, мұрағат қойнауындағы соны құжаттар мен материалдардың көмегімен объективті түрде жазыла бастады. ХУІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын ұлт зиялылыры М.Ж.Көпеевтің, Ш.Құдайбердиевтің, М.Тынышпаевтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың күш-жігерлерін жұмсауы барысында дүниеге келген іргелі зерттеулерінің негізінде шынайы саралауға мүмкіндік туды. Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы оның Ресейге “қосылуы” тұрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мәселенің экономикалық жағына да, саяси себептеріне де мүлде тереңдеп бармай, оны тек қана сыртқы факторларына қарап, қосылу кездейсоқтықтан болды деп есептеді. Енді біреулері империяның отаршыл мүдделерін жақтап, жергілікті халықты менсінбеу, оны төмендету пиғылын танытты. Үшіншілері “қосылудың” прогрессивті салдарын іздеп бақты. “Жабайы, артта қалған” қазақ халқына мәдениет әкелген, шаруашылығын жақсартып, тұрмыс тіршілігін жандандырған отарлау саясаты деген тұжырымдаманы бекітуге жанталасты. Осындай бағыттарда патшалық биліктің құйтырқы саясатының бет пердесі бүркемеленіп, көптеген шығармалар жарияланды. Тек қазақ халқы өкілдерінің еңбектерінде бодандықты қабылдаудың шынайы тұстары ашып айтылды. Мәселен, қазақ ағартушы ғалымдары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин ұлы державалық шовинизмге қарсы өз пікірлерін білдірді. Қазақстанның Ресей құрамына кіру проблемасы Ә.Бөкейхановтың еңбектерінен анағұрлым толық көрініс тапты. Ұлт зиялысы, Алаштың ардақтысы “Қырғыз өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері” атты зерттеуінде “қосылу”деген сөзді мүлде қолданбай, “жаулап алу”, “бағындыру” терминдері арқылы империяның боданына, отар елге айналудың алғышарттары мен себеп, салдарын түсіндіреді.29 Кеңестік кезеңде аталмыш мәселеге ерекше мән беріліп, бірқатар зерттеушілер оларды жан-жақты таразылауға ықылас танытты. Солардың арасында Т.Рысқұлов, Х.Досмұхамедов, П.Г.Галузо, Ғ.Тоғжанов, С.Меңдешев және т.б. бар. Әсіресе Ресей бодандығындағы қазақ елінің жағдайын, отаршылдыққа қарсы бас көтерулерді ғылыми тұрғыда терең зерттеп, ғылымға мол еңбек сіңірген П.Г.Галузо болды. Ұлт зиялылары Қазақстанның Ресей бодандығына өтуін сыртқы саяси жағдаймен байланыстырды. Жаулап алу қазақ бұқарасына күйзеліс пен тонаушылық әкелгендігін баса көрсетті. Қазақстанның Ресейге қосылуының зерттеу қорытындылары 1970-1990 жылдары жарық көрген Г.Ф.Дахшлейгердің, Д.И.Дулатованың, Ж.Қасымбаевтың, І.Қозыбаевтың, И.Ф.Ерофееваның тарихнамалық еңбектерінде шығарылды31 . ХУІ-ғасырдың орта кезінен ХХ-ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қатынастарының мәселелері отандық тарих ғылымындағы басым проблемалардың бірінен саналды. Мұндай басымдылықты қазан төңкерісіне дейінгі ұлыдержавалық шовинистік пиғылмен, кеңестік кезеңдегі коммунистік идеологияның ықпалынан туындаған құбылыс ретінде таныған жөн. Осындай құбылыстың нәтижесінде қазақ даласының Ресейдің айыр басты бүркітіне бағынуы “кіру”, “өз еркімен қосылу” тәрізді процестердің қалыптасуына алып келді. Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауы, оның ішкі, сыртқы факторлары, Әбілхайыр ханның рөлі, қазақ жүздерінің империяға адалдығы жөнінде ант берулері, т.б. мәселелердің зерттелуі деңгейі айқындалып, осы проблемаға қатысты ғылымның жай-күйі көрсетілді. Бодан болудың ауқымындағы казак отарлауы тарихын кеңестік кезеңде П.Г.Галузо ғана зерттеген болса, тәуелсіздік алғаннан кейін М.Ж.Әбдіров, Т.Б.Митропольская, В.А.Терещук проблеманы анағұрлым терең әрі жан-жақты қарастырып, тарихи шындыққа сәйкес тұжырымдар жасады.32 Отар аймақтағы қазақтар туралы олардың тарихынан, әлеуметтік құрылымынан, тұрмысынан, рухани өмірінен, салық төлеуі мен әдет-ғұрпынан бастап, алуан түрлі мәліметтер беретін жалпылама еңбектер, сондай-ақ қазақ қоғамының саяси, экономикалық жағдайының, құқықтық нормаларының, мәдениетінің жекелеген мәселелерін арнайы және терең зерттеген шығармалар тарихнамадан орын алады. Отандық тарих ғылымында қазақ қоғамындағы әлеуметтік-шаруашылық мәселелері, соның ішінде орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі анағұрлым терең зерттелді. Осы орайда Б.Сүлейменовтың, П.Г.Галузоның, Е.Бекмахановтың, Ц.Фридманның, Ә.Б.Тұрсынбаевтың, М.Х.Асылбековтың, Е.Ділмұхамедовтың, А.Нүсіпбеков- тың, Ж.Қасымбаевтың, Ж.О.Артықбаевтың, С.Игібаевтың33 және т.б. еңбектері жарияланды. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі мәселелерінеТ.Ә.Төлебаевтың тарихнамалық зерттеуі арналды.34 ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың бас кезіндегі өлке халқының әлеуметтік- демографиялық ахуалы зерттелген бірқатар еңбектер отандық тарихнамаға қосылған айтулы үлес болды. Қазақ халқының ХІХ-ғасырдың соңы ХХ- ғасырдағы әлеуметтік-демографиялық жағдайының тарихнамасы тарихнамалық тұрғыда таразыланып, зерттелуге тиіс мәселелері анықталды. Қазақтардың отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресі Отан тарихындағы айшықты оқиғалардың бірінен саналады. Озбыр отарлау саясатына қарсы даланы дүбірге толтырған ондаған ірі ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы зерттеушілер ықыласын өздеріне аударды. Сондықтан да тәуелсіздік жолындағы күрестердің баянын көрсететін арнайы зерттеулер жарияланды. Олардың авторлары А.Ф.Рязанов, М.П.Вяткин, Е.Бекмаханов ғылымға сүбелі үлес қосты35. Айта кетерлік жайт ғылымда әлі де болса осы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихнамасы кешенді түрде талданбай келеді. ХХ-ғасырдың бас кезіндегі ұлт зиялыларының қалыптасуы, Алаш қозғалысы ғылымда тың деректер мен тыйым салынған құжаттардың жариялылыққа ие болуына байланысты жаңа қырынан зерттеліп, К.Нұрпейістің, М.Қойгелдиевтің, Д.Аманжолованың еңбектері дүниеге келді.36 Зерттеуші ғалымдар ұлт көшбасшылары болған Алаш зиялылары қазақ қоғамының дәстүрлі мәдениетімен тығыз байланысты еді, шын мәніндегі рухани ренессанстың ұйытқысы болатын. Олар ұлттық нәрсенің бәрін қызғыштай қорыды, діни фанатизмге, ұлтшылдық, нәсілшілдік және өзге де соқыр сенімдерге ұрынбады деген тұжырым түйіндеді.37 Жалпы ғылымда Алаш қозғалысына байланысты тиянақты шаралар атқарылды. Мәселенің тарихнамасы сараланып қана қоймай, деректері де талданып, бұрын жарияланбаған мұрағат құжаттары және өзге де материалдар жинақтар түрінде жарық көруде. Кеңестік кезеңде отандық тарихнама ғылымы көптеген жаңа зерттеулермен толықты. Ғылыми еңбектер Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы мен нығаюы, индустрияландыру, аграрлық салада жүргізілген бірқатар реформалар, “мәдени революция”, т.б. тарихи оқиғалар, процестерге байланысты жарияланды. Алайда зерттеулердің басым көпшілігінде тарихи шындық көрініс таба алмады. Ғылымда маркстік-лениндік методология мен коммунистік идеологияның үстемдік алуына орай сараланған мәселелер таптық тұрғыда, социалистік саяси биліктің мүддесінде ақиқаттан алшақ зерттелді. Мұның өзі ғылымда таптаурын, сыңаржақ тұжырымдардың орнығуына жол ашты. Нәтижесінде тарихты жазу номенклатуралық биліктің тапсырысы шеңберінде әрі қатаң бақылауында болды. Дегенмен кеңестік кезеңде республикада тарихшы мамандарды дайындаудың деңгейі мен сапасы артты, ғылыми мектептер қалыптасты. Отан тарихы проблемеларымен кешенді түрде айналысатын арнайы зерттеу

Тарих ғылымының методологиясы (әдіснамасы). Қазіргі таңда «методология» түсінігі тарихи танымның біртұтас теориялық негіздерін, оның теориялық сипаттағы мәселелерін де қамтитындығы айтыла бастады. Кезінде тарихи танымның дамуы оның методологиялық негіздерінің де дамуына жол ашқан еді. Бүгінгі күні белгілі болып отырған бір нәрсе – тарих ғылымында методологияның ешқандай да жалғыз нұсқасы жоқ, оның қалыпты жағдайының өзгеруіне байланысты, методологиялық ұстанымдары да өзгеріп отырады.

Тарихи зерттеулерде жан-жақтылық, нақтылық және объективтілік принциптері басшылыққа алынады. Алайда, әрбір тарихи тақырыпқа қойылатын нақтылы талаптар бар екендігін ескерсек, онда зерттеу жұмысында көтерілген алуан түрлі тақырыптарға да белгілі бір ғылыми принциптер мен әдістердің таңдап алынуы заңды құбылыс ретінде қабыл- данады. Ең алдымен олардың арасынан тарихи таным құрылымында зор мәні бар тарихилық және тақырыптық-хронологиялық принциптерді атап кетуге болады. Олар тарихи танымның түпкілікті ерекшеліктерін айғақтайды, қоғамдық ортада құбылыстың сипаты мен өзіндік өзгешелігі туралы түсініктерді түйіндейді.



Тарихи зерттеу әдістерінің кейбір түрлері: сипаттау әдісі, салыстырмалы- тарихи әдіс, типология тәсілдері, ретроспективті әдіс, терминологиялық талдау әдісі, топонимикалық және антропонимикалық талдау, тарихи құбылыстарға өлшем мен модельдеу әдісі. Жалпығылыми әдістер – жалпығылыми әдістері мен талдау тәсілдері, соның ішінде тарихилық, құрылымдық-функциялық талдау, салыстырмалы талдау, жүйелілік, т.б. Жалпы философиялық әдістер – диалектикалық, метафизикалық. Ежелгі Қазақстан тарихының тарихнамасы мәдени-тарихи кезеңдердің зерттелуімен тікелей байланысты. Бастапқы кезде ежелгі Қазақстанның көне тарихы мен мәдениетін зерттеу патшалық Ресей тұсында басталды. Жекелеген ғалымдар мен орыс шенеуніктері, Орынбор мұрағаттық комиссиясы, Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі, т.б. қоғамдық ғылыми-зерттеу бірлестіктерінің мүшелері ежелгі тарихқа азды-кемді ден қойды. Осы кездері жазба дереккөздері де қарастырылды. Одан кейін кеңестік дәуірде бұрынғы деректік қор одан сайын толыға түсті, іргелі археологиялық экспедициялар құрылды, антикалық дәуірдегі деректемелер жүйелі түрде қарастырыла бастады.


Ежелгі Қазақстан тарихының тарихнамасы мәдени-тарихи кезеңдердің зерттелуімен тікелей байланысты. Бастапқы кезде ежелгі Қазақстанның көне тарихы мен мәдениетін зерттеу патшалық Ресей тұсында басталды. Жекелеген ғалымдар мен орыс шенеуніктері, Орынбор мұрағаттық комиссиясы, Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі, т.б. қоғамдық ғылыми-зерттеу бірлестіктерінің мүшелері ежелгі тарихқа азды-кемді ден қойды. Осы кездері жазба дереккөздері де қарастырылды. Одан кейін кеңестік дәуірде бұрынғы деректік қор одан сайын толыға түсті, іргелі археологиялық экспедициялар құрылды, антикалық дәуірдегі деректемелер жүйелі түрде қарастырыла бастады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін республика аумағында отандық зерттеушілермен бірге шетелдік әріптестер де ғылыми жұмыстармен айналыса бастады, халықаралық археологиялық экспедициялар жасақталып, сан алуан дереккөздері ғылыми айналымға енді.

Ежелгі Қазақстан тарихының деректері мен тарихнамасы Қоғамдағы өзгерістермен қатар тарих ғылымында да маңызды өзгерістер болып жатыр. Тарихшылар жаңа әдістемелік көзкарастар, ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса және шын мәнінде кандай болып отырса, сол күйінде – өзара байланысты, тұтастыкпен ұласкан, диалектикалық даму үстіндегі түрінде көруге ұмтылуда. Жаңа айкындамалар тұрғысында жазылған еңбектер жарык көрді, мұрағат корлары ашылды, Қазақстан тарихының ең елеулі «ақтаңдақтары» жойылып келеді. Сонымен бірге Казақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттык кеңес қабылдаған «Казақстан Республикасының тарихи санасын қалыптастыру тұжырымдамасында» атап өтілгеніндей, өткенді және қазіргіні ой елегінен өткізу кажеттігі Қазақстанның, оның халқының тарихи тағдырына талдау жасауды жандандырып, тереңдете түсуді мейлінше талап етеді.

Ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдері Тас дәуірі. Палеолит, неолит және энеолит дәуірлерінің жаңа ескерткіштері ашылды. Олардың ішінде Ертістегі Қозыбай қонысы, Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бар. Солтүстік Қазақстандағы энеолиттік Ботай қонысының қазбалары Қазақстанның жылқыны үйрету және болашақтағы көшпелі өркениетті қалыптастыру өңіріне кіретінін анықтады. Тұрғын жайлар, тас пен сүйектен істелген көптеген өрнекті заттар табылды, олар Қазақстанның тас дәуіріндегі ежелгі тарихы мен археологиясын жаңа кырынан ашып көрсетеді.

Қола ғасыры дәуірінің өзінде-ақ Қазақстан аумағында тарихқа Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті деген атпен енген тайпа мекендеген. Олар егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан, жауынгерлік күйме жасаған тамаша жауынгерлер болған. Ежелгі адамдар күймесінің бейнесі өздерінің тайпалық қасиетті ғибадатханаларына айналдырған жартастарда сақталып қалған, ал ол ғибадатханалардың төбесіне көк аспан күмбез болған. Күн күйдірген қара жартастардың беттеріне адамдар би көріністерін, күн сияқты басы бар құдайлардың, ежелгі құдай бейнелерін көрсететін алып түйелер мен өгіздердің бейнелерін қашап салған. Қазақ даласының әр жерінде жатқан атақты жауынгерлердің корғандары үйінділері мен сағаналарының алып көлемімен ерекшеленеді. Сарыарка мен Арал өңірінің далаларындағы Түгіскен және Беғазы мен Дәндібай кесенелері мейлінше мәлім. Ол дәуірдегі адамдар тамаша жауынгер, бақташы және егінші болып кана қоймай, сонымен қатар, таңғажайып металлург те болған. Олар коладан балта, пышақ, қанжар, әсемдік заттар жасаған. Ол кездегі адамдар казірде де пайдаланылып 6 келе жаткан мыс кеніштерін игере бастаған, олар – Жезказған және Саяк мыс кеніштері. Бұл адамдар үлкен қоныстарда және қабырғалармен қоршалып, айналдыра ор қазылған ежелгі қалаларда тұрған. Қалаларды жауынгерлер мен қолөнершілер, абыздар мен егіншілер мекендеген. Бұл тайпалар Қазақстан аумағын мың жылға жуық – б.з.б. XVIIІ ғасырдан б.з.б. IX - VIII ғасырға дейін мекен еткен.

Сақ дәуірі. Бұл халықты ежелгі парсылар солай атаса, қытайлар оны «сә», ал гректер «скифтер» деп атаған. Олар көшпелі, жартылай көшпелі және егінші ел болатын. Бірақ олар ең алдымен тамаша шабандоздар еді. Дүниеде атпен шауып келе жатып садақпен атуды бірінші болып сақтар меңгерген. Қайтпас қайсар кісікиік (кентавр) бейнесінің үлгісі салт атты скиф және сақ адамы болған. Б.з.б. VI - III ғасырларда сақтар, үйсіндер, қаңлылар өзінің тұңғыш мемлекетін құрып, оның орталығы Жетісуда, Оңтүстік Шығыс Қазақстанда болған. Сақтардың патшалары бір мезгілде жоғарғы абыздардың рөлін атқарған. Сақтардың өз жазуы, мифологиясы және дүниежүзілік деңгейдегі үздік өнері болды, ол әдебиетте «Аң стильді өнер» деп аталды. Сюжеттері – жыртқыш аңдар мен шөппен қоректенетін жануарлар, солардың арасындағы күрес. Сақтардың алтын мен қоладан жасалған үздік туындылары дүниежүзі мұражайларының мұрағаттарын көріктендіріп тұр. Тіл мәселесі де күрделі болатын, б.з.б. I мыңжылдық ішінде Қазақстан тұрғындары көбінесе үнді-еуропа, үнді-иран тілдерінде сөйлеген деп саналып келді. Ал қазір қола ғасыр тайпаларының, әсіресе сақтардың ішінде ежелгі түркі тілдерінде сөйлеген тайпалар болған деген пікір барған сайын орнығып келеді. Есік қорғанында «Алтын адам» көмбесінен түбіне 26 таңба ойып жазылған күміс тостаған табылды. Ол әлі оқылған жоқ. Бір ғалымдар жазба түрік тілдерінің бірінде, басқа біреулері ертедегі түркі тілінде жазылған деп есептейді. Бірақ қандай жағдайда болса да, орта ғасырлардағы және қазіргі қазақтардың бет пішіні мен тілі, олардың психологиялық стереотиптері, мәдениетінің, тұрмысы мен халықтық әдет-ғұрпының көптеген элементтері сол кезде қалыптаса бастайды.

Тарих ғылымының методологиясы (әдіснамасы) Қазіргі таңда «методология» түсінігі тарихи танымның біртұтас теориялық негіздерін, оның теориялық сипаттағы мәселелерін де қамтитындығы айтыла бастады. Кезінде тарихи танымның дамуы оның методологиялық негіздерінің де дамуына жол ашқан еді. Бүгінгі күні белгілі болып отырған бір нәрсе – тарих ғылымында методологияның ешқандай да жалғыз нұсқасы жоқ, оның қалыпты жағдайының өзгеруіне байланысты, методологиялық ұстанымдары да өзгеріп отырады. Тарихи зерттеулерде жан-жақтылық, нақтылық және объективтілік принциптері басшылыққа алынады. Алайда, әрбір тарихи тақырыпқа қойылатын нақтылы талаптар бар екендігін ескерсек, онда зерттеу жұмысында көтерілген алуан түрлі тақырыптарға да белгілі бір ғылыми принциптер мен әдістердің таңдап алынуы заңды құбылыс ретінде қабыл- данады. Ең алдымен олардың арасынан тарихи таным құрылымында зор мәні бар тарихилық және тақырыптық-хронологиялық принциптерді атап кетуге болады. Олар тарихи танымның түпкілікті ерекшеліктерін айғақтайды, қоғамдық ортада құбылыстың сипаты мен өзіндік өзгешелігі туралы түсініктерді түйіндейді

Тарихи зерттеу әдістерінің кейбір түрлері: сипаттау әдісі, салыстырмалы- тарихи әдіс, типология тәсілдері, ретроспективті әдіс, терминологиялық талдау әдісі, топонимикалық және антропонимикалық талдау, тарихи құбылыстарға өлшем мен модельдеу әдісі. Жалпығылыми әдістер – жалпығылыми әдістері мен талдау тәсілдері, соның ішінде тарихилық, құрылымдық-функциялық талдау, салыстырмалы талдау, жүйелілік, т.б. Жалпы философиялық әдістер – диалектикалық, метафизикалық.

Ежелгі Қазақстан тарихының тарихнамасы мәдени-тарихи кезеңдердің зерттелуімен тікелей байланысты. Бастапқы кезде ежелгі Қазақстанның көне тарихы мен мәдениетін зерттеу патшалық Ресей тұсында басталды. Жекелеген ғалымдар мен орыс шенеуніктері, Орынбор мұрағаттық комиссиясы, Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі, т.б. қоғамдық ғылыми-зерттеу бірлестіктерінің мүшелері ежелгі тарихқа азды-кемді ден қойды. Осы кездері жазба дереккөздері де қарастырылды. Одан кейін кеңестік дәуірде бұрынғы деректік қор одан сайын толыға түсті, іргелі археологиялық экспедициялар құрылды, антикалық дәуірдегі деректемелер жүйелі түрде қарастырыла бастады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін республика аумағында отандық зерттеушілермен бірге шетелдік әріптестер де ғылыми жұмыстармен айналыса бастады, халықаралық археологиялық экспедициялар жасақталып, сан алуан дереккөздері ғылыми айналымға енді.

Нәтижесінде ежелгі Қазақстан тарихын тарихнамасын түзуге мол мүмкіндіктер ашылды. Қазақстан тарихы палеолит дәуірін зерттеуде. Бұл жерде Х.А. Алпысбаев пен А.Г. Медоев сынды ғалымдарды ерекше атап кеткен жөн. Бұл ғалымдардың ізденістерінен қазақстандық палеолиттану негізі қаланған еді. X.А. Алпысбаев Қазақстанның оңтүстігінде, Қаратау шатқалдарында, Сырдария алқабында тас ғасыр ескерткіштеріне жеделдете зерттеу жүргізді. 1979 жылы жарыққа шыққан монографиясы сол жұмыстың нәтижесі болатын, онда палеолиттік Бөріқазған, Кемер, Қызылрысбек, Тоқалы, Дарбаза 8 тұрақтары мен басқаларының материалдары жарияланды. Солтүстік Балқаш өңірінің орталық бөлігіндегі палеолиттік тұрақтарды А.Г. Медоев басшылық еткен топ зерттеді.

Палеолит дәуіріндегі мәселелерді шешуге қомақты үлесін қосқан ғалымдардың бірі Ж.Қ. Таймағамбетов [1] болып табылады. Оның ізденісте- рінде палеолит дәуірінің зерттелуі, жекелеген ескерткіштердің материалдары, адамзат дамуының күрделі сауалдары қарастырылды. Сонымен қатар, О.А. Артюхова еңбегінде мустье, Ж.Қ. Таймағамбетов пен Д.В. Ожерельев ғылыми ізденісінде кейінгі палеолит мәселелері арнайы көтерілді. Сондай-ақ М.Н. Клапчук, Б.Ж. Аубекеров, В.С. Волошин, М.Р. Касымов, Л.Б. Вишняцкий, т.б. мамандардың еңбектерінде республика аумағындағы палеолиттік ескерткіштердің бірқатар проблемалары қарастырылған болатын. Тас дәуірін- дегі зерттеулерге тәуелсіздік жылдарында жаңа қарқын берген академик А.П. Деревянко бастаған ресейлік ғалымдардың (В.Т. Петрин, А.Н. Зенин, А.Г. Рыбалко, А.А. Цыбанков, т.б.) еңбектері болып табылады. Қазба жұмыстарының барысында жүзден астам тас дәуірі ескерткіштері анықталған.

Палеолиттік мәдениеттердің эволюциялық жолдары мен аймақтағы ежелгі халықтың миграциялық үрдістерін анықтаған кезде Қазақстан аумағының географиялық жағдайы мен көлемі ерекше маңыз алады. Қаратаудың палеолиттік ескерткіштерімен шектес аумақтарыңда, сондай-ақ тым шалғай жатқан аудандар – Орта Азияның, Кытайдың, Пәкістанның, Үндістанның, Монғолияның тұрақтарына ұксастық байқалады. Бұл ұқсастық «ежелгі мәдениеттер дамуының жолы бір» деп болжауға негіз береді. Алынған материалдар нәтижесінде Қазақстанды адамзаттың қоныстануы, тас құралдар эволюциясы, палеоэкология, т.б. күрделі мәселелерді шешуде оң қадамдар жасалынды. Мезолит пен неолит дәуірлері де ғалымдар тарапынан зерттелінді. Осы жерде С.С. Черников, Л.А. Чалая секілді одақтық экспедицияларды басқарып, республиканың шығыс және солтүстік өңірлерінде зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектері зор. С.С. Черниковтың басшылығымен Шығыс Қазакстан археологиялық экспедициясы жұмыс істей бастайды. Оның негізгі міндеті Өскемен және Бұктырма су электр станцияларының салынуына байланысты су астында қалатын аймақта орналаскан ескерткіштерді анықтап, зерттеу болатын. Мұнда неолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі көптеген ескерткіштер анықталып, Шығыс Қазақстанның тарихи өткендегісін сипаттайтын материал алынды. Алайда, неолитке қарағанда мезолиттік ескерткіштерді зерттеу кемшін тартып жатыр. Мұны дәуірдің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндірген жөн. Осы мәдени-тарихи кезеңдердің көптеген нысандарына Қазақстандық ғалымдардан В.Ф. Зайберт, В.Н. Логвин, Ғ.Т. Бексеитов, Ғ.Т. Исқақов, В.К. Мерц, т.б. зерттеу жүргізген. Бұл зерттеу- 9 шілердің еңбектерінде белгілі бір аумақтардың тас дәуірі ескерткіштері қарастырылып, тарихи дамуы анықталды. В.Ф. Зайберттің «Атбасар мәдениеті» деген монографиясы Солтүстік Қазакстанның неолитіне арналған. Негізінен жинау нәтижесінде алынған материал көршілес аумақтарға ұксастығы бойынша карастырылды. Шағын аудандарға бөлу, олардың салыстырмалы-типологиялык сипаттамасы және аймактың неолиттік индустриясына талдау жасау Атбасар мәдениетін бөліп алуға мүмкіндік берді.

Неолит пен энеолитті біріншісін алдыңғы, ортаңғы және соңғы деп бөлшектей отырып, ұсынылған кезендерге бөлу б.з.б. V мыңжылдықтан II мыңжылдықтың басына дейінгі кезеңді қамтиды. Аталған мәдениеттің географиялык шекарасы батыс жағынан – Торғай жырасы, солтүстік батыс жағынан Тобыл өңірі арқылы өтеді. Олардан басқа тас дәуірінің мәселелеріне бірқатар мамандар (А.Ю. Чиндин, А.Е. Астафьев, Е.В. Подзюбан, А.В. Логвин, т.б.) жекелеген еңбектер арнаған. Басқа дәуірлерге қарағанда археологтар тарапынан тас дәуіріндегі ескерткіштердің зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері толымды түрде зерделенген [2]. Жоғарыда аталған мамандардың көпшілігі энеолит дәуірлерін де зерттеуге мол үлестерін қосқан, салихалы қорытындылар жасай білген. Мұны отандық археология тарихнамасында энеолит дәуірі тас дәуірі ескерткіштерімен бірге жиі қарастырылатындығымен де түсіндіруге болады.

Энеолит кезеңіне жататын ескерткіштер соңғы уақытта терең зерттелді. Көшпелілік тақырыбы, егіншілік және көшпелілік мәдениеттердің өзара әсері негізгі зерттеу тақырыптардың бірі болып аталды. В.Ф. Зайберттің бастауымен Қызылжар қаласының археологтары Ботай қонысын ашып, энеолит дәуіріне жататын ертедегі Ботай жылқы шаруашылығы мәдениетін бөліп көрсетті. Басқа өңірлерге қарағанда солтүстік аймақтардан энеолит ескерткіштері толымды түрде қарастырылып, бірқатар археологиялық мәдениеттері анықталған. Дәуір ескерткіштерінің өзіндік ерекшеліктерін В.Н. Логвин, С.С. Қалиева, сондай-ақ В.Ф. Зайберт [3] көрсетіп берген, мәдени дамуын айқындаған. Ал С.В. Захаров сынды зерттеуші энеолит дәуірі ескерткіштерінің зерттелу тарихын жүйелеп шыққан. Энеолит және одан басқа да тарихи дәуірлердің бірқатар мәселелері кейбір ғалымдардың (В.И. Заитов, В.К. Мосин, т.б.) еңбектерінде де қарастырылған. Қазақстанда кеңінен зерттелінген ірі мәдени-тарихи кезеңдердің бірі қола дәуірі болып табылады. 1926 жылы Батыс Қазакстанда М.П. Грязнов- тың I Киргильд пен II Киргильд қабірлерін, Орал сайды, Құнанбай сайды ашып, қазба жұмыстарын жүргізуі бай материал берді және андронов мәдениеті тек Батыс Сібірге ғана тән деп орныққан пікірді өзгертті.

Дәуірді зерттеу тарихын өткен ғасырдың алғашқы жартысында-ақ археологиялық экспедициялар жасақтап, ұзақ жылдар бойы жүйелі жұмыстар 10 жүргізген С.С. Черников, А.Н. Бернштам секілді ғалымдардың еңбектерінен бастаса да болады. Осы уақыттарда зерттеу жұмыстарын жүргізген М.П. Грязнов, П.С. Рыков, М.Н. Комарова, К.В. Сальников, т.б. еңбектерінің ғылыми мәні зор екендігін атап кетуге болады. Аты аталған ғалымдардың ізденістері Қазақстан аумағы қола дәуірі мәдениеттері таралған ірі мәдени ошақ екендігі дәлелденген еді. Қола дәуірі ескерткіштерін зерттеумен екінші дүниежүзілік соғыстан соң отандық зерттеушілер де кеңінен айналыса бастады. Орталық Қазақстанда жүргізілген бірнеше жылдық археологиялық ізденістер кейіннен Ә.Х. Марғұлан, К.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, Ә.М. Оразбаев сынды ғалым- дардың бірлескен іргелі жұмысында көрініс тапты. Академик Ә.X. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан экспедициясы (ОҚАӘ) Сарыарқадағы қола кезеңге жататын ескеркіштерді іздестіріп, зерттеп келеді. Солтүстік Бетпақ- далада – Ақсай, Сартабан обалары, Атасу алқабында – Қараөзек обасы, сондай-ақ кен орындары зерттеліп жатты. Қарқаралы ауданы мен Баянауыл тауларында көптеген андронов ескерткіштері табылып, зерттелді.

Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеттері туралы монографиялар Шағалалы қонысын көп жыл бойы қазу жұмыстарының нәтижесі болды. Тасмола және Нұрманбай шатқалдарында андронов ескерткіштері және қола дәуірінің 30 қонысы зерттелді. Олардың қатарында Атасу, Ортау, Бұғылы, Ақсу-Аюлы, Байбала, Жамантас, Тағыбай-Бұлақ қоныстарына жан-жақты археологиялық сипаттама жасалынды. Ә.X. Марғұланның Беғазы-Дәндібай мәдениетіне арналған жұмысы іргелілігімен ерекшеленеді, ал ол мәдениетті ғалым андрон мәдениетінің жалғасы деп санаған еді. [4]. Қола дәуірінің бірқатар проблема- ларын Ә.Х. Марғұлан [5], К.А. Ақышев, Ә.М. Оразбаев, т.б. өз еңбектерінде қамтып өтіп, мәдени даму аясын белгілеп берді. Қазақстандық және одақтас республикалардың ғалымдары (С.П. Толстов, Е.И. Агеева, А.Г. Максимова, Ф.Х. Арсланова, Т.М. Потемкина, Г.Б. Зданович, С.Я. Зданович, Е.Е. Кузьмина, В.В. Евдокимов, А.С. Ермолаева, В.В. Варфоломеев, т.б.) тарапынан далалық ізденістер барысында алынған дәуірдің бірқатар тұрақтарының материалдары жарияланды. Мол дерек жинап алған В.В. Евдокимов қола дәуіріндегі Орталық Қазақстанның экономикасы мен халқының демографиясы проблема- ларын зерттеді. Кең көлемді қазу жұмыстары, Солтүстік Қазақстанда қазып алынған материалдарға мұқият талдау жасау Г.Б. Здановичтің оларды жаңа кезеңдерге бөліп, хронология жасауды ұсынуына мүмкіндік берді. Ұзақ жылдар бойы жүйелі зерттеулер нәтижесінде көптеген археология- лық мәдениеттер анықталып, ғылыми айналымға жүздеген қоныстар мен қорымдардың материалдары енген. 80-жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы Атасу қонысын қазуды жалғастырып, металл балқытатын орындарды, ертедегі металлургиялық пештердің орнын тапты.

Жаңа деректерге сәйкес, соның ішінде Орталық Қазақстанның қола және ерте темір дәуіріндегі палеоэкономикасы бойынша мал шаруашылығы, кен ісі және ертедегі металлургия, қыш өндірісі жөніндегі материалдарға талдау жасалды. Қазақстанда және Орал сыртында ертедегі қала үлгілес кешендерді Арқайым, Кент қоныстарын ашудың сәті түсіп, олар қола дәуіріндегі мал шаруашылық және малшы-егіншілік өркениеттің негіздемесін кеңейтіп, тереңдетуге мүмкіндік берді. М.Қ. Қадырбаев пен Ж.Қ. Құрманқұлов секілді ғалымдардың монографиясында Бетпақдала өңіріндегі қола дәуіріне жататын нысандардан алынған ақпараттық материалдар жайында әңгіме қозғалған еді. Солтүстік Бетпақдала қоныстары мен обаларынан алынған көптеген жаңа деректер ғылыми айналымға енгізілді. М.Қ. Қадырбаев пен Ж.Қ. Құрманкұловтың монографиясында Атасу-1, Мыржық, Ақ Мұстафа, Ақмая ескерткіштерінің материалдары жүйеленіп, оларға талдау жасалған, олардың орналасу заңды- лықтары анықталған. Көлемі 15 мың шаршы метрден астам, қола балқыту мен қола бұйымдар дайындауға мамандандырылған ірі қоныс – Атасу-1 қонысын зерттеу нәтижелерінің ерекше маңызы бар. Қоныс аумағында мыс балқытылатын 7 кешен және 14 шұңқырпеш зерттелген. Металл өндіретін көптеген кұралдың түрлері сипатталынған. Еңбектің тарауларының бірінде жерлеу ғұрпы мен обалардың материалдары қарастырылады. Ескерткіштер- дің уакытын анықтау үшін табылған бұйымдар мен керамика бойынша типтендіру әдістері қолданылған [6].

Археологтар В.В. Варфоломеев, К.М. Қарабаспақова, Н.А. Ткачева, Э.Р. Усманова секілді зерттеушілер еңбек- терінде белгілі бір мәдени-тарихи өңірлердің қола дәуірі ескерткіштері қарастырылды. Археологиялық материалдар бойынша қола дәуіріндегі діни наным-сенімдер И.А. Кукушкин, баспаналар мен үй құрылысының жай-күйі Ю.А. Лысенко, тау-кен ісі С. Жауымбаев ізденістеріне арқау болды. Басқа да зерттеушілер (С.А. Агапов, В.Г. Ломан, А.В. Рогожинский, А.А. Ткачев, А.Н. Марьяшев, Ю.А. Мотов, А. Горячев, т.б.) еңбектерінде белгілі бір археологиялық кешендер жайында толымды ақпараттар беріліп отырды. Сондай-ақ В.В. Ткачев, В.В. Евдокимов, Е.Е. Кузьмина, М.А. Итина, Л.Т. Яблонский еңбектерінде, сонымен қатар, А.З. Бейсенов пен В.В. Варфоломеев [7] монографияларында белгілі бір өңірлердегі қола дәуірі мәдениеттері жөніндегі пікірлер ғылыми талдаудан өткен. Есімдері аталған ғалымдардың зерттеулері қола дәуірінің тарихи дамуын әр қырынан көрсетіп берді, бірқатар мәдени-тарихи өңірлерде оның даму ерекшеліктері мен ортақ заңдылықтарын айқындады. Ерте темір дәуіріндегі тарихи мәселелерді де жоғарыда есімдері аталған археолог ғалымдардың біразы ғылыми еңбектерінде көтерген. Мәселен, К.А. Ақышев пен Г.А. Кушаев [8], З.С. Самашев, Ә.Т. Төлеубаев, 12 Г.С. Жұмабекова [9], М.К. Хабдулина [10], А.М. Досымбаева [11], сондай-ақ А.Н. Подушкин, А.З. Бейсенов, Ә.К. Ақышев, Г.С. Жұмабекова, Ғ.А. Базарбаева, т.б. ерте темір дәуіріндегі тайпалардың жерлеу ескерткіштері, қоғамдық құрылысы, тарихы мен мәдениеті туралы проблемаларды туғызады. Жекелеген зерттеушілер де (Ж. Құрманқұлов, Ғ. Омаров, Ж. Жетібаев, А. Бейсембаев, А. Оңғар, Ұ. Үмітқалиев, т.б.) өз еңбектерінде ерте темір дәуіріне жататын археологиялық нысандардың материалдарын жарыққа шығарып келеді.

Сайып келгенде, отандық тарихнамада археологиялық зерттеулердің нәтижесінде бірнеше мәдени-тарихи қауымдастық пен археологиялық мәдениеттер анықталды, ғылыми айналымға енген материалдар негізінде қоғамдық даму, діни-мифологиялық көзқарастар жүйесі, жерлеу ғұрпындағы өзгешеліктер, тұрмыстық-шаруашылық бұйымдар эволюциясы анықталды. Бұл жерде жартас суреттерін тарихи дереккөзі ретінде саралап шыққан З.С. Самашев зерттеуін [12] ерекше атап кетуге болады. Ол Республика аумағынан табылған тасқа шекілген суреттердің мән-мағынасын, архетиптерін анықтап, оларды талдау негізінде хронологиясы мен этномәдени атрибуциясын, семантикалық интерпретациясын жасап шықты. Археологиялық материалдар негізінде алынған палеоантропологиялық деректік қорды зерттеген ғалымдардың ғылыми ізденістері де ежелгі Қазақстан тарихы тарихнамасында маңызды орын алады. Олардың арасынан әрбір мәдени-тарихи дәуір материалдарын зерттеумен шұғылданған академик О. Ысмағұловты және т.б. кеңестік, ресейлік мамандарды (Г.Ф. Дебец, В.В. Гинзбург, Т.А. Трофимова, т.б.) атап кетуге болады. Ежелгі Қазақстан тарихына қатысты жазба дереккөздері ғылыми талдаудан өткендігі отандық тарихнамада кеңінен белгілі. Бастапқыда бұл проблемамен патшалық Ресей тұсында көптеген авторлар (А.Н. Аристов, В.В. Григорьев, т.б.) айналысқан. Шетелдік ғалымдар да аталған мәселемен шұғылданып, салихалы қорытындылар жасаған болатын. Олардың ізденістерін зерттеген мамандардың бірі К.Л. Есмағамбетов [13] шетелдік тарихнамада Қазақстан тарихының сан алуан проблемаларына қатысты айтылған тұжы- рымдар мен пайымдауларды зерделеген. М.Т. Лаумулин, Т.К. Бейсембиев еңбектерінде библиографиялық әдіс негізінде ежелгі авторлардың ой- пікірлері жүйеленген. Ерте темір дәуірінде тарихтың қалтарысты тұстары шығыстанушы Ю.А. Зуевтың іргелі еңбегінде кеңінен саралаудан өткен [14]. Бұл дәуірде тіршілік еткен халықтардың қытай тіліндегі баяны О. Мұхтархан, қаңлылар тарихи шежіресі Ә. Қайдар сынды мамандардың ізденістерінде талданған. Сондай-ақ көне замандардағы бірқатар шежірелер жеке жинақ болып басылып шыққандығы баршаға аян. Мұндай бағыттағы ізденістер бастапқыда патшалық Ресей тарихнамасында (Н.Я. Бичурин) көтерілсе, кеңестік дәуірде бірқатар мамандар тарапынан (Н.В. Кюнер, Л.А. Боровкова, т.б.) өз жалғасын тапқандығы белгілі. Қазақстандық зерттеушілер 13 (Б. Еженханұлы, Н. Мұқаметханұлы, С. Сұңғатай, Ә. Дәулетхан, т.б.) тарапынан көне дереккөздеріне ден қойылып келеді. Әсіресе антикалық және византиялық дереккөздері А.Н. Гаркавец құрастырған жинақта толымды түрде қамтылды, құрастырушы әрбір автордың өмірбаянына тоқтап, жазба мәтіндеріндегі бірқатар мәселелерге түсініктеме беріп кетті [15].

Жазба дереккөздерін ғылыми саралаудан өткізген мамандардың еңбектері бойынша бүгінгі таңда ерте темір дәуірінде тіршілік еткен түрлі этностардың саяси тарихы, этникалық мәселелері, қоғамдық қатынастары, миграциялық үрдістері, мемлекеттілігі, т.б. түйіні түйіткілді сауалдары нақтыланған. Бұл мәселелердің кейбірі «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы (ежелгі дәуір мен орта ғасырлар)» секілді іргелі жинақта да көтерілді. Онда мамандар (Б.Е. Көмеков, З. Қинаятұлы, А.И. Исин, Н. Мұқаметханұлы, т.б.) жазбаша дереккөздері арқылы ежелгі және орта ғасырлардағы мемлекеттіліктің тарихи дәстүрін саралаған [16]. Ежелгі Қазақстан тарихы археологиялық бағыттағы оқулықтарда, көптомдық ұжымдық еңбектерде сипатталған, деректемелік жинақтарда көрініс тапқан [17, 18].



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу