Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық ізденісінде –тәжірибенің рөлі
Қазіргі уақытта біздің елімізде әлемдік деңгейдегі білім беру үдерісінің бағыты қолданылуда . Балалардың бойында қандай да бір құндылықтардың қалыптасуы балабақшада тәрбиешінің іс-әрекеттеріне және қоршаған ортаның қарқынды дамуына тікелей байланысты

Білім берудің негізгі мақсаты, тұлғаны оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Бұл мақсаттар бір-бірімен тығыз байланысты. Баланы өмірге дайындаудың, дамытудың маңызы ерекше. Қытай қалқында мынадай мақал бар; «Айтсаң-ұмытамын, көрсетсең- есте сақтап қаламын, өзім жасап көрсем-түсінемін». Ал, біз осы мақалға сүйенсек , баланың танымдық ізденісінде, математикалық ұғымдардың қалыптасуында, тілінің дамыуына немесе сөз шеберліктерінің артуына, өзін қоршаған ортаны танып білуінде -тәжірибенің атқарар рөлі ерекше.
Психологтардың дәлелдеуі бойынша бала алғашқы жеті жаста өз көргендерінен әсер алады және оны бейнелейді. Әрбір бала туылғанда зерттеуші болып туылады. Бала жаңа тәжірибе жасау үшін қызығады, ізденісте болады, бақылайды және тәжірибе жасайды. Қоршаған ортаның маңыздылығын ажыратуға ұмтылады. Мектепке дейінгі балалар өзін қоршаған ортадан ажырата алады, өзіне жақын ортаны тани бастайды және өзінің табиғаттағы орнын біледі. Табиғатпен тығыз қарым-қатынас орнатып, табиғаттан жағымды әсер алады. Табиғат құбылыстары жайлы алғашқы түсініктері қалыптасады.