Физикадан факультатив сабақтардың маңызы және мақсаты,оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі



бет1/6
Дата16.06.2022
өлшемі1,81 Mb.
#146712
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
14-15-16


14-билет

  1. Физикадан факультатив сабақтардың маңызы және мақсаты,оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі.

Оқушылардың физика-математикалық, жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар бойынша білімдерін тереңдететін оқушылардың қабілеттерін жан-жақты дамытып және қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында факультатив сабақтары мектептерде 1966 жылдан бастап енгізілген. Ол кезде мектептерде білім беру жүйесі де, мектептердің өздері де бірдей болатын. Сондықтан факультатив сабақтар сол кездегі саралап оқытудың жалғыз формасы болды. Қазіргі кезеңде факультатив сабақтары мектептегі саралап оқытудың басқа формаларымен қатар жүреді (деңгейлік және бағдарлы саралау). Оларға берілетін уақыт базистік оқу жоспарының вариативтік бөліміне енгізілген: факультатив сабақтарға оқушылар өз қалаулары бойынша курсты таңдап қатысады.


Факультатив сабақтарының маңызы: - оқушылардың қабілеттерін дамыту; - қызығушылықтарын қанағаттандыру; - оқушылардың шығармашылық қабілетерін дамыту; - оқушылардың білімдерінің сапасын арттыру; -оқушыларды қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың жетістіктерімен таныстыру; - оқушыларда жалпы оқу біліктерін қалыптастыру (баяндамаларды әзірлеп баяндау, рефераттар жазу, топпен жұмыс істеу, ақпаратпен жұмыс істеу); - оқушыларға кәсіби бағдар беру. Факультатив курстарының жүйесі үш топтан тұрады; 1) Жоғары деңгейдегі курстар. Бұл курс негізгі физика курсымен тығыз байланысты. Оның мақсаты – оқушылардың сабақтарда алған білімдерін тереңдету.Бұл курстар оқушылардың теориялық білімдері мен экспериметальдық іскерліктерін байланыстырып, толықтырады. 2) Қолданбалы физика курсы. Мақсаты оқушыларды физика ғылымының жетістіктерін практикада қолдану әдістерімен таныстырып, олардың техника мен технологияға қызығушылықтарын тәрбиелеп дамыту. Факультатив курсының бұл түрінде оқушылар ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының 129 физикалық негіздерімен (механикаландыру, автоматтандыру, аспап жасаудың, энергетика) негіздерімен, физика-техникалық зерттеулерді жүргізу мен өлшеу әдістерімен танысып, физикатехникалық модельдер мен конструкцияларды құрып жинақтауға үйренеді. 3) Арнайы курстар. Бұларда оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды роль атқаратын физика мен астрономияның кейбір тараулары қарастырылады. Бұл курстың мақсаты – негізгі физика курсының бағдарламасында жоқ кейбір маңызды тақырыптардың орнын толтыру. Арнайы курстарға пәнаралық факультативтер де жатады. Олардың мақсаты – бірнеше жаратылыстану және гуманитарлық пәндерден алған оқушылардың табиғат пен қоғам туралы білімдерін интеграциялау. Кейбір факультатив курстары 1 жыл бойы оқытылса, кейбірулерін 2-3 жыл бойы оқиды. Егер факультатив курсы бірнеше жыл бойы оқытылса, оның әр жылдағы бағдарламасы автономды болып, оқушы кез-келген жылда қалауы бойынша бұл курсқа қатыса алады. Факультатив сабақтарына қатынасатын оқушылар саны 10 адамнан кем болмауы керек. Шағын жинақталған метептерде факультативтік сабақтарға қатынасатын оқушылар әр сыныптан жинақталуы мүмкін. Факультатив сабақтары арнайы жасалған бағдарламалар бойынша өткізіледі. Кейбір факультатив курстарының бағдарламалары Білім Министрімен бекітіліп, бағдарламалар жиынтығына енгізілген. Мектеп әкімшілігі бекіткен мұғалімнің өзі жасаған бағдарлама бойынша да факультатив сабақтарды өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет