Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы



бет139/310
Дата25.04.2020
өлшемі1,85 Mb.
#64655
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   310
Байланысты:
Әлімов Асхат. ЖОО интербелсенді әдістерді қолдану

3. Мотивация «Неліктен? Не себепті?» деген сұрақтарға жан-жақты жауап беру арқылы қозғаушы күштер мен себептердi айқындау.

Үйренушілер оқиғалар мен әрекеттер туралы өздері пайымдаған қосымша мағыналарды пайдалана отырып, олардың тура және жасырын (астарлы) мағыналарын таниды, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғайды.

Мәселен, «Неліктен әлемдік экономикалық дағдарыстың себебін ипотекалық несиелеумен байланыстырады?» деген сұраққа жауап беру үшін үйренушілер дағдарыстың себеп-салдарын айқандауы керек.

5) Синтез

Синтез - жаңа мазмұн мен бүтін ұғым (түсінік, құбылыс, құрылым) тудыру мақсатында жеке бөліктерді (элементтерді) шығармашылықпен бiрiктiру.

Синтез шығармашылық процестерді білдіреді. Мұндағы зерттеу жұмыстары «Қолдану» деңгейіне де, синтезге де жатуы мүмкін. Бірақ «Қолдану» жаңа ұғымды құрастыруды талап етпейді, ал синтез үйренушінің жеке тәжірибе негізінде жаңалық енгізуді, жаңаша шешімді келтіруді меңзейді. Синтез - «жинақтау» деген ұғым, ол болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, құрамдас бөліктердің қалайша бірігіп, жаңа мазмұн, құрылым, модель құрайтындығын көрсетеді.

Синтездің келесідей түрлері болады (Некоторые вопросы образования, 15-16):

1. Шығармашылық жанрлар – эссе, өлең, жоба, баяндама, шығарма, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама, т.б.

2. Жоспар құрастыру, әрекеттердің тәртібін келтіру немесе тәжiрибе өткiзу.

3. Абстрактылы қатынастармен көрсетілетін нәтижелер.

Мәселен, әртүрлі құбылыстарды бақылау нәтижелерінің негізінде жаңа моделдер құрастыру: бұл қандай да бір ғылыми болжам келтіретін гипотеза болуы мүмкін.



6) Бағалау

Бағалау – күмәнді, даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны нанымды дәлелдер арқылы айғақтау. Мұнда да шығармашылық әрекеттердің маңызы зор.

Бұл деңгейде үйренушілер өз жауаптарында дәлдік, нақтылық, логикалық жүйе, дәйектiлiк секілді талаптарды қолданады, сөйтіп олар өздерінің таңдау жасап, шешім қабылдай алатындығын көрсетеді.

Бағалауда үйренушілер алдымен өз ойлары, идеялары, пайымдаулары қандай талаптар (критерийлер) негізінде құрастырылатындығын анықтап, содан кейін осы талаптарды қолдана отырып, өз ойларын келтіреді. Бұл талаптар үйренушілердің 1) қандай мәдени және әлеуметтік құндылықтар таңдағанына, 2) діни-рухани және тарихи идеалдарына, 3) жеке басының тұлғалық ерекшеліктері мен құндылықтарына негізделеді .

Мәселен, «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал» деген тұжырыммен келісесіз бе?» деген сұраққа әртүрлі жауап алуға болады, өйткені үйренушілердің сенімдері мен ұстанған құндылықтары, түсініктері мен көзқарастары біркелкі емес.

Үйренуші бағалау» тапсырмаларын орындауда келесі әрекеттерді атқарады (Некоторые вопросы образования, 17):

1. Өз позициясының (идея, пікір, түсінік) дұрыс-бұрыстығын анықтап, оны жан-жақты пысықтайды.

2. Өзінің дербес көзқарасын қалыптастырып, тұжырым ретінде келтіреді.

3. Өз пікірін негіздейді, жақтайды: дәлел келтіреді, сілтеме жасайды, қорғайды.

Бағалау «Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс па, бұрыс па (маңызды ма -маңызды емес пе, жақтайсыз ба - қарсысыз ба)?» деген пiкiрталас пен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.


ҚОСЫМША



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет