Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышкер) басқа адамның (кредитордың) пайдасына мүлiк беру
жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы да сол сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал кредитордың борышкерден өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқығы бар.
Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады
Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi.