Бесінші қағида: «Жариялылық». Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын-ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланытындығын білуі керек. Профессор Д.Хесс «Бұл қағида Америка мектептерінде нағыз төңкеріс жасап, оқыту жүйесін түбегейлі өзгертіп жіберді» дейді.
Мұғалімдер бағалау жүйесін алдын-ала ойластырып, оны оқушыларға жеткізуі керек еді. Бұл жәйт мұғалімдердің артқа шегінуіне жол бермеді, өйткені оқушылар бағалаудың әрбір қағидасы бойынша берілген сұрақтарды мұғалімдердің өзіне де қоя алатын болды. Сол себепті де мұғалімдер бағалаудың барлық қағидаларын қолдануға мәжбүр болды.
Бағалаудың талаптары (критерийлері) мен тәсілдерін белгілеуге оқушылардың өздерін де қатыстыру керек. Мұндай ұстаным бағалауды оқушылардың өзіндік әрекетіне айналдырады.
Сонымен, келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Мен оқушыларға «нені» және «қалай» бағалайтындығымды қашан және қалай хабарлаймын? Мен бағалаудың талаптары мен тәсілдерін оқушылармен бірлесе отырып белгілей аламын ба?