үлгі (модель) – студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудың құралы, өйткені ол әр студентке оқудың өзіндік стратегиясын айқындап, қажетті материалдар мен жұмыс түрлерін таңдау мүмкіншіліктерін береді;
ой-толғаныс пен шығармашылық тудырушы – студенттерге оқу/үйрену және кәсіби тұрғыдан қажетті әдістер мен тәсілдердің қолдануын ұғынып, оларды қолдану мен өзгерту мүмкіншіліктерін береді.
Мұнымен қатар Сузанна Саффкова портфолионың келесідей мүмкіндіктерін нұсқайды:
- оқытушы үшін – студенттің жетістіктерімен танысып, олардың маңыздылығын айқындау мен бағалау;
- студент үшін – тұлғалық тұрғыдан дамып, мотивация мен өзіндік жетістіктер, кемшіліктер мен мүмкіндіктер туралы түсініктерінің өзгеруіне байланысты әрі қарай жетістіктерге жету;
- оқу орны үшін – студенттердің мүмкіншіліктерін (әлеуетін) айқындап, соған байланысты оқу бағдарламалары, сабақ беру әдістемесі мен оқу процесін ұйымдастыруды студенттердің мүмкіншіліктеріне байланысты өзгерту;
- жоғарыда көрсетілген барлығы үшін – қажет болған жағдайда жасаған жұмыстары туралы құжаттармен дәлелденген есеп беру (С.Саффкова, 11-15).
Портфолио – материалдардың қарапайым жинағы ғана емес. Бағалауда портфолионың нақты мазмұнымен бірге материалдардың қалайша таңдалып алынғандығы және оларды дәлелдеу базасы да бағаланады. Студенттер портфолиоға өздерінің түсініктері, ой-толғаныстары мен дәлелдеулерін көрсететін келесідей материалдарды жинақтайды:
- өткізілген пікірталастардың қорытындылары,
- оқыған материалдарының (кітап, лекция, зерттеулер) конспектілері,
- проблема шешудің өзіндік ұсыныстары,
- эссе мен басқа да жазу үлгілері.
Басқаша сөзбен айтқанда, портфолио үшін ең басты мәселелер – есеп беру (дәлелдер келтіру) және ой-толғаныс (рефлексия).