5. Серіктестік органдарын қалыптастыру тәртібі мен құзыреті 16. Серіктестіктің органдары:
1) серіктестіктің жоғары органы - оған қатысушылардың жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);
2) серіктестіктің атқарушы органы (жеке немесе алқалы) болып табылады. Серіктестіктің құрылтайшылары серіктестіктің байқау (байқау кеңесі) және (немесе) бақылаушы (тексеру комиссиясы, тексеруші) органдарын құру туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бір қатысушыдан тұратын серіктестікте қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз қатысушы жеке өзі қабылдайды және жазбаша ресімдейді.
17. Серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне:
1) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін, орналасқан жерін және фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның Жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның өкілеттігін беру туралы шешім қабылдау жатады;
3) серіктестіктің Байқау кеңесінің және (немесе) тексеру комиссиясының (ревизорының) өкілеттіктерін сайлау және мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының (ревизорының) есептері мен қорытындыларын бекіту;
4) жылдық қаржылық есептілікті бекіту және таза табысты бөлу;
5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдері және серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттар, серіктестіктің жарғысымен бекітілуі серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа;
6) серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім;
7) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім;
8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату комиссиясын бекіту;
9) серіктестікке қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім;
10) серіктестіктің барлық мүлкін кепілге қою туралы шешім;
11) серіктестіктің мүлкіне қосымша жарналар енгізу туралы шешім;
12) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру тәртібі мен мерзімдерін бекіту. Осы тармақтың 1), 7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша, сондай-ақ Жарғыда айқындалған басқа да мәселелер бойынша шешімдер серіктестікке қатысушылардың жиналысына қатысушылардың және ұсынылған дауыстарының төрттен үшінің білікті көпшілік даусымен қабылданады. Осы тармақтың 9) тармақшасы бойынша шешім қабылдау кезінде үлесі мәжбүрлеу тәртібімен сатып алынатын қатысушы дауыс беруге қатыспайды және оған тиесілі дауыстардың саны есепке алынбайды. Қалған шешімдер серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысына қатысушылардың және ұсынылған дауыстардың қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Жалпы жиналыс серіктестіктің қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға қабылдауға құқылы.
18. Дирекцияның құзыретіне жалпы жиналыстың құзыретіне жатпайтын аналық серіктестіктің қызметін қамтамасыз етудің барлық мәселелері жатады. Серіктестіктің атқарушы органының құзыретіне оның айрықша құзыретіне жатпайтын, заңға сәйкес атқарушы органға берілген жалпы жиналыстың өкілеттіктері де жатады.
19. Серіктестік директорының өкілеттігі:
1) серіктестік атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) серіктестіктің атынан өкілдік ету құқығына сенімхат, оның ішінде сенімхат беру құқығымен сенімхат береді;
3) Серіктестік қызметкерлеріне қатысты оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекақы төлеу жүйесін айқындайды, лауазымдық айлықақылар мен жалақы мөлшерін белгілейді.
4) қатысушылардың жалпы жиналысының немесе байқау органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ оған серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы берген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Серіктестіктің атқарушы органының қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін байқау кеңесі құрылуы мүмкін. Серіктестіктің Байқау кеңесінің қызметі және оның шешім қабылдау тәртібі жалпы жиналыс қабылдаған қағидалармен және өзге де құжаттармен айқындалады.
21. Серіктестіктің атқарушы органының Қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін серіктестікке қатысушылар немесе олардың өкілдері қатарынан тексеру комиссиясы құрылуы немесе аудитор сайлануы мүмкін. Серіктестіктің тексеру комиссиясын немесе жеке-дара тексерушісін жалпы жиналыс бес жылдан аспайтын мерзімге сайлайды. Серіктестіктің атқарушы органдарының мүшелері тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды. Тексеру комиссиясының (тексерушінің) жұмыс тәртібі ішкі қызметті реттейтін қағидалармен және өзге де құжаттармен айқындалады.
6. Серіктестіктің таза табысын қатысушылар арасында бөлу 22. Серіктестікке қатысушылар арасында серіктестіктің бір жылдағы қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын бөлу серіктестікке қатысушылардың тиісті жылдағы қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған кезекті жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі. Жалпы жиналыс сондай-ақ таза табысты немесе оның бір бөлігін серіктестікке қатысушылар арасында бөлуден шығару туралы шешім қабылдауға құқылы.
23. Егер серіктестіктің жалпы жиналысы кірісті қатысушылар арасында бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда, әрбір қатысушы бөлінетін кірістің серіктестіктің жарғылық капиталындағы оның үлесіне сәйкес келетін бөлігін алуға құқылы. Төлемді серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде ақшалай нысанда жүргізуі тиіс.