Каримова Гүлмира Сафиоллақызы,
Атырау қаласы,
Д.Байбосынов атындағы
№13 ұлттық мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
жоғары санатты мұғалімі
Шортанбай Қанайұлы. Ақынның заман туралы толғаулары
Сілтеме
|
Қ.Әбдезұлы, Г.Д. Рысқалиева, С.Ч. Тұрсынғалиева.
|
Жалпы мақсаты
|
XIX ғ. өкілі Шортанбай Қанайұлының өмірінен мәлімет алады.
«Зар заман» өлеңінің мазмұнымен танысу,шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясын ашу, ақынның өзіндік ішкі әлемін таныту.
- Оқушылардың өлеңге бүгінгі заман тұрғысынан қарап сөйлеуге, өзіндік қөзқарасын білдіре алуға төселдендіру.
- Оқушылардың бойында елжандылық қасиетін ұялатуға, батыл қадам жасай білуге, өз елін, жерін бағалай білуге үйрету.
|
Міндеттері
|
1.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.
2.Сабаққа оқушылардың өзі білетін білімдері арқылы кіру.
3.Сабақ бойынша ой қорытынды жасауға, өзіндік тұжырым айтуға үйрету.
|
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
|
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту, басқалардың көзқарасын сыйлауға дағдыландыру;
Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтау (стикер арқылы) және бірін – бірі бағалауы;
Тақырыпты талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың еркін ойлауын, дүниетанымынын кеңіп, рухани өсуініске асыру;
Оқушының шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызу;
Шығармадағы тарихи шындықты мойындау барысында оқушының өзіндік ой түйіндеуіне, қазіргі Қазақстан мен Ресей мемлекетінің қарым-қатынасы жайлы ой қозғау, бүгінгі заман көзімен қарау.
|
Тапсырмалар
|
Қазақстан мен Ресей халқының достығы туралы интернет беттерінен материал жинақтау.
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа білімді меңгеру, білік-дағды қалыптастыру сабағы.
|
Сабақтың әдісі
|
Сыни ойлауға үйрету, диалогтік оқыту, интерактивтік әдіс.
|
Көрнекілігі
|
Интерактивті тақта; Шортанбай Қанайұлы туралы қосымша материалдар; формат қағаз; фломастер; маркер.
|
Мұғалім немен айналысады?
Ұйымдастыру кезеңі Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып,топқа бөлу.
-Сәлеметсіздер ме,оқушылар!Алдымен,сіздердің көңіл күйлеріңіз қалай,соны білгім келеді.Ал,ендеше,көңіл күйімізді бәріміз бірге:
-Өте жақсы!
-Керемет!
-Тамаша!-деген сөздерді айту арқылы білдірейік.
Балалар,халықтың,мемлекеттің жұмылған жұдырықтай,өзге елдермен жақсы карым-қатынаста болуы үшін ең басты не нәрсе керек,елді біріктіретін қандай қасиеттер?
-Олай болса, « береке,бірлік,ынтымақ» сөзін кезектесіп айтайық.
Түс бойынша сыныпты топқа бөлу.\15мин.\
|
Оқушы немен шұғылданады?
Оқушылар бүгінгі сабақтағы
көңіл күйлерін білдіреді.
Елді біріктіретін ең басты не
нәрсе екендігі жөнінде ойларын
айтады.
«Түс таңдау» арқылы топқа бөлінеді.
|
Үй тапсырмасын сұрау.
I тоқсанда өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтар ұсыну.\2мин.
|
Әр топ өздерінің неше
сұраққа жауап бергендерін
белгілеп отырады.
|
Жаңа сабақ. Қызығушылық ояту.
Жаңа тәртіп,жаңа заң енді елге
Бұқара бетбұрысқа көндігер ме?
Бейжай қарап қалмады бұлқынды ел
Қазағым,бұндай жайды енді көрме,-деген өлең жолдары арқылы қазақ даласында болып өткен қандай тарихи кезең жайында сөз қозғадым?
-Бүгінгі жаңа сабағымызда XIX ғасырдағы Ресейдің отарлау саясаты кезеңінде өмір сүрген Шортанбай Қанайұлының өмірі мен сол кезең тақырыбына арналып шығарған «Зар заман» өлеңімен танысамыз.\0,5 мин\
|
Дәптерлеріне күннің жадын,
жаңа тақырыпты жазады.
|
Мағынаны тану.Жаңа тақырыпты өз бетінше оқып меңгеру.
Топқа сұрақ:
І топ. Шортанбай Қанайұлы кім?Өмірі туралы тоқталу.
ІІ топ. Шортанбай өмір сүрген заман
Заман тақырыбына орай қандай шығармалар жазған?
ІІІ топ. Шортанбай шығармаларын зерттеушілер кімдер?Сол кездегі ақындарды не себепті «Зар заман ақындары» деп атады?
ІV топ: 1.Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2.Өлеңнің тақырыбы
3.Ақынның айтпақ ойы не?
4.Өлең жолдарында айтылған негізгі түйінге тоқталып ,өз пікірлерін білдіру.
5.Көркемдегіш құралдар:эпитет,теңеу
6.Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу.
|
Оқушылардың жауабы тыңдалады.
|
Қарлы кесек.
Оқулықтан, интернеттен төмендегі сұрақтарға жауаптар іздейміз. (Интерактивті тақта арқылы төмендегі сұрақтар көрсетіледі.)
Шортанбай өмір сүрген заман қандай еді?
Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?
Шортанбай өз заманын неге «Зар заман» деп атады?
Бұл өз дәуіріне риза болмай, түңілуден, үмітсіздіктен, сары уайымнан туған ба?
Шортанбайдың осы бір «зар заман» деген сөзі не себепті кейінгі бір тұтас дәуірдің атына айналды?
Шортанбай не себепті дінге сүйеніп, құдайдың құдіретіне бас июге шақырады?
Ақын заман өзгерісіне сай адам бойында қандай құндылықтардың жоғалып, қандай жаман қылықтардың шығып жатқанына қынжылады?
Шортанбай ақынның ойынша заманды аздырушылар кімдер? Заман
Үстем тап
(Хан, би, старшын) Қоғам (Отаршылдық саясат, сауда, ақша).
|
|
Ой қозғау. Жеке, жұптық, топтық тапсырмалар;
1. Осы өлеңдер нені дәлелдеу үшін жазылған?
2. Шортанбай ақынның ойынша заманды аздырушылар кімдер?
3. Шортанбай не себепті дінге сүйеніп, құдайдың құдіретіне бас июге шақырады?
4. Ақын заман өзгерісіне сай адам бойында қандай құндылықтардың жоғалып, қандай жаман қылықтардың шығып жатқанына қынжылады?
Дәптермен жұмыс.
«Зар замандағы» қайталанған эпифора сөз. «Заман» сөзі
Талдау кезеңі: Өлең құрылысына талдау жасау
Б а й л а р ұ р л ы қ қ ы л а д ы
К ө з і н е м а л к ө р і н б е й,
Б и л е р ж е й д і п а р а н ы
С а қ т а п қ о й ғ а н с ү р і н д е й.
/Кезекті ұйқас /7 буынды, 2бунақты
2.Шортанбай өлеңіндегі мұсылман дініне байланысты енген араб сөздерін тізіп жаз.
Сергіту сәті
Бейнетаспа көрсету
Ой толғаныс.
«Біз-қандай қиындық көрсек те іргесі сөгілмеген еліміз», «Қазақстан мен Ресей достастығы-берік те мықты», «Қазақстан- болашағы жарқын мемлекет «Шортанбай-ел қамын ойлаған ақын»
Жаңа сабақты бекіту.
Шортанбай Қанайұлын сендер қаншалықты таныдыңдар, қай жағынан бағаладыңдар. Мына кестені толтыру арқылы өздеріңді тексеріңдер.
№ Шортанбай Қанайұлы Иә Жоқ
1. Ақын
2. Медресе бітірген
3. Күрескер ақын
4. Жырау
5. Заман жыршысы
6. Сыншы
7. Діндар
8. Айтыскер ақын
9. Батыр
10. Шыншыл реалист
Қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Кері байланыс
Үйге тапсырма беру. Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңінен үзінді жаттау.
Айтыскер ақындығы туралы мәліметтер жинастырып келу.
|
Оқушылардың әр сұрақ бойынша
дәлелді жауаптары тыңдалады.
Оқушылар өздеріне берілген
тақырыптар негізінде өздерінің
ішкі түйінділерін қысқаша жазады
|
Достарыңызбен бөлісу: |