Тотығу дəрежесі
Қышқылдың формуласы
Аталуы
Қышқылдары Тұздары
+1 HClO, HBrO, HIO
Галогенділеу: хлорлылау,
Гипогалогенит: гипохлорит,
H* O
**
**
* Ã
**
бромдылау, йодтылау
гипобромит, гипойодит
+3 H*
HClO2
**
**
O * Ã O
**
Хлорлы
Хлорит
HClO3, HBrO3, HIO3
**
O
+5
* Ã
** H* O O
**
Галогендеу: хлорлау, бромдау, йодтау
Галогенат: хлорат, бромат, йодат
HClO4, HBrO4, HIO4
O
Галогенді: хлор, бром,
Пергалогенат: перхлорат, пербромат,
+7 H*
**
**
O * Ã O
**
йод
перйодат
O
Галогендердің оттекті қосылыстарынан хлордың оттекті қыш- қылының жəне олардың тұздарының маңызы өте зор.
+1 +3 +5 +7
2 3 4
HClO; HClO 2; HClO 3; HCl O 4 қатарында:
анионның тұрақтылығы артады;
қышқылдың тотықтырғыштық белсенділігі артады;
қышқылдық күші артады.
Хлорлылау қышқыл НС1О əлсіз қышқыл болып табылады. Олардың тек сулы ерітінділері бар, əсіресе жарықтың əсерінен тез ыдырайды: НС1О = НС1 + О.
Хлорлы қышқыл НС1О2 – күші орташа қышқыл. Ол сулы ері- тінділерінде де тұрақсыз.
Хлорлау қышқыл НС1О3 күшті қышқылдарға жатады. Оның тек сулы ерітінділері болады.
Хлор қышқылы НС1О4 – күшті бейорганикалық қышқылдардың бірі. Ол бос күйінде де кездеседі, алайда тұрақсыз қышқылдардың бірі. Сусыз хлор қышқылы қыздырғанда жəне органикалық зат- тармен байланысқанда жарылыс береді. Хлор қышқылын алудың өнеркəсіптік бір жолы концентрлі күкірт қышқылымен перхло- раттарға əсер ету (хлор қышқылының тұзы):
КClO4 + H2SO4 = НС1О4 + КHSO4
Хлордың оттекті қышқылдары (басқа галогендердің де) жəне олардың тұздары тотықтырғыштар, мысалы:
NaI + 3HCl = NaIO3 + 3HC1
6NaI + KClO3 + 3H2SO4 = 3I2 + KCl + 3Na2SO4 + 3H2O
Галогендердің жəне олардың бейорганикалық қосылыстары- ның қолданылуы. Галогендер жəне олардың қосылыстары өнер- кəсіпте, ауыл шаруашылығында жəне тұрмыста кеңінен қолда- нылады.
Фтор F2 уран изотоптарын бөліп алуға қажетті уран (VI) фто- ридін UF6 алу үшін қолданылады. Ол көптеген органикалық жəне бейорганикалық қосылыстардың фторлаушы агенті ретінде белгілі. Фтор мен оның оттекпен жəне галогендермен қосылыс- тары ОF2, СlF зымырандық отынға тотықтырғыш ретінде енгізіледі.
Фторсутек НF көптеген органикалық жəне бейорганикалық фторидтерді алуға шикізат ретінде пайдаланылады. Мысалы, НF алюминий өндірісіне қажетті криолит Na3[AlF6] алу үшін қолда- нады.
Хлор Сl2 химия өнеркəсібінде хлорсутекті, хлорсутек қыш- қылын жəне басқа да хлорлы заттарды алу үшін қолданылады. Хлорлы суды мата мен қағазды ағарту үшін пайдаланады. Ауыз суды хлормен залалсыздандырады.
Хлорсутек қышқылы НС1 бейорганикалық хлоридтер, көмір қышқылы, дəрілер, бояғыштар, құрамында хлоры бар көптеген органикалық заттар өндірісінде қолданылады. Адам ағзасында тұз қышқылы ішек сөлінің жасушалары арқылы бөлінеді. Ауру тудыратын бактерияларды жоюға, ақуыздарды қорытуға мүмкін- дік беретін болғандықтан, оның физиологиялық рөлі жоғары.
Натрий хлориді NaС1 – ас тұзы. Сабындар, бояғыштар, натрий гидроксиді, сода, натрий, хлорсутек қышқылы, хлор өндірісінде кең қолданылады.
Калий хлориді КС1 калий тыңайтқыштары ретінде қолда- нылады.
Калий жəне натрий бромиді KBr, NaBr медицина мен фото- сурет саласында қолданылады.
Күміс хлориді жəне бромиді AgCl, AgBr жарықтың əсерінен ыдырау қабілеттілігіне байланысты фотографияда суретке түсі- руге сезімтал материал ретінде қолданылады.
Калий жəне натрий гипохлоритін КС1О, NaС1О қағаздарды жəне маталарды ағарту үшін пайдаланады. Ағартуды тұз ерітіндісі арқылы, көміртек (VI) оксидін жіберу арқылы жүргізеді:
КС1О + СО2 + Н2О = КНСО3 + НС1О
Түзілген хлорлылау қышқылы өте күшті тотықтырғыш – атом- дық оттекті бөліп шығару арқылы ыдырайды. Хлордың ағарту қасиеті хлор суында хлорлылау қышқылының түзілуіне негіз- делген.
Кальций гипохлориті Са(С1О)2 мен кальций хлориді СаС12 (хлорлы ізбес) қоспасы ағартқыш ретінде жəне залалсыздандыру құралы ретінде қолданылады. Хлорлы ізбесті кальций гидроксиді ерітіндісі арқылы хлорды жіберу арқылы алады:
2Са(ОН)2 + 2С12 = Са(ОС1)2 + СаС12 + 2Н2О
Бертолле тұзы КС1О3 сіріңке өндірісінде қолданылады.
Йод I2 кейбір металдарды (титан, хром жəне т.б.) тазарту үшін жəне жараны залалсыздандыру құралы – йодты тұндырма (йод- тың сулы-спиртті ерітіндісі).
Достарыңызбен бөлісу: |