1. Қысқа жауапты қажет ететін ашық тестер Мысалы: «Туындылар: 2 х 2 = 4; 2 х 2 х 2 = 8; 2 х 2 х 2 х 2 = 16; 2 х 2 х 2 х 2 х 2 = 32 Егер туындылардың көрсетілген реттілігін жалғастырса, 375 саны осы туындылар қатарына жата ма? Жауапты түсіндіріп беру керек». Тапсырманы орындауды тексерудің нұсқасы: «Дұрыс жауап - 1 балл. Дұрыс түсіндірулер: «Жатпайды, өйткені 375 саны 2-ге бөлінбейді (жұп сандар қатарына жатпайды)» немесе «Жатпайды, өйткені 375 саны бұл реттіліктегі екі жауаптың арасынан орын алады». Бұл жауаптар қабылданады, өйткені «375 – тақ сан». «Бұл реттілікте санақ 2-ден ғана жүргізіледі» немесе «Бұл реттілікте сандар 2-ге көбейтіліп отыр» сияқты жауаптар қабылданбайды. Бұрыс жауаптар – 0 балл. Қандай да болмасын бұрыс немесе толымсыз түсіндірме.