Сутектің қандай химиялық қасиеттеріне сай оны Периодтық жүйенің I A
жəне VII A топшаларына жатқызуға болады?
Сутектің кез келген изотопы атомының ядросы электронын жоғалтқанда протонға айналады деп тұжырымдауға болады ма?
Тотығу-тотықсыздану жағынан сутекті алу реакциясының əрқайсысын жеке қарастырыңыздар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көр- сетіңіздер.
Мыс (II) оксидінің 24 грамын тотықсыздандыру үшін қанша литр сутек жұмсалады?
Қарапайым жəне ауыр судағы оттектің массалық үлесін анықтаңыздар.
Сутек асқын тотығының қатысуымен жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларының электрондық баланс əдісін қолданып, коэффициент- терін қойыңыз:
қалай түсіндіруге болады?
Көптеген химиялық реакцияларда сутек тотықтырғыш немесе тотықсыз- дандырғыш ретінде қандай рөл атқарады? Мысалдар келтіріңіздер.
Сутек қандай күрделі қосылыстармен əрекеттеседі? Мысалдар келті- ріңіздер.
Экологиялық көзқарас бойынша сутектік энергетиканың қандай артық- шылығы бар?
Сутекті қолданудың маңызды салаларын атаңыздар.
Неліктен мынадай реакция CuO + H2 = Cu + H2O мүмкін бола тұра, оның кері үдерісі жоқ?
Электролиттік диссоциациялану үдерісіндегі судың алатын орны қандай?
Элементтердің жалпы сипаттамасы. Периодтық жүйенің VIII тобының негізгі топшасына гелий Не, неон Nе, аргон Аr, крип- тон Кr, ксенон Хе жəне радон Rn кіреді. Бұл элементтер үшін инерттінемесеасылгаздардеген топтық атау берілген. Элемент- тердің мұндай атауға ие болу себебі олардың атомдарының элек- трондық қабаттарының құрылысына сай химиялық инерттілік көрсетуіне байланысты. Инертті газдардың атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейлерінде сегіз электроны бар – ns2np6 (элек- трондық конфигурациясы 1s2 болатын гелийден басқа), яғни олар аяқталған болып есептеледі. Сондықтан гелий атомының екі элек- тронды конфигурациясы мен бұл топшаның басқа элементтері атомдарының сегіз электронды конфигурациясы өте тұрақты, осыған байланысты асыл газдардың химиялық əрекеттесуге түсуі өте күрделі.
VIII A топшасы элементтерінің кейбір сипаттамалары 3-кес-
теде келтірілген.
кесте