Семинар соңында:
- білім берудегі аналитиканың мақсаттары мен міндеттерін біледі, аналитикалық жұмыстың принциптері мен құралдарын түсінеді;
- пән бойынша оқу сапасының деңгейін анықтау үшін деректерді талдау әдістерін қолданады;
- білім беру деректерін талдауда цифрлық құралдарды қолданады (MS Excel, MS Power BI, т.б.).
«Оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мектеп педагогінің құзыреттілігі» атты шебер сыныпқа қош келдіңіздер!
«Оң ба? Сол ма?» психологиялық тест
Сагиндикова Х.А.: Адам миының екі жарты шары әртүрлі әрекет атқарады. Адам мінезі мидың қай жарты шары жетекші болатындығына тәуелді деп есептейді ғалымдар. Төмендегі психологиялық тест мидың қай жағы басты қызмет атқаратындығын анықтап, мінездің кейбір ерекшеліктерін айқындау мүмкіншілігін береді.
Бірнеше рет екі қолыңыздың саусақтарын айқастырып, біріктіріңіз. Байқағаныңыздай, бір қолдың бас бармағы үнемі жоғарғы қалып отырады. Егер сол қолдың бас бармағы үстінде болса, онда Сіз эмоционалды адамсыз, ал егерде оң қолдың саусағы жоғарыда болса, ол Сіздің миыңызда талдау (аналитикалық) сипаты басым екендігін білдіреді.
Қалам немесе қарандаш алыңыз. Бір нысана таңдап, соны екі көзіңізбен қалам немесе қарандаштың ұшы арқылы көздеңіз. Енді көздеріңізді кезекпен жек-жеке жұмыңыз. Егер нысана сол көзді қысқанда қатты ауытқитын болса, онда сол көзіңіз Сіздің жетекші көзіңіз екен. Бұл жәйт мінездің жұмсақ және көнгіштігін меңзейді екен. Ал егер оң көзіңізді жұмғанда нысана ауытқыса, жетекші көзіңіз оң болғандығы. Бұл дегеніңіз Сіздің мінездің қатқыл әрі бірбеткейлі екендігін көрсетеді.
Екі қолыңызды кеуде тұсында айқастырыңыз. Егер жоғарыда оң қолыңыз тұрса, онда Сіз қарапайымдылық пен мейірімге жақынсыз, ал егер сол қол үстінде болса, онда Сіз мақтануды ұнатасыз.
Қол шапалақтағанда оң қолыңыз «соғушы» болса, онда Сіздің мінезіңізде жігер басым, ал сол қол белсенді болса, онда Сіз шешім қабылдағанда көп толғанатын адамсыз.
Жауабы: Енді осы төрт тест нәтижесін О (оң) және С (сол) әріптерімен көрсетіңіз. Төмендегі жауаптардан өз мінезіңіздің ерекшеліктерін тауып алыңыз.