Бақылау сұрақтары мен жаттығулар
Аргон жəне криптон атомдарының электрондық формулаларын құрасты- рыңыздар.
3,2 г гелий мен 8,0 г аргоннан тұратын қоспа берілген. Қоспадағы газ- дардың көлемдік үлестерін есептеңіздер.
Са2+ ионы сияқты электрондық конфигурациясы бар инертті газдың құ- рылымдық жəне электрондық формуласын жазыңыздар.
Инертті газдар бейметалдар мен металдардың қайсысына жатады? Не- ліктен?
Инертті газдар қайда қолданылады?
Ксенонның сыртқы энергетикалық деңгейінде бос d-орбиталі бар, оған осы деңгейдің р-деңгейшесінің электрондары өте алады. Ксенонның қа- лыпты жағдайда жəне қозған күйіндегі валенттігі қандай, сонымен қатар XeF4, XeF6, XeОF4 жəне ХеО4 қосылыстарындағы тотығу дəрежесі нешеге тең?
Ксенон фторидтері күшті тотықтырғыштар, мысалы XeF4 + 4КI = 2I2
+ Хе + 4КF. Реакцияға дейінгі жəне реакциядан кейінгі атомдардың тотығу дəрежесін жəне электронды баланс əдісімен электрон өзгерісін анықтаңыздар.
Элементтердің жалпы сипаттамасы. Периодтық жүйенің VII тобының негізгі топшасына немесе галогендер топшасына фтор F, хлор Cl, бром Br, йод I, астат At кіреді. Галогендер атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінде жеті электрон – ns2np5 болады, мысалы фтор атомында:
кесте
VII топша элементтерінің жалпы сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |