Күкірт
Табиғатта таралуы. Күкірт табиғатта кең таралған. Жер қыр- тысындағы бұл элементтің массалық үлесі 0,05 %-ды құрайды. Күкірт жай зат түрінде (бос күкірт) табиғатта кездеседі жəне əр- түрлі қосылыстардың құрамына кіреді. Құрамында күкірті бар минералдарды екі топқа – сульфидтерге (колчедандар, жалтыр- лар, алдамыштар) жəне сульфаттарға бөледі. Бірінші топ ми- нералдарына FeS2 – темір немесе күкірт колчеданы (пирит), FeCuS2 – халькопирит, HgS – киноварь, PbS – қорғасын жалтыры, ZnS – мырыш алдамышы жатады. Екінші топ минералдарына CaSO4·2H2O – гипс, Na2SO4·10H2O – глаубер тұзын (мирабилит)
жатқызуға болады. Күкірттің органикалық қосылыстары мұнай-
дың құрамына кіреді.
Қасиеттері. Күкірт сары түсті қатты зат, диэлектрик, суда ерімейді, күкірт көміртекте СS2 оңай ериді.
Оттек сияқты күкірттің де бірнеше аллотропиялық түр өзгерісі бар, ол оның тұрақты – S – S – гомотізбек түзетін мүмкіндігіне
негізделген. Қатты күйінде күкірт молекуласы молекулалық кристалдың екі типін түзеді: ромбалық немесе α – күкірт (а) жəне моноклиндік немесе β – күкірт (ə):
(а) (ə)
Кристалдардың пішіні бойынша ғана емес, сонымен қатар физикалық қасиеттері бойынша да айырмашылығы бар кристал- дық заттар. Ромбалық күкірт – тұрақты модификациясы. Ромбалық жəне моноклинді күкірттің молекулалық массасын эксперимент жүзінде анықтау күкірт молекуласының модификациялық өзге- шелігіне қарамастан оның сегіз атомнан тұратынын көрсетеді:
S S S S
S
S
Яғни, бұл аллотропиялық түр өзгерістерінің қасиеттеріндегі айырмашылықтар молекуладағы атомдар санының əртүрлі бо- луында емес (О2 жəне О3 сияқты), олардың кристалдық құрылы- сының əртүрлілігінде. Мұндай құбылыс полиморфизм деп аталады. Балқыған күкіртті тез суытқанда тағы бір тұрақсыз алло- тропты модификация – пластикалық күкірт түзіледі, ол ұзын Sх
молекуласынан тұрады (х саны бірнеше мыңға тең).
Күкірт буында S8, S6, S4, S2 жəне S молекулалары бар.
Күкірт жай зат ретінде тотығу дəрежесі оң (+4, +6) жəне теріс
(-2)-ке тең болғандықтан, тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш
та бола алады. Күкірттің тотықтырғыштық қасиеті жай заттар тотықсыздандырғыштармен (металдар, сутек, электртерістігі тө- мен кейбір бейметалдар) əрекеттескенде пайда болады. Күшті то- тықтырғыштар үшін (оттек, галогендер, қышқылдар) күкірт то- тықсыздандырғыш бола алады.
Металдармен əрекеттесуі. Күкірт нағыз бейметалл ретінде көптеген металдармен сульфидтер түзе əрекеттеседі:
S + 2Na = Na2S Fe + S = FeS
Бұл реакциялар тек жылудың əсерімен жүреді.
Бейметалдармен əрекеттесуі. Күкірт көптеген бейметал- дармен (оттекпен, сутекпен, көміртекпен, галогендермен жəне басқалармен) əрекеттеседі:
S + O2 = SO2
Н2 + S = H2S
Күкірттің қатысуымен жүретін реакциялар жылудың əсерімен жүреді.
Сілтілермен əрекеттесуі. Қыздырғанда күкірт сілтілердің сулы ерітінділерімен əрекеттеседі, мысалы:
3S + 6NaOH = 2Na2S + Na2SO3 + 3H2O
Бұл диспропорциялану реакциясы.
Қышқылдармен əрекеттесуі. Күкірт күшті тотықтырғыштар болатын қышқылдармен, мысалы концентрлі күкірт жəне азот қышқылдарымен əрекеттеседі:
S + 4HNO3 = SO2 +4NO2 + 2H2O S + 2H2SO4 = 3SO2 + 2H2O
Алынуы.
Бос күйіндегі күкіртті қоспалардан (құм, саз) тазартады. Ол үшін оны қыздырылған су буында балқытады, нəтижесінде сұ- йық күкірт қатты қоспалардан жеңіл бөлінеді. Қату барысында кесек күкірт алынады, оны əрі қарай арнаулы пештерде қайта айдап тазартады.
Күкіртті оның табиғи қосылыстарын балқыту, мысалы кү- кірт колчеданын жоғары температураға дейін қыздыру арқылы алады. Күкірт колчеданы темір (II) сульфиді мен күкірт түзу ар- қылы ыдырайды: FeS2 = FeS + S. Нəтижесінде басқа газдармен бірге ұшып шыққан күкіртті салқындатып барып, ажыратып алады.
Күкіртті күкіртсутекті тотықтыру арқылы алуға болады: 2H2S + O2 = 2S + 2H2O
Күкіртті күкірт кендерінен металдарды балқыту кезінде- гі қосымша өнім – күкірт диоксидін SO2 көміртекпен тотықсыз- дандыру арқылы алады:
SO2 + С = СО2 + S
Металлургия өндірісінің қалдық газдарының құрамында күкірт пен күкіртсутек қоспасы бар. Бұл қоспаны катализатор қатысында жоғары температурада жібереді:
SO2 + H2S = 3S + 2H2O
Тотығу-тотықсыздану реакциясы нəтижесінде күкірт пен су түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |