6 дәрістің тақырыбы: Портфолио оқушының оқу жетістігін бағалау құралы



Дата07.02.2022
өлшемі13,22 Kb.
#82650

6 дәрістің тақырыбы: Портфолио - оқушының оқу жетістігін бағалау құралы Портфолио – білім алушының жыл (тоқсан, семестр) бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио білім алушының даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жан-жақты талдау мүмкіншілігін береді: білім алушылар өз оқуын бұрынғыдан да сәтті түрде ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді. Портфолиода білім алушы өзінің жыл (тоқсан, семестр) бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін сақтап, оқу мерзімі аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде портфолионы дәлел ретінде қолдана алады. Портфолио - білім алушының оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу процесінің білім алушылар үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио білім алушылардың бірлесе жұмыс жасап, ұстаздармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол шәкірттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына білім алушылардың өздері мен ұстаздың қатысуын талап етеді. Оқушы портфолиосының құрылымы бойынша ұсыныстар:
• Титулдық парағы.
• Пән бойынша бөлгіштер.
• Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау бойынша орындалған жұмыстар, мысалы, жазба жұмыстары, практикалық жұмыстар, презентациялар, эссе және т.б. және бағалау критерийлері мен балл қою кестелері
• Күнделікті оқу үдерісі кезінде орындалған және оқу жетістігінің нәтижесін көрсететін жұмыс үлгілері.
Ұсыныстар, пікірлер, мұғалім тарапынан берілген кері байланыс.
• Оқушы рефлексиясы.
Портфолионың үлгісі оқушының жасы мен пәнге байланысты. Мысалы: АҚТ мен Информатика бойынша портфолио электронды түрде болуы мүмкін (кейде ол электронды портфолио деп аталады) және электронды тасығышта сақталады (дискте).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет