Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет1/28
Дата17.01.2023
өлшемі99,62 Kb.
#165755
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Дәріс тезистері
document (3), Лексика-фразеологиялық бірліктерге қатысты терминдер глоссарийі




2.ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ






№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1
дәріс

«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» ЖОО-дағы оқу пәні ретінде
Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін
критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Қазақстан үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыларды оқуға ынталандыруға, қызығушылығын арттыруға, дамытуға бағытталған. Егер әр білім алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерийлері берілсе, бұған қол жеткізуге әбден болады. Критериалды бағалау жүйесі жалпы білім беретін мектептердегі білімалушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесіне өзгерістер енгізудің негізін анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЭЫДҰ мәліметі бойынша (2014), критерий негізіндегі бағалаудың барынша нақты сипаттамасы бар, ол қазақстандық мектептерде оқыту сапасын арттыру үшін қажетті жағдайларды құруға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі
жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін
қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
–– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
–– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
–– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
–– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы
ақпараттар ұсыну.
Критериалды бағалау - жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрбір қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінде, мектептерде критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлғалар тағайындалады. Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерінің ішінен, мектепте жалпы білім беретін мектеп директоры орынбасарларының ішінен анықталады. Үйлестірушілердің негізгі рөлі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқаруды, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың рәсімдерін, үдерістерін жүзеге асыру үшін әдістемелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Өңірлік және мектептегі үйлестірушілер үшін критериалды бағалауға арналған нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын дамытуды, өңір, облыс және мектеп деңгейінде оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын, жолдарын қамтып көрсететін құжат болып табылады. Нұсқаулықта бағалау үдерісін ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің негізгі бағыттары мен тәжірибелік ұсыныстар үйлестірушілерге көмек ретінде берілген. Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет