VIII A топшасы элементтерінің кейбір сипаттамалары
Элементтің сипаттамасы
|
He
|
Ne
|
Ar
|
Kr
|
Xe
|
Rn
|
Реттік нөмірі
|
2
|
10
|
18
|
36
|
54
|
86
|
Салыстырмалы атомдық массасы
|
4,003
|
20,180
|
39,948
|
83,80
|
131,29
|
222,018
|
Сыртқы электрондық қабатының құрылысы
|
1s2
|
2s22p6
|
3s23p6
|
4s24p6
|
5s25p6
|
6s26p6
|
Радиусы, нм
|
0,125
|
0,162
|
0,192
|
0,197
|
0,218
|
0,220
|
Иондану потенциалы, эВ
|
24,58
|
21,56
|
15,76
|
13,99
|
12,13
|
10,75
|
Тотығу дəрежесі
|
0
|
0
|
0
|
0, +2
|
0, +2,
+4, +6,
+8
|
0, +2, +4,
+6, +8
|
Жай заттар:
Балқу температурасы, С
|
-272,1
|
-249,6
|
-189,4
|
-156,6
|
-111,5
|
-71,0
|
Қайнау температурасы, С
|
-268,9
|
-246,0
|
-185,8
|
-152,9
|
-107,1
|
-62,0
|
Тығыздығы, г/л
|
0,18
|
0,90
|
1,78
|
3,74
|
5,85
|
9,96
|
Табиғатта таралуы. Барлық асыл газдар негізінен атмосфе- рада бір атомды газдар түрінде шоғырланған. Гелийдің массалық үлесі – 4,6·10-4 %, неон – 1,61·10-3 %, аргон – 0,9325 %, криптон
– 1,08·10-4 %, ксенон – 8·10-6 % жəне радон – 6·10-18 %. Ауаның шамамен 1 % көлемін құрайтын аргонның мөлшері жоғары. Басқа қалған бағалы газдарды құрамына сай сирек элементтер қатарына жатқызуға болады. Радон Rn радийдің радиоактивті ыдырауы нəтижесінде түзіледі жəне аз мөлшерде уран кендерінде, сонымен қатар минералды суларда (радонды бұлақтарда) болады. Гелий Не ғарыш əлемінде кең тараған (сутектен кейін екінші орынды алады): ғарыш массасының 23 %-ын құрайды. Ол аз мөлшерде табиғи газдың құрамында кездеседі.
Қасиеттері. Асыл газдар – түссіз, дəмсіз жəне иіссіз заттар, суда жəне органикалық еріткіштерде аз ериді. Газдарға жоғары электрөткізгіштік тəн. Гелийден радонға дейін олардың қайнау жəне балқу температуралары жоғарылайды, бұл конденсация- ланған күйде молекулааралық байланыс беріктігінің артатынын көрсетеді.
Асыл газдар электртерістігі жоғары элементтермен, бірінші кезекте фтор жəне оттекпен қосылыстар түзеді. Ксенон қосылыс- тарының көп екені белгілі. Ксенон фтормен жай жағдайда үш фторид түзе экзотермиялық реакцияға түседі: Xe + F2 = XeF2 – ксенонның дифториді; Xe + 2F2 = XeF4 – ксенонның тетрафториді; Xe + 3F2 = XeF6 – ксенонның гексафториді. Ксенонның фторидтері
түссіз, кристалдық, жеңіл айдалатын заттар, фторлаушы агент- тер, өте күшті тотықтырғыштар, олар жарылғыш əрі улы болып келеді.
Басқа фторидтермен əрекеттескенде XeF2 екіатомды катионға
XeF+, ал XeF – кешенді аниондарға XeF - жəне XeF 2- айналады:
6 7 8
XeF2 + SbF5 = [XeF] [SbF ]
6
+ -
XeF6 + CsF = Cs[XeF7] XeF6 + 2CsF = Cs[XeF8]
XeF4 жəне XeF6 сумен əрекеттескенде ақ, жеңіл ұшқыш, крис- талды ксенон триоксидін түзеді:
6XeF4 + 12Н2О = 2XeО3 +4Xe + О2 +24НF XeF6 + 3Н2О = ХеО3 + 6НF
Фторидтерге ұқсас XeО3 – жарылғыш тотықтырғыш. XeО3 сіл- тінің сулы ерітіндісінде ксенаттар МНХеО4 жəне М2ХеО4 түзе ериді. Бұл ерітінділерге озонмен əсер еткенде ксенонның тотығу дəрежесі +8-ге тең болатын перксенаттар түзіледі:
М2ХеО4 + 2МОН + О3 = М4ХеО6 + О2 + Н2О
6
Перксенат – ХеО 4- ионы, белгілі тотықтырғыштардың ішінде- гі ең күштісі. Сусыз күкірт қышқылымен барий перксенаты қо- парғыш газ күйіндегі ксенон тетраоксидін түзеді:
Ва2ХеО4 + 4H2SO4 = ХеО4 + 2ВаSO4 +2H2SO4·Н2О
Алынуы. Гелийден басқа барлық асыл газдарды сұйық ауадан фракциялық қайта айдау арқылы, одан соң белсендірілген көмір- мен абсорбциялап алады. Жанғыш табиғи газдарды салқындату кезінде оларды жандыру арқылы гелийді бөліп алады. Бұл кезде гелий газ күйінде қалады.
Инертті газдардың қолданылуы.
Металдарды балқытқанда жəне кескенде, зымыран отындарын тасымалдағанда, дирижаблдер мен аэростаттарды толтырғанда гелийді инертті жəне қорғау атмосферасын жасау үшін қолданады. Жердегі ең суық сұйықтық, сұйық гелий экспериментті физикада ерекше суықтық агенті болып табылады, ол ғылыми зерттеулерде (мысалы, жоғары электрөткізгіштікті зерттеу кезінде) өте төмен температураларды пайдалануға мүмкіндік береді. Қанда гелийдің өте нашар еруін оны су сүңгуірлеріне тыныс алуға берілетін жасанды ауаның құрам бөлігі ретінде қолдануға болады. Азотты (N2) гелиймен алмастыру кессонды аурудың (жай ауамен тыныс алғанда азот жоғары қысымда қанда ериді де, одан кішкентай тамырларды жауып қалатын көбіршіктер түрінде бөлінеді) алдын алудың алғышарты болып табылады.
Неонды төмен температура техникасында, индикаторлы шам- дарда, радиотехникалық аппаратуралардың сигналды шамда- рында, газ разрядтау түтікшелерінде қолданады. Неон мен гелий қоспасын газды лазерлерде жұмыс ортасы ретінде қолданады. Азот пен неон қоспасымен толтырылған түтікшелер арқылы (шамамен көлемі 10 % неоны бар неон түтіктері) электр разрядын өткізгенде қызыл жарық шығарады.
Тез тотығатын металдарды термиялық өңдеу кезінде (аргонды балқыту) инертті жəне қорғау ортасын құру үшін аргон кең қол- данылады. Аргон атмосферасында көптеген жартылай өткізгіш- тердің кристалдарын жəне басқа да аса таза материалдар алы- нады. Аргонмен электр шамдарын (спиральден вольфрамның булануын баяулату үшін) жиі толтырады. Аргонмен толтырылған əйнек түтікшелері арқылы электр разрядын өткізгенде көгілдір сəулелену байқалады, бұл мысалы, жарқырайтын жарнамалар
жасауда кең қолданылады. Геохронологияда 40Ar/40К изотопта- рының қатынасын анықтау арқылы минералдың көнелігін табуға болады.
Криптонды криптон шамдарында, газ разрядты түтікшелерде жəне лазерлерде қолданады. Криптон дифториді KrF2 – өте күшті тотықтырғыш, фторлаушы агент.
Ксенон ксенонды шам прожекторларда, кинопроекторларда қолданылады. Ксенон фторидтері XeF2, XeF4 – өте күшті тотық- тырғыштар жəне фторлаушы агенттер.
Радон радиоактивті болғанымен, ол өте аз мөлшерде орталық жүйке жүйесіне оң əсер береді, сондықтан оны демалыс орындары мен физиоемдеу орталықтарында кең қолданады. Сонымен қатар оны ғылыми-зерттеулерде де қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |