Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы
Интербелсендi гео әдістер
Егерде бұл жұмысты орындау нәтижесінде студенттерге баға қою қажет болатын жағдайда бағаларды келесідей бөлуге болады (мұнда көрсетілген әрбір талапты қадағалағандығы үшін бір балл беріледі, яғни студент 12 балға дейін жинай алады): - «өте жақсы» - 11-12 балл, - «жақсы» - 9-10 балл, - «қанағаттанарлық» - 6-8 балл. 2.7 Портфолио Портфолио - студенттің семестр бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио студенттің даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жан-жақты талдау мүмкіншілігін береді: студенттер өз оқуын бұрынғыдан да сәтті түрде ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді. Портфолиода студент өзінің семестр бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін сақтап, семестр аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде портфолионы дәлел ретінде қолдана алады. Портфолио - студенттің оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу процесінің студент үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, студенттермен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио студенттердің бірлесе жұмыс жасап, оқытушылармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол студенттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына студенттердің өздері мен оқытушының қатысуын талап етеді. Портфолио студенттердің оқуын қорытынды әрекет (емтихан) бойынша бағаламай, процесс бойынша бағалау мүмкіншілігін береді. Портфолиоларды электрондық түрде де келтіруге болады (Қараңыз: М.Лебедева, О.Шилова, 21-25). Портфолио бірнеше қызмет атқарады: жүктеу/скачать 1,84 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |