ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева
ЭЛЕМЕНТТЕР ХИМИЯСЫ
Оқу құралы
Алматы
«Қазақ униерситеті» 2014
ƏОЖ 546
КБЖ 24.1
Т 87
Баспаға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия жəне химиялық технологиялар факультетінің Ғылыми кеңесі жəне Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған
Пікір жазғандар:
химия ғылымдарының докторы, профессор С.М. Тəжібаева химия ғылымдарының кандидаты, доцент А.А. Мұсабекова химия ғылымдарының кандидаты, доцент П.С. Маденова
Т 87
Түгелбаева Л.М. жəне т.б.
Элементтер химиясы: оқу құралы / Л.М. Түгелбаева, Р.Ғ. Рысқалиева, Р.К. Ашкеева. – Алматы: Қазақ универ- ситеті, 2014. – 258 б.
ISBN 978-601-04-0908-8
Оқу құралында химиялық емес факультеттерде оқитын студент- терге «Элементтер химиясы» курсына кіретін негізгі ұғымдар Пе- риодтық кестеге сəйкес теориялық мəселелерге сүйене отырып, химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының қасиеттері қарастырылады. Əр бөлімде теориялық материалдар, қайталауға арналған бақылау сұрақтары жəне оқу құралының соңында өзіндік жұмыстарға арналған тест тапсырмалары берілген.
Оқу құралы химия пəні оқытылатын университет студенттеріне, орта мектеп мұғалімдеріне де қажет.
ƏОЖ 546
КБЖ 24.1
© Түгелбаева Л.М., Рысқалиева Р.Ғ.,
Ашкеева Р.К., 2014
ISBN 978-601-04-0908-8 © Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2014
Жаратылыстану ғылымдарына негізделген көптеген техникалық мамандықтардың оқу жоспарына міндетті пəн ретінде енгізілген
«Элементтер химиясы» курсы химия жəне хи- миялық технология факультетінде білім ала- тын студенттерге арналған бағдарламадан бір- шама ерекшеленеді. Химия табиғаты жағынан жаратылыстану ғылымы болғанымен, ол адам- зат қызметінің барлық саласымен тығыз бай- ланысты. Қазіргі заманғы қоғам дамуының барлық салаларын химиясыз елестету өте қиын. Өнеркəсіптегі, өндірістегі, оқыту жəне меди- цина орындарындағы, тұрмыстағы барлық адамдар əртүрлі химиялық заттар мен химия- ның əдістерін жəне ұстанымдарын кеңінен қол- данады. Бұл жағдай ғылыми-техникалық алға басудың дамуымен жəне адамдардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауымен байланысты. Бұл өнімдерді пайдалануда жіберілген қателіктер қоршаған ортаға немесе əрбір адамның ден- саулығына əсер етуі жəне орны толмас зардап- қа əкелуі мүмкін. Сондықтан да химия жалпы адамзат мəдениетінің бөлінбейтін бөлігін құрайды.
4 Элементтер химиясы
Химиялық емес факультеттердің бірінші курсында «Элемент- тер химиясы» пəнін оқытудың негізгі мақсаты – студенттердің кеңейтілген теориялық базасын құру, оларды химиялық эле- менттердің, əртүрлі материалдар мен қосылыстардың қасиет- терін зерттей білуге үйрету, периодтық заңды пайдалана отырып, металдар мен бейметалдардың негізгі физикалық жəне химиялық қасиеттері, олардың маңызды қосылыстары, алыну жолдары қа- растырылады.
Студенттер Периодтық заңды пайдалана отырып, кез келген элемент атомының электрондық конфигурациясын сипаттай алуы жəне элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің жалпы заңдылықтарын, қосылыстардағы химиялық байланыс табиғатын; тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңес- тіре жəне химиялық үдерістің өнімдерін болжай; химиялық реак- циялардың жүру бағытын анықтай жəне кешенді қосылыстардың құрылысын; электрхимия негіздерін; техника қауіпсіздігі ереже- лерін сақтай отырып, күрделі емес химиялық тəжірибе дайындай жəне жасай білуі керек.
Оқу құралында теориялық бөлімнен қысқаша мəліметтер, зертханалық жұмыстарды жасауға арналған əдістемелік нұсқаулар жəне əр тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, есеп шығару үлгілері мен тест тапсырмалары берілген.
Элементтердің жалпы химиялық қасиеттері деп олардың көп- теген қосылыстарында байқалатын жəне оларға ғана тəн қасиет- терін атайды. Жалпы қасиеттерге элементтердің металл жəне металл еместік қасиетін, оның қышқылдық-негіздік жəне тотығу- тотықсыздану, сонымен қатар олардың кешен түзуге қатысу қа- білеттілігін жатқызуға болады.
Элементтің металдық немесе металдық емес табиғаты туралы түсінік – қалған барлық жалпы химиялық түсініктермен өте тығыз байланысты болғандықтан, негізгі түсінік. Сандық жағынан эле- менттің металдық жəне бейметалдық қасиеті оның электртеріс- тігімен анықталады. Электртерістік мəні неғұрлым төмен болған сайын, элементтің металдық қасиеті анық байқалады. Керісін- ше, элементтің электртерістігі жоғарылаған сайын, оның бей- металдық қасиеті артады. Металдар мен бейметалдарға тəн қа- сиеттер 1-кестеде көрсетілген.
кесте
Достарыңызбен бөлісу: |