Атмосфералық ауаны қорғау
Адамзат қоғамы табиғаттың бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста болған күнде ғана тіршілік ете алады.Адамның өмірі үшін ең басты бірі - ауа.Жерді айнала қоршап тұрған газды қабат-атмосфера деп аталады.Ол гректің "atmos"- ауа және "sphaira"-шар деген сөзінен шыққан.Атмосфераға адам, жануарлар және өсімдіктер дем алатын ауа ғана емес, сонымен бірге оған жер шарын қоршаған газды қабаттарда жатады.Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді.Ауа- әртүрлі газдардың қоспасынан (процент есебімен) тұрады.Азот (N)-78,08; оттек (О2)-20,95; аргон (Ar)-0,93; көмір қышқылы (СО2)-0,03; неон(Ne),ксенон(Xe), радон(Rn)-0,01%.Бұлардан басқа ауа құрамында қалқып жүрген шаң-тозаңмен су булары бар.
Атмосфера негізгі қабаттардан тұрады.Ең төменгі, жер бетіне жақын атмосфераның қабатын тропосфера деп атайды.Мұнда атмосферада бар ауаның 84 проценті жиналған.
Бұлт пен тұман, жел мен дауыл, жаңбыр мен қар, басқаша айтқанда ауадағы барлық құбылыстар осы қабатта өтіп жатады.Тропосфераның биіктігі
экватор маңайында 16-17 км биіктікке дейін барады.Жердің бетінен алыстаған сайын тропосфера қабатының температурасы әр шақырымда 6о -ға төмендеп отырады.Тропосферадан жоғарғы қабатты тропопауза дейді (18-20 км).Бұл қабатта температура -60о,-70оС құрайды.
Онан жоғары қабатты стратосфера деп атайды.Стратосфера қабаты жердің бетінен 20-50 км биіктікте стратосфераның ішінде, 25-30 км биіктікте Озон қабаты болады.Озонның тіршілік үшін маңызы өте зор.Ол күн сәулесіндегі өте кұшті ультракүлгін түстес сәулелерді ұстап, организмдерді өлімнен сақтайды.Озонның екінші қасиеті - ол өте тұрақсыз, тез бұзылып жоғалып кететін газ.Секунд сайын жаңадан 100 тонна озон пайда болып соншасы жоғалып жатады.Озонның тез бұзылып, жоғалуына адамдар кінәлі.Халық шаруашылық салаларында түрлі аэрозольдарды шашуға, сырдың жылтыр түрін кетіруге қолданылатын хлорофторметандар атмосфераға зиянсыз газ ретінде қосылады да, 30 км биіктікке көтерілгеннен кейін күннің ультракүлген түстес сәулесінің әсерімен хлорға, фторға, бөлініп бұл екеуі де озонды бұзуға тікелей қатынасады.
1985 жылы наурыз айында 37 мемлекет және Еуропалық экономикалық одақ озон қабатын қорғау жөніндегі халықаралық Вена конвенциясына қол қойды.Онда озон қабатын үнемі бақылау, зиянды заттарды қолдануға тиым салу немее оларды шектеу, озон үшін зиянды заттардың тізімін бекіту, хлорфторметан қалдықтарын атмосфераға шығармау туралы келісті.Онан жоғары қабатты ауаның 55-75 км аралығындағы қабатын Мезосфера деп атайды.Онда ауаның қозғалысы тек тіке, жоғары қарай болып, температура қайтадан төмен түседі.(-2;-3оС) ал 80 километр биіктік мезопаузада температура -75;-90оС жетеді.Қазіргі деректерге қарағанда, атмосфера жер бетінен 1500-2000 км биіктікке жойылған, әйтсе де жер серіктерінің және ракеталардың көмегімен жүргізілген бақылауларға қарағанда, атмосфераның кейбір белгілері жерден 10-20 мың км биіктікке дейін болатындығы анықталып отыр.
Жердің бетіне метеорит денелер де түсіп отырады.Мәселен, әр секунд сайын көзбен көріп бақылауға болатын 200 млн- ға дейін метеориттер ауа қабатын түсіп өртеніп жатады.Тәулігіне жер бетіне шамамен 1018 кішігірім метеориттер түседі.
Атмосфера жердегі ауа райын бірқалыпты реттеп отырады.Атмосфера болмаса, тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен 200 градусқа құбылып тұрғанболар еді.
Ауаның ластануы
Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп денсаулыққа зиянын тигізеді, ал уытты заттар денені улайды.Барлық атмосфералық ластағыштар 4 топқа бөлінеді:
1.Табиғи жолмен ластану
2.Адамдардың іс-әрекетінен болатын ластану
3.Өнеркәсіп салаларынан туатын ластағыштар
4.Автомашиналардан алатынластану
1.Табиғи жолмен ластану-жанар таулардың атқылағанда(вулкандар атқылағанда), теңіз суы буға айналуынан, тау ұнтағы мен топырақты жел мен дауыл ұшырағанда, орман мен дала өрт болғанда, шағ-тозаң, кұл т.б аспанға көтеріліп ауамен араласу арқылы болады.
1883 жылы тамызда Каракатау (Индонезия) вулканы атқылағанда шамамен 150 млрд тонна шаң мен күл шоғын 32 км биіктікке дейін лақтырып тастаған.
2.Адамдардың іс-әрекетінен юолатын ластануға өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, құрылыс кәсіпорындарының, коммуналды-тұрмыстық мекемелердің шаң-тозаңы мен қалдықтары жатады.
3.Өнеркәсіп мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31,9 % көміртегі тотығы(СО), 27% күкіртті газ(SO2), 11% азот тотығы(NO2), 28,3% қалқып жүретін қатты түйіршіктер.
4.Ауаны ластаушылардың ішінде автомашиналардың алатын орны ерекше.Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын СО, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады.Бұл газдар құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындысы бар.Олардың ішінде зиянсыздары-азот, оттек, сутек, судың булары; Зияндылары- көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, бензапирен, күйе, күкіртті түтін.Бұл газдың адамға әсері жүрек соғу мен дем алу жылдамдап, бпс ауырып, құлақ шуылдап, қан қысымы көтеріліп, тамыр соғуы азаяды.
ҚР-да 1951 жылдан бастап 446 химиялық заттар мен олардың 33 түрлі қосындыларының қалдықтарын ауаға жіберуге болатын ШРЕК белгіленіп, іс жүзінде қолданылып келеді.
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша дамыған елдердің 20%-ке жуық халқы түрлі аллергиялық ауырулармен сырқаттану ауаның ластануымен байланысты.Ауадағы шаң-тозаң көп болуы өкпе ауыруларына да себепші болады.Ауадағы газдардың көп болуы рак ауыруына себепші болады.
Мысалы:күкіртті газ (SO2) оттекпен қосылып күкірт ангидридіне (SO3), су буларымен қосылып күкірт қышқылына (H2 SO4) айналады.Күкірт қышқылының тамшылары ауада тұман болып тұрады да, жауын жауғанда жерге түседі.Ол металды тотықтырады, бетонды, бояуды күйдіріп, жеп қояды.
Азот тотығы-атмосфераның негізгі ластаушы газдар қатарына жатады.Азоттың қостотығы іруінен атомды оттек(О) бөлініп молекулды оттекпен қосылып озон(О3) пайда болады.Озонның көбеюі смог жағдайына соқтырады.Смог-(ағылш «smog» - түтінді тұман, улы қосылыстар) – ауадағы улы газдар күн сәулесінің ықпалыымен бірімен-бірі химиялық реакцияға түсіп түтінді тұман(смог) туғызады.Бұл адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарын ауыртып, өсімдіктерді өсірмейді.
Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауаға көмір қышқыл газы (СО2) өте көп қосылады.Осының нәтижесінде соңғы ластаушы заттары көп кәсіпорындарды жобалағанда оларды елді мекендерден алысырақ орналастыру көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |