Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме



бет3/28
Дата17.01.2023
өлшемі99,62 Kb.
#165755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Дәріс тезистері
document (3), Лексика-фразеологиялық бірліктерге қатысты терминдер глоссарийі
Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме
Құзыреттілікке негізделген тәсілдемеде оқу нәтижелерін бағалау білім алудың белгілі сатысында білім алушылардың «жыл басында» қол жеткізген білімдерінің деңгейлерін талдауға негізделеді. Күтілетін нәтижелер ҚР МЖМББС және оқу бағдарламасын толық меңгерудің қорытындысы бойынша туындайтын білім алушылардың тәжірибесінен және қабілетінен, дағдысынан, білімі мен білігінен көрінеді. ЭЫДҰ баяндамасында құзыреттіліктің үш санатын атап көрсетеді (ЭЫДҰ, 2003):
–– құралдарды интерактивті қолдану: сөйлеу, символдар мен мәтіндер; білім мен ақпарат; технологиялар.
–– әркелкі топтарда әрекет ету: басқалармен жақсы қарым-қатынаста болу қабілеті, командамен жұмыс жасау және ынтымақтастық, шиеленісті
шеше білу және басқару.
–– өз бетінше әрекет ету: көріністі жан-жақты көре білу және әрекет ету қабілеті, жеке жобалар, өмірлік жоспарларды қалыптастыру, жүзеге асыру, қажеттіліктер мен нормаларды, қызығушылықтарды, құқықты сақтап қалу, қорғау.
Білім берудегі құзыреттілікке негізделген тәсілдеме адамның іс-әрекетке дайындығын, өмірге қажетті құзыреттіліктерді алу жолымен социумда қызмет етуін анықтайды. Білім берудің нәтижесін ұсынатын деңгейдің бірі функционалдық сауаттылық болып табылады. Функционалдық сауаттылықты дамытуға жалпы бағыттылық Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған, ондағы мақсаттың бірі жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту болып табылады.
Критерийлер негізіндегі бағалау үдерісінде білім алушылар өз құзыреттілік әлеуетін біртіндеп ұлғайтады, «Жасай алатынына сенімді» деңгейінде күтілетін нәтижеге жетеді деп болжанады. Осылайша, құзыреттілікке негізделген тәсілдемеге сәйкес оқу бағдарламасын меңгеру, бағалау критерийлерін бақылау, өлшеуге қатысты берілген оқу мақсаттарына жеткенін айғақтайтын нақты нәтижелер арқылы бағаланады.
Кері дизайн
Мұғалім әрекетінің «оқу мақсаттары – сабақ – бағалау» реттілігі классикалық түрге айналды. Алайда білім беру үдерісін жобалаудың жаңа моделі аталған ұстанымның бағаланатын, қол жеткізетін білім, білік, дағдылар арасындағы сәйкессіздік тұрғысынан алғанда қайта қарауды қажет ететіндігін көрсетеді (нені оқытуы және нені бағалау қажеттігі арасындағы
қарама-қайшылық).
Кері дизайн – бұл білім беру үдерісіндегі арнайы педагогикалық жобалау технологиясы, негізгі критерийі мазмұн емес (контент), оқытудың жоспарланған нәтижелері болып табылады (Велединская, Дорофеева, 2014). Тәжірибе көрсеткендей, мұғалімнің оқу мақсатын анықтап, бағалау үдерісін жобалауы, қарастыруы, содан соң ғана жоспарлауы арқылы білім алушыларға сабақ өткізу әрекеті әлдеқайда тиімдірек екені байқалды.
Кері байланыс технологиясы аясында білім беру үдерісін жоспарлауда үш кезеңді жүзеге асыру қарастырылады (Уигнис және Тай, 2011):
1-кезең – Мақсаттар мен қалаулы нәтижелерді анықтау, яғни «Білімалушылар нені білуі, түсінуі және істеуі тиіс?» деген сұраққа жауап;
2-кезең – Қолайлы дәлелдерді анықтау, яғни «Білім алушылардың қалаулы нәтижелерге жетуі мен олардың стандарттарға сай болуына не дәлел болады?» деген сұраққа жауап;
3-кезең - Оқуды және білім алушылардың нәтижелерге жету үдерісін жоспарлау.
Мұғалімге толық оқу-әдістемелік кешенді алдын ала ұсыну (оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар үлгілерінің жинағы, мұғалімдерге арналған жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар және т.б.) кері байланыс үдерісінде білім беруді жоспарлауға мүмкіндік береді: оқу бағдарламасы – бағалау үдерісі – оқыту мен оқу үдерісі. Бұл оқу үдерісі оқу мақсатына жетуге, ал бағалау оқу қорытындысы бойынша күтілетін нәтижеге сәйкес деңгейді белгілеуге бағыттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет