Фосфор жəне оның қосылыстары
Табиғатта таралуы. Фосфор көп тараған элементтер қата- рына жатады, алайда ол тек қосылыстар түрінде кездеседі. Жер қыртысындағы фосфордың массалық үлесі 0,08 %-ды құрайды. Негізгі минералдары: фосфорит Са3(РО4)2 жəне апатит Са5(РО4)3Х, мұндағы Х = F (Cl сирегірек немесе OH).
Қасиеті. Фосфордың бірнеше аллотропиялық түрі бар, олар қасиеттері бойынша ерекшеленеді.
кесте
Фосфордың аллотропиялық түр өзгерісінің сипаттамасы мен қасиеттері
Ақ фосфор
|
Қызыл фосфор
|
Қара фосфор
|
Жұмсақ кристалдық зат. Р4 молекуласынан тұрады. Суда ерімейді, күкірткөміртекте ериді, улы, тез тұтанады.
Қыздырғанда қызыл фосфорға айналады.
P
P
P P
Молекулалық кристалдық торы бар.
|
Қызғылт ұнтақ, улы емес, су мен
күкірткөміртекте ериді. Атомдық кристалдық торы бар. Ұшқыш емес, улы емес, жанғыш емес.
P P
P P P P P P
Бұл Р4 тетраэдрін
созғанда алынатын бейорганикалық полимер.
|
Неғұрлым тұрақты модификация.
Сыртқы пішіні графитке ұқсайды, ұстағанда майлы, жартылай өткізгіштің қасиеттерін көрсетеді. Атомдық кристалдық торы бар. Құрылымы бойынша бейорганикалық полимер болып табылады. Ұшқыш та, улы да емес.
|
Фосфор азотпен салыстырғанда белсендірек. Фосфордың хи- миялық белсенділігі оның қандай аллотропиялық түр өзгерісінде болатынына байланысты. Мысалы, ақ фосфор қара фосфорға қарағанда белсендірек болып келеді. Ақ фосфорды химиялық реакция теңдеулерінде оның молекуласының құрамына сайкелетін Р4-пен белгілейді. Қызыл жəне қара фосфор модификацияларын
Р таңбасы арқылы жазады. Егер модификациясы белгісіз немесе кез келгені болса, ол жағдайда да осы таңба қолданылады.
Бейметалдармен əрекеттесуі. Фосфор көптеген бейметал- дармен – оттекпен, күкіртпен, галогендермен əрекеттеседі. Фос- фордың артық мөлшері немесе жетіспеушілігіне байланысты фосфордың (III) немесе (V) қосылыстары түзіледі, мысалы:
P4 + 5O2 (артық мөлшері) = P4O10 немесе (4P + 5O2 = 2P2O5) P4 + 3O2 (жеткіліксіз) = P4O6 немесе (4P + 3O2 = 2P2O3)
2P + 5Cl2 (артық мөлшері) = 2PCl5 2P + 3Cl2 (жеткіліксіз) = 2PCl3
Сутекпен фосфор əрекеттеспейді.
Металдармен əрекеттесуі. Фосфорды металдармен қыз- дырғанда фосфидтер түзіледі:
2Р + 3Са = Са3Р2
Кейбір металдардың фосфидтері сумен əрекеттесіп, газ тəрізді
фосфин РН3 түзеді:
Mg3P2 + 6H2O = 3Mg(OH)2 + PH3
Сілтілермен əрекеттесуі. Сілті ерітіндісінде ақ фосфорды қыздырғанда ол диспропорцияланады:
P4 + 3NaOH + 3H2O = PH3 + 3NaH2PO2
Достарыңызбен бөлісу: |