ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ
«ЖАС ҰЛАН» АРНАЙЫ ЕРЛЕР МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ
Тақырыбы:
Витаминдер
және
олардың маңызы
Пән мұғалім: Машрапова Л.Б.
Семей, 2009-2010 оқу жылы
Топ: 82
Сабақтың тақырыбы: Витаминдер және олардың маңызы.
Сабақтың мақсаты: зат алмасудағы витаминдердің биологиялық рөлі мен олардың денсаулық үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: витаминдер және авитаминоз, дұрыс тамақтану туралы түсінік беру.
Дамытушылық: ойларын салыстыруға, анализдеуге, жалпылауға және қорытындылауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке және дене шынықтыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: СТО (сын тұрғысынан ойлау).
Сабақтың әдісі:
Оқырман жауабы – 3-4 мин
Джиксо – 1 – 15 мин.
Автор орындығы – 5 мин
Еркін жазу – эссе
Көрнекіліктер:
а) «Витаминдер топтары» кестесі, «Денсаулық әліппесі» көкөніс және жеміс жидек көрмесі, витаминдер препараттары (интерактивті тақтада).
ә) Сабаққа қатысу журналы.
Б) Үлестірмелі парақ.
В) Бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (1-2 мин)
Ұйымдастыру кезеңі арқылы сынып оқушыларын сабаққа дайындау.
Мұғалім сөзі: алдымен біз жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты еске түсірейік! Алдыңғы сабақтарда біз сіздермен зат алмасу дегеніміз не, ол процесс жасушада қалай өтетіні жөнінде көптеген мағлұматтар алдық. Сонымен, маған жауап беріңіздерші: «Зат алмасу дегеніміз не?».
Оқушы жауабы: Зат алмасу дегеніміз – заттардың организмге сыртқы ортадан енуінен бастап, ыдырау өнімдерін шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегі.
Мұғалім: Яғни, бір сөзбен айтқанда бұл процесс тіршіліктің туу, өсу, даму, қартаю, өлу сияқты кезеңдерін анықтайды.
*Бұл кезеңде оқушылар зат және энергия алмасу туралы ойларын білдіреді мысалдар келтіре отырып жаңа білім алуға дайындалады.
ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық.
1.Қызығушылығын ояту (миға шабуыл) кезеңі, 3-4 мин
Мұғалім: Балалар, мына экрандағы суреттерге қараңыздаршы! Бұл суреттер нені бейнелейді? Слайд 1,2
Оқушы жауабы: витаминдерді.
Мұғалім: Организмдегі зат алмасу процессі үздіксіз қызмет атқарып отырмайды екен, мұндай процестің бұзылуына әсер ететін жағдайлардың бірі – витаминдердің жетіспеушілігі немесе артық мөлшерде болуы.
***
Оқушылардың алгоритм бойынша ассоциация, яғни кластер жасай отырып, жұмыс істейді (флипчартта бағдарлар көрсетілген карта беріледі).
**Сонымен біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты – «Витаминдер және олардың маңызы».
**Мұғалім тақтада жаңа тақырыптың аты және оның мақсат-міндеттерімен оқушыларды таныстырады Слайд 3,4,5
Мұғалім: Ал қазір экранға назар аударыңыздар!
Слайд 6,7,8 (Витаминдер тарихы мен жіктелуіне қысқаша тоқталу)
!!! Сонымен балалар, сабағымыздың келесі кезеңі - «Мағынаны ажырату».
2. «Мағынаны ажырату».
Джиксо – 1 стратегиясы.
Біздерде бүгін сайыскер 4 топ білім сынағынан өтеді. Әр топта топтың президенті мен спикері сайланады.
Жаңа сабақты оқушыларды топтарға бөліп отырғызып, әр стратегиялық топқа 1, 2, 3, 4 сандарын таратамыз.
1 саны – 1 топқа
2 саны – 2 топқа
3 саны – 3 топқа
4 саны – 4 топқа
Бұл кезеңде төрт топқа бөлінген оқушылар оқулықпен және алдарына берілген қосымша материалдармен жұмыс жасайды. Берілген тақырыптағы витаминдер түрлерін 4 топқа бөлеміз. Сол бөлімдер арқылы 1,2,3,4 топ мүшелері жеке-жеке отырып, оқиды. Оқығандарын алма-кезек түсіндіреді, әр топтан 1 оқушыдан (спикер) шығып түсінгендерін жалпы отырғандарға түсіндіреді.
Мұғалім: Балалар, осымен біз витаминдердің түрлерімен, маңызы және негізгі қорларымен таныс болдық. Сабағымыздың келесі 3-нші кезеңі – «Ой толғаныс».
3. Ой толғаныс сатысы. 5-мин
* Автор орындығы *
Мұғалім алдымен жалпыға тақырып айтады.
«Витаминдерді сақтау жолдары және қолдану ережесі».
Топ орындарында отырып дайындалады да, болған соң 1 оқушы жауап береді. Келесі топтар әрі қарай жалғастырады.
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту.
ТЕСТ «Витаминдер жөнінде не білесің?»
.
Слайд 24, 25, 26
*СҰРАҚТАР*
Эскимостар керекті витаминдерді қайдан алады?
балықтан, балық майынан, ақ аюдың етінен, түлен етінен.
2. Шпинатта витаминдер жақсы сақталады, егер оны мынадай түрде қолданса… шикі күйінде, қатырылған, консервіленген
3. Сүттегі витаминнің құрамы жылдың қай мезгілінде 2 есе көп болады?
4. Егер сіз вегетариандық режимді сақтасаңыз, онда осы төрт витаминнің қайсысы организмде болмайды? витамин А, витамин Д, витамин В2, витамин В12.
5. Күн сәулесінің әсерімен түзілетін витамин: Витамин Д, витамин А, витамин Е, витамин В6 .
6. Қыста күн сәулесінің жеткіліксіздігін басқа да заттармен толықтыру керек. Немен? Көкөністермен, жұмыртқа сарысымен, лимонмен, жеміс-жидекпен.
7. Қай азық-түлікте витаминдер алуан түрлі және көп мөлшерде? Нанда, сүтте, жаңа піскен капустада, бауырда.
8. Қандай витамин шоколадта да, саңырауқұлақта да, жұмыртқа және арахис жаңғағында да бірдей мөлшерде болады?
9. С витаминінің организмге күнделікті қажетті мөлшерін алып отыру үшін не пайдалану керек? 1,5 кг помидор, 1,5 кг сиыр еті, 1 кг апельсин
* ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ *
Төртеуінен де.
Шикі күйінде (жаңа піскен түрде).
Жазда. Сүт – құрамында кальций, витаминдерге бай аса бағалы азық. Күніне 1 литр сүтті ішкен адам организмі жақсы витаминді тепе-теңдікте жүреді.
В 12 витамині еттің құрамында болады.
Д витамині мешел ауруынан сақтайды.
Жұмыртқа сарысы.
Бауырда. Күніне 100 грамм бауырды жеген адам организмінде 7 түрлі - А,С, В тобының витаминдерінің мөлшері толығады.
Н немесе биотин витамині. Ол тері мен шашқа жақсы әсер етеді.
Кез-келгенін.
Нәтижесі:
Мұғалім: Кесте бойынша қанша ұпай жинағанынызды есептеңіз!!!
Сұрақ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Дұрыс жауап ұпайы
|
2
|
3
|
3
|
4
|
4
|
4
|
3
|
4
|
3
|
10 ұпайдан төмен. Сіздің витаминдер жөнінде мағлұматыныз жеткіліксіз. Сондай-ақ, оларды ойланбай пайдалану денсаулы-ғынызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сіздің тамақтану режиміңіз қанағаттанарлықсыз. Тамақтану кезіндегі витаминдерді пайдалану ережесін қатаң сақтағаныңыз жөн!
10-нан 19 ұпайға дейін. Сіздің тамақтану режиміңіз жеткілікті болсын десеңіз, әлі де тырысу керек. Бірақ сіз дұрыс жолда келе жатырсыз!
20–дан жоғары. Витаминдер және олардың маңызы – сіз үшін құпия жаңалық емес! Сіз өз рационыңызға жеңіл, витаминді және әртүрлі тамақты алмастыра отырып, тиімді пайдаланасыз!
ІV.Қорытындылау.
1 оқушы өзінің дайындап келген «Витаминдер – денсаулық әліппесі» тақырыбындағы шығармашылық жұмысын интерактивті тақтада қорғайды.
V.Үй тапсырмасын беру.
Слайд 27
§51 оқу.
Еркін жазу стратегиясы
: «Менің және менің болашақ ұрпағымның организміне витаминдердің әсері» тақырыбына эссе жазу.
VІ. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы (бағалау парағы).
Президент Бағалау парағын сабақ соңында өткізеді.
Мұғалімнің бағалауы.
Слайд 28
Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы витаминдермен бағалаймын
«5» - апельсин - тәтті
«4» - алма – қышқыл
«3» - лимон – ащы
Слайд 31
Сапалы білімді, саналы, тәрбиелі келешек азаматтары болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |