Оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық
бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі.
Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде
жүзеге асырылады.
Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық
жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін
жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды
көрсетеді.
Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан
барысында, тоқсанның соңында беріледі.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімінің
қорытындысы негізінде білім алушылар оқу жетістігі деңгейіне сәйкес
максималды жинақталған балл саны түріндегі қорытынды нәтижеге қол
жеткізеді. Өз кезегінде оқу жетістігінің деңгейі болашақ тоқсандық бағаны
болжаудың көрсеткіші қызметін атқаруы да мүмкін.
1-сыныпта 1-жартыжылдықта жиынтық бағалау өткізілмейді. Тоқсандық
бағалар тек 3 және 4-тоқсандарда қойылады.
Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық
бағалау қорытындысы есебінен жинақталады.
2-4-сыныптардатоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар және
тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы арқылы жинақталады.
Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық
жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы
пайдаланылады
–– тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалау қорытындысы арқылы қалыптасады;
–– тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы
бойынша қалыптасады.