Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру



Дата07.02.2022
өлшемі17,53 Kb.
#89418
Байланысты:
лекция 7 (5)


1.7 Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру


Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей техниканың қандай болғанымен агроөнеркәсіп шаруашылығында өнімді көбейту - бұл жанұялық шаруа (фёрмер) қожалығы болып отыр.
Шаруа қожалығы дегеніміз бір жағынан, ауыл шаруашылық өндірісінің жаңа түрі, екінші жағынан, бұл кеңшар (совхоз) мен ұжымшарлардан (колхоздардан) ескі формалардың бірі болып саналады.
Дүние жүзі мемлекеттерінің тәжірибелері көрсеткендей экономикалық мүддесінен қол үзгені, жерінен айрылған шаруа елді тойындыра алмайды және ауыл шаруашылығына жұмсалған мемлекеттік қаржы қандай көлемде болса да, құмға сіңген су сияқты еш жәрдем тигізе алмайды және саланы ілгері дамыта алмайды. Нарықты қатынастарға көшкен мемлекеттерде агроөнеркәсіпті шаруашылығы саласында фермерлер, шаруа қожалықтары, кооперативтер, жалгерлер, акционерлік қоғамдар т.б. жұмыс істейді. Осылардың әрқайсысына қысқаша түсініктеме берелік.
Шаруа қожалықтары - бұл фермерлерге ұқсас сияқты, Фермер ауыл шаруашлығының еркін тауар өндірушісі есебінде көрінсе, шаруа қожалығы бұрыннан-ақ бізде болған, өнім өндіріп келген кішігірім құрылымдар.
Сонымен, шаруалар қожалығы - өз еңбегімен (немесе жалғыз өзі, не жанұя мүшелерімөн) жұмыс атқарып, өнім өндіріп, өзін-өзі қаржыландыратын, заңды, дербес шаруашылық.
Оның ерекшеліктері:
1) Өз қызметін жанұя, оның мүшелері арқылы жүргізеді;
2) Жер мемлекеттік актімен бекітіліп берілгеннен кейін, оны заңды иесі бола алады және жұмыс істейді;
3) Барлық жағынан заңды түрде мәртебе алып, өзінің атынан жергілікті орындарда өз шешімдерімен бекітіп, шарт жасасып, отырады, өзінің мөрі, банкіде шоты, кіріс, шығыс баланстары болады. Шаруа қожалығы басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасайтын өндіріс орны да болып табылады;
4). Өндірген өнімдеріне және құрал-жабдықтарына, тапқан табысына заңды түрде ие болып қожалық жасайды, сөйтіп алған дүние мүлкі актімен бекітіледі;
5) Өз жағдайларына, мамандандырылғанына қарай не өндіретіндерін, қалай өндіретіндерін, қандай технологияны пайдаланатынын, алған өнімдерін қайда, кімге сататынын өздері дербес шешеді. Ол өз кірісін, табысын өзі біліп, өзі билейді, өзі бөледі. Әкімшілік түрде ол ешкімге бағынышты емес. Сондықтан отның ішкі жұмысына ешкім араласа алмайды. Олар мемлекеттік, кооперативтік, өздері сияқты шаруалар қожалығымен қолма-қол ақшалай, ақша немесе аудару арқылы қарым-қатынас жасайды.
6) Өз өндіріс орнында дербес жұмыс істегендіктен кеңшар, ұжымшылардың істеріне араласпайды;
7) Өндірілген өнімнің 70-80 пайыз тауарлығы, яғни сатылатындығы болғандықтан, оның тауарлығының жоғары екендігін көрсетеді;
8) Шаруа қожалығының негізгі мақсаты - шаруалардың жанұя мүшелерін азық-түлікпен қамтамасыз ету, сонымен бірге, өндірген өнімдерді сату арқылы пайда табу.
Шаруа қожалығы мынандай нысандарда болуы мүмкін:
- кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
- бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.
Шаруа (фермер) қожалығы ерікті негізде құралады және жер пайдалану құқығына мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап құрылады деп есептелінеді. Шаруа қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруалығының тең құқықты өндірістік бірлігі болып табылады. Шаруа қожалығы өз қызметінің бағытын, өндірісінің құрылымы мен көлемдерін дербес айқындайды, өнімді өсіреді, ұқсатады және сатады, сондай-ақ шаруашылық жүргізумен байланысты да мәселелердің меншігінде жер учаскесіндегі екпелер, шаруашылыққа арналған және өзге қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар өнім беретін және жұмысқа жегілетін мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және қожалық үшін оның мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алғынған басқа да мүлік болады.
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістік шикізатқа деген өскелең талабын толық қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің орташа жылдық көлемін одан әрі арттыру болып табылады.
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді шешуде кәсіпорындарында басшылықты табысты ұйымдастыруға қажетті алғышарттар жасауға мүмкіндік туғызатын бухгалтерлік есепке, бақылауға және жедел талдау жасап отыруға маңызды орын берілген. Есептеу мен бақылаудың маңызы мемлекет меншігінен алу, жекешелендіру және ішкі шаруашылық есепті, жылдық мердігерлікті кеңінен игеру, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде ерекше арта түседі. Есептеудің көмегімен кәсіпорынды басқару, өнімге баға қою үшін қажетті өндірістік көлемі мен өнімді тарату, оның өзіндік құны, еңбек өнімділігі, рентабельділіктің дәрежесі және басқалары туралы сенімді де уақытылы мәліметтер алынады. Есептің мәліметтері меншіктің сақталуын бақылауға, техниканы жөндеуге және күрделі құрылысқа жұмсалынатын шығындарды анықтауға, машиналар мен жабдықтарды пайдалану, жаңа техниканы игеру, химияландыруды, егістіктерді өңдеудің ннтенсивті технологияларын, суландыру және басқаларын қолданудың экономикалык тиімділігі жөнінде мәліметіер алуға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында шаруашылықты жүргізудің негізгі әдісі - шаруашылық есеп, оның негізіне еңбекті, материалдық және қаражат ресуретарын аз жұмсау, шаруаға қырсыздықты жою, әртүрлі ысырапты және өнімсіз шығындарды болдырмау, үнемдеу тәртібін жүргізу арқылы жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу алынған. Шаруашылықты жүргізудің бұл әдісін қолдануда бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол шаруашылықтық тұтастай және оның - бөлімшелерінің өндірістік міндеттерді орындауын бақылап отыруы тиіс. Бұған осы заманғы компьютерлік техниканы, есептеудің озат түрлері мен әдістерін қолданып, қызметкерлердің мамандығын арттыру арқылы қол жеткізуге болады.
Бухгалтерлік есептің алдында тұрған міндеттерді шешу, оны ұтымды түрде ұйымдастырмайынша мүмкін емес. Ал бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастыру деп кәсіпорынның қаражат-шаруашылық қызметіне бақылау және оның жұмысының нәтижесіне талдау жасауға мүмкіндік туғызуды айтады. Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастырудың алғы шарттары: - шаруашылық операцияларын, бірізге салынған құжаттарды, есеп регистрларын және есеп берудің түрлерін қолдануды, есептеудің озат тәжірибесін жинақтап, таратуды және басқаларын бағалау мен есепте бейнелеудің бірлігін қамтамасыз етегін есептеуді мемлекеттік басқару; есептеуді жүргізу және есеп беруді құрастырумен айналысатын қызметкерлердің санын қысқартуға, экономикалық ақпараттарды өңдеу мерзімін жеделдетуге, есеп мәліметінің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретін есептеу жұмысын компьютерлендіру; есептеудің прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану есепті жүргізуге жұмсалатын енбекті елеулі түрде қысқартуға, есептеудің жеделдігі мен сенімділігін арттыруға көмектесу, жазулардың қайталанбауына, есепті жүргізушілердің еңбегінің жалпы мәдениетін жақсартуға жағдай жасайды; алғашқы есептеу мен құжаттар айналымы жүйесінің дұрыс құрылуы бастапқы ақпараттарды ұйымдастыруға жұмсалатын еңбекті азайтуға, операциялардың артық жасалмауына, жоспарда қаралмаған құжат айналымын болдырмауға мүмкіндік жасайды.
Есеп қызметкерлерінің іскерлік қабілетін арттыру - есептеуді жақсы ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі.
Есептеу жұмысының алдында тұрған міндеттерді орындау қызметкерлерден экономикалық заңдарды, қолданыстағы заңдылықтарды, жоспарлау мен болжауды, шаруашылық қызметін талдауды, статистика мен өндіріс технологиясын терең білуді талап етеді.
Бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастыру қолда бар материалдық, еңбее және ақша ресурстарын бақылап, дұрыс пайдалануды, өнімдерді өндіріп, оның өзіндік құнын төмендету жоспарын орындау мақсатында ішкі резервтерді пайдалануды, белгіленген уақытында есеп беріп және онын мәліметтерінің жедел талдануын қамтамасыз етуі тиіс. Есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы бар.
Қолданушы және ауыл шаруашылығы қызметімен айналысатын субъект өзінің биологиялық активтері үшін шамадан тыс шығынсыз мен күш салмай оның әділ құнын анықтаудың мүмкіндігін бағалайды:
1) субъект әділ құнын шамадан тыс шығынсыз мен күш салмай анықталуы мүмкін биологиялық активтерді есепке алу үшін 10-29 ХҚЕС (IAS) «Ауыл шаруашылығы» 41-ге сәйкес әділ құны бойынша есепке алу моделін пайдалануы, сондай-ақ ХҚЕС (IAS) 41 талап ететін барлық тиісті ашуларды ұсынуы тиіс.
2) субъект әділ құнын шамадан тыс шығынсыз мен күш салмай анықталуы мүмкін емес биологиялық активтерді жинақталған амортизация мен құнсызданудан жинақталған шығындарды шегере отырып, өзіндік құны бойынша өлшеуі тиіс. Мұндай биологиялық активтерге қатысты субъект мынадай:
- биологиялық активтердің сипаттау;
- әділ құнын жеткілікті сенімділік дәрежесінде өлшеу мүмкін болмағының себептерін түсіндіру;
- мүмкіндікке қарай, ең алдымен, ішінде әділ құны жатқан бағалау диапазоны;
- амортизацияны есептеудің пайдаланылатын әдісі; және
- пайдалы мақсатта қолданудың мерзімдері немесе амортизациялық есептеу нормалары; және
- кезеңнің басы мен соңында жиынтық баланстық құны және жинақталған амортизацияны (құнсызданудан жинақталған шығындармен бірге) ақпаратты ашуы тиіс.
Субъект егінді жинау кезінде сатуға жұмсалатын шығынды шегере отырып, биологиялық активтерден жиналған ауыл шаруашылығы өнімдерін әділ құны бойынша өлшеуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет