ҚЫСҚа мерзімді жоспар пәні: Баланы мектепке дайындаудың әдіснамалық аспектілері Мамандығы



Дата09.02.2022
өлшемі122,44 Kb.
#131184
Байланысты:
Үлгі


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пәні: Баланы мектепке дайындаудың әдіснамалық аспектілері
Мамандығы: 6М010100-«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Тақырыбы: Ауылдық жерлерде баланы мектепке даярлау
Мақсаты: Студенттер ауылдық жерлерде баланы мектепке дайындау ерекшеліктерін біледі, және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
курстарын ұйымдастыру және жүргізу ісін біледі.
Оқыту нәтижесі: Балабақшадағы балаларды мектепке дайындау мазмұнын біледі; педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруда сауалнама жүргізе алады.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, «Сыйлық» жаттығуы, «Күн сәулесі сөнбесін» жаттығуы, «Тыңдап отырған
бестік» стратегиясы, «Попс формуласы» , «Бес саусақ» әдісі
Дерек көздері: 1. С.Андабекова. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, 2014 жыл
2. В.И.Ядэшко. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, 2002 жыл
Табыс критерийлері:
Барлық студенттер:

  • Мектепке дайындауды ұйымдастырудың формасын біледі;

  • Балалардың жас ерекшелігіне қарай ұйымдастырылған оқу әрекетін жүргізе алады;

Студенттердің басым көпшілігі:

Кейбір студенттер:

  • Ауылдық жерлерде мектепке даярлау ерекшеліктері мен педагог кадрлардың біліктігілігін арттыру курстарының ұзақтығы мен жалпы ережелері туралы өз ойларын толық айтуға дағдыланады.



1.Қызығушы лықты ояту.


10 мин
Студенттердің мотивациясын ояту мақсатында
Студенттер тақырып бойынша ой-пікірлерімен бөліседі.
Интерактивті тақта,
Топтастыру
5 мин
Мектепке дайындау тақырыбын зерттеген ғалымдардың есімдері жазылған карточкалар арқылы топтастырамын: Л.И.Божович, А.В. Запорожец, Ж.Пиаже деп үш топқа бөлемін.
Топтар өз авторларының нені зерттегенін және қандай идеялар ұсынғандарын айтып береді. (Л.И.Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келеді; А.В. Запорожец мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін, әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін – өзі бақылау және озін-өзі бағалау дағдыларын жатқызады; Ж.Пиаже баланың мектептегі оқуға дайындығының жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікте және уақыииа бағдарлана алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігін қалыптастыру )
Ғалымдардың есімдері жазылған карточкалар
Өткен сабақты пысықтау


10 мин
«Күн сәулесі сөнбесін!» жаттығуы
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді. әр бұлтта үйге берілген тапсырмалар бар. Тапсырма ауылдық жерлерде мектепке дайындау қазіргі кезде жүргізіліп жатқан шараларға байланысты. Дұрыс орындау барысында күннің көзі ашылады .
1. Балаларды мектепке даярлаудың маңызы неде?
2. Ауылдық жерлерде мектепке даярлаунесімен ерекшеленеді?
3. Балалардың мектепке даярлығы параметрлері қандай?
4. Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
5.

Ст уденттер күннің бетін басқан бұлттағы сандарды таңдайды. Бұлт жылжығанда артынан үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі. Студенттер жауап береді. Осылай жалғаса береді.


Интерактивті тақта
Слайд

С.Андабекова. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, 2014 жыл


В.И.Ядэшко. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, 2002 жыл


Негізгі талқыланатын сұрақтар:


10 мин
Қазақстан Республикасы педагогика кадрларының
біліктілігін арттыру курсының іс-қағаздары



І топ: Қазақстан Республикасы педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының сауалнамасы ұсынады
ІІ топ Біліктілікті арттыру курсына педагогикалық қызметкерді жіберу туралы хаттама
ІІІ топ: Біліктілікті арттыру курсына педагогикалық қызметкерді жіберу туралы өтініш үлгісін құру

Студенттер дайындаған үлгі жұмыстарын портфолиоға салып қояды.


Сабақты бекіту.


«ПОПС» формуласы.
5 мин

  • Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

  • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

  • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

  • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».

Интерактивті тақта
слайд
Қорытынды
"БЕС САУСАҚ " әдісі.

А 4 парақ көлеміне бес саусағынын суретін салады. Бүгінгі сабақтан не үйренгенін және нені түсінбеген саусақтың ішіне орналастырып жазады.



Бес саусаққа бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады.
А4 парағы, флипчарт

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет