ҚҰндылықтар, Қызығушылықтар, нормалар тұЛҒаның рухани негізі ретінде



бет1/2
Дата20.11.2022
өлшемі33,42 Kb.
#159009
  1   2
Байланысты:
6 лек

ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАР, НОРМАЛАР ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

Жоспар
1 Құндылықтар, олардың түрлері және иерархиясы 2 Жеке тұлғаның нанымы


3 Ұстанымдар,бағдар олардың түрлері және адам өміріндегі рөлі

Құндылық дегеніміз – шындықты бағалау критерийі, яғни айналасындағы адамдарға, өзіне қатынасы мен өмірлік ұстанымынан көрінетін тұлғалық қасиеттер. Тұлғаның құндылығы өзі ұмтылатын идеалды мақсаттарынан көрінеді. Құндылық бағдар дегеніміз – адамның әлеуметтік ортада мінез-құлқы мен әлеуметтік іс-әрекетін психологиялық реттеуді қамтамасыз ететін тұлғадағы қасиет. Бұл мәселе бойынша зерттеу жұргізген ғалымдар: өткен ғасырдың 60-70 жылдары философиялық әдебиеттерде В.П. Тугаринов, О.Г. Дробницкий және басқалар; шетел әдебиеттерінде құндылық бағдар ұғымы "аттитюд" ұғымымен де түсіндіріледі: З. Фрейд, Э. Фромм, В. Франкл, К. Роджерс және басқалар; кеңестік кезеңде: С.Л. Рубинштейн, В.Д. Ермоленко, Л.И. Божович, Г.М. Андреева, Д.А. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, А.И. Донцов, С.С. Бубнов және басқалар болды. Тұлғаның бағытталған құндылықтар жүйесінің құрылымдық сипаты, ол оның әртүрлі жоспардағы бірқатар функцияларының таратылуларын анықтауға арналған көпдеңгейлілігі және көпөлшемділігі бойынша мүмкіндігі. Тұлғаның бағытталған құндылықтар жүйесі, әлеуметтік орта нормалары және ішкі орналастырулар арасындағы аралық орынға ие, соның ішінде мотивациялы-қажеттіліктер аймағы және тұлғалық мағыналар жүйесі, олар осы элементтерді бәріне жалпы жүйе «адамның» қарым- қатынастарын қамсыздандырады. Ю. А. Шерковиннің ой-пікірлері бойынша, біруақытта жеке және әлеуметтік тәжірибелермен шарттасқан құндылықтар жүйесінің екі жақты сипаты, оның екі жақты функциолналды мағыналарымен анықталады. Біріншіден, құндылықтар адамдардың саналарына сақтау және қалыптастыру керек негіз болып табылады, олар жеке индивидке анықталған бағытты ұстануға, өзінің көзқарасын айтуға, баға беруге көмегін тигізеді. Осылайша, олар сананың бөлігі болып табылады. Екіншіден, құндылықтар өзгертілген түрде, қызметтер және тәртіптердің мотивтері ретінде қолданылады, себебі әлемдегі адамдардың бағыттары және олардың анықталған бір мақсаттарға жету үшін тұлғалық құрылымына енгізілген құндылықтарына қарым-қатынасынан өтіп кету мүмкін емес.
Құндылыққа бағдарлануды зерттеумен, олардың әдістемелік қағидаларын қарастырумен, құндылық пен тұлғаның құндылық бағдарларының генезисі жайында талдаулармен, құндылыққа бағдарланудың психологиялық феномені ретінде мәселелерді зерттеудің негізгі жолдарын қарастырумен, бірінші кезекте, тұлға және қоғам құндылықтарымен байланысты мәтінмен көптеген шетелдік және отандық ғалымдар айналысқан.
Психологияда тұлға және қоғам құндылықтары мәселелері ерте кезеңнен
бастап маңызды орынға ие, психология аймағындағы "жоғарғы" (В. Вундт терминологиясы бойынша) пән болып саналады. В. Дильтел пікірі бойынша, "сипаттау" психологиясының басты талдау пәні "рухани өмірлік байланыс" болып табылды, ол "біздің түсінігіміздің негізгі қатынастарын, сондай-ақ тұрақты құндылықтарды анықтайды, яғни біздің қалау-тілектеріміздің кәсіби деңгейін, әрі үстем мақсатты идеяларымызды" қамтиды және осылайша "біз көп жағдайда мойындамасақ та, біздің әрекеттеріміз бағынатын тәртіптерден" тұрады. Тұлға деңгейінде құндылықты сана - идеалдарға, дәстүрлерге, нормаларға, әдет-ғұрыптар сияқты құндылықтарға бағдарланулар мен ішкі ыңғайланулардың жиынтығымен анықталады. Адам өзінің тіршілік әрекеті барысында болмыстың әртүрлі жақтарына деген қатынастардың эталондарын бекітеді, жақсы, жаман, қайырым- дылық, зұлымдық, әділеттілік жайлы түсініктерді қалыптастырады. Тұлғаның бағытталған құндылықтарының тұрақты функциясы адам белсенділігін оятатын жүйенің барлық деңгейлерін қамтиды. Осыған байланысты А. Г. Здравомыслов ескергендей, «бағытталған құндылықтар әрекеттерінің ерекшелігі олардың тәртіптерінің тиімділендірілуі әдісі ретінде ғана қызмет атқарып қана қоймай, сонымен қатар олардың әрекеттері сананың ең жоғарғы құрылымдарына ғана тарап қоймай, сондай-ақ әдетте ішкісана құрылымы ретінде белгіленетіндерге де таралады. Олар ерік, көңіл бөлу, интеллект бағыттарын анықтайды».
Жалпы алғанда, «құндылықтық бағдарлар» түсінігі көптеген ғылымдар қиылысында дамыды - әлеуметтік және мәдени антропология, әлеуметтану, әлеуметтік психология, жалпы психология, құндылық философиясы, аксиология және т.б. Ал, «құндылықтық бағдарлар» терминіне келетін болсақ, бұл термин 1964-1965 жж аралығында пайда болған. Құндылықтық бағдарлану адамдардың әлеуметтік құндылықтарды мақсат етіп қойып, сол мақсатқа жетулеріне тырысуы кезінде көрінеді. Күрделі құбылыс саналатындықтан құндылықтық бағдарлар ғалымдар тарапынан әр қырынан, әр тұрғыдан зерттелген.
Кеңес ғалымдары О.И. Зотова және М.Н. Бобневалар «құндылықтық бағдарлар» түсінігін философиялық, әлеуметтік, психологиялық пәндерге енгізу негізінде қарау керек деп өте негізді айтқан. Бұл айтқандардан құндылықтық бағдарлар түсінігінің ауқымы кең екені, мәні зор екені көрінеді. Әрине бұл жерде көрініп тұрғандай біз құндылықтық бағдарларды бір ғана ғылым төңірегінде зерттей алмаймыз. 20 ғасырда адамзат болмысын зерделеуде бірінші орынға ғылыми таным мәселесі бөлініп шығады. Бірақ, құндылық және тұлғаның құндылықтық бағдарлары философия, этика, әлеуметтану және психологияның гносиологиялық онтологиялық деңгейлерін сипаттай келе, олардың әр қайсысын талдауға тырысты.
Тұлғаны білгілі-бір іс-әрекет тәсіліне дайындық күйлерін реттейтін функциялар өте көп. Осындай функцияларды атқаратындар қатарында өмірлік ұстанымды, қызығушылықтар бағыттылығын, құндылықтық бағдарларды, әлеуметтік бағдарларды, субьективтік қатынастарды, жетекші түрткіні қарастыруға болады. Кеңестік психологияда индивидпен саналатын және мойындалатын барлық әлеуметтік құндылықтар оның өмірі барысында
ассимиляцияланып, даралық құндылықтарға айналатыны жөнінде пікір айтылған.
Құндылықтық бағдарлар-бұл бекітілген бағдарлардың жүйесі. Олар тұлғаны берілген мәдениеттің құндылықтарына көңіл аудартады және тұлғаның өмірлік, мінез-құлықтық таңдауларын анықтайды. Осы бағдарларға сүйене отырып, индивид белгілі-бір мінез-құлықты атқарады. Құндылықтарда әрбір адамның қайталанбас өмірлік тәжірибесінің, қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің, әдеттерінің ерекшеліктері жинақталған.
А. Маслоу құндылықтардың тіке иерархиясын жасаған. Оның айтуынша, қажеттіліктер мен құндылықтар бір-біріне тәуелді. Ол құндылықтың екі негізгі тобын бөліп қарастырған:
-Б-құндылықтар (тұрмыстық құндылықтар) –бұл жоғары құндылықтар, өзін-өзі билей алатын адамдарға тән ( ақиқат, жақсылық, әдемілік, біртұтастылық, өмірлілік, бірегейлік, кемелділік, толықтық, әділеттілік, тәртіп, қарапайымдылық, күш шығындамаушылық т.б.);
-Д-құндылықтар (тапшы құндылықтар) –бұл төменгі құндылықтар; олар белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған (бейбітшілік, тыныштық, ұйқы, демалу, тәуелділік, қауіпсіздік). А. Маслоу бағыныстықтағы Д- құндылықтарды адамдар әйтеуір күн көру үшін, гомеостаз жағдайына жету үшін ұмтылатын регрессивті құндылықтар дей келе, олар жоғары құндылықтар Б-құндылықтарын қамтамасыз ету үшін қажет деген тұжырым жасайды.
Құндылықтық бағдарлар жүйесі нақты адамға байланысты құндылықтар мен қоғамның тарихи қалыптасқан құндылықтарын қамтитын болса, В. Франкл құндылықтардың үш тобын бөліп көрсетеді:

  • шығармашылық құндылықтар, адамның қоғамға беретінін саналай алуы;

  • уайымдау құндылығы, адамның қоғамнан не ала алатынын саналай алуы;

  • қатынас құндылығы, адам өмірін шектейтін позицияларды саналай алуы. Қатынас құндылығы үш санатқа: ауруға, күнәға, өлімге деген саналы қатынасқа бөлінеді.

Құндылықтық бағдарлар жүйесіндегі типология мәселелерін қарастыра отырып, біз мұндағы әр алуандылықты мойындаймыз және көптеген авторлар көзқарастарын тұжырымдай келе мұндағы күрделілікті, иерархиялылықты баса көрсетеміз. Тұлға құрылымындағы құндылықтылық бағдарлар жүйесінің тұлға дамуындағы мәнді функциясы орасан зор рөл мен алатын айшықты орнының жоғары екеніне шүбә келтірместен оның қалыптасуы мен дамуына назар аударғанымыз орынды деп санаймыз. Өйткені, тұлғаның құндылықтық бағдарлар жүйесі оның реттеушісі мен механизмі ретінде саналады. Жалпы тұлғаның құндылықтық бағдарлар жүйесінің қалыптасуы мен даму процесі белгілі бір заңдылық бойынша жүзеге асатыны түсінікті.
Тұлғаның құндылықтық бағдарлар жүйесі өмір барысында өзгеріп, толықтырылып, жаңа түрге еніп отырады. Құндылықтық бағдарлардың әр түрлері әр жасқа байланысты сол жас ерекшілігіне сай бірінші орынға шығып отырады. Құндылықтық бағдарлардың дамуы әр түрлі, бірақ өзара байланысты процестермен қатар дамып отырады. Жалпы тұлғаны құндылықтық бағдарлар жүйесінің қалыптасып, дамуы оның жалпы болмысының, ерік сапаларының да
дамуын білдіреді. Ал, осы соңғысы қандайда бір мақсаттарға, дербес құндылықтыр жүйесін қалыптастыруға бағытталған субьект белсенділігі қайнар көзінің ішкі көздері күшін айқындайды.
Құндылықтық бағдарлардың тұлғаның қалыптасуы мен дамуына, кеңінен айтсақ, оның адам, азамат ретінде қалыптасуының, дара тұлға ретінде сомдалуына тигізетін әсерін бір сөзбен айту қиын.
Біздің өмірімізде бәрі өз құндылығына ие және бұл жерде тек материалдық немесе ақшалай құндылықтықтар туралы ғана емес. Әйтседе объектілер мен құбылыстардың құндылығы әртүрлі. Аса маңызы бар нәрселер де бар, біз басқалар үшін оңай бас тарта алатын нәрселер де бар. Бұл құндылықтар жүйесі көбінесе біздің өмірлік таңдауымызды, мансабымызды, әуестігімізді, қағидаларды, қоршаған ортамен қарым-қатынасты анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет