Сабақ тақырыбы: Презентациялар. Power Point бағдарламасында презентация құру. Безендіру шаблондары



Дата24.04.2017
өлшемі236,99 Kb.
#15017
түріСабақ
«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі________________

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика



Сыныбы:


Сабақ тақырыбы: Презентациялар. Power Point бағдарламасында презентация құру. Безендіру шаблондары.

Кестелер, суреттер мен бейне дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Power Point терезесінің элементтерін, Power Point программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдау, слайдтарды қою, өшіру және қосуды, гиперсілтеме орнатуды меңгерту.


Дамытушылық: компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтылыққа үйрету. Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Ақпараттық сабақ.


Көрнекіліктер: Тесттер мен тапсырмалар, слайдтар.
Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта, пульт құрылғысы.
Пәнаралық байланысы: Ағылшын тілі, сурет, қазақ тілі, тарих.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. 1 мин.
II. Үй тапсырмасын тексеру 5 мин.
III. Тақырыпты түсіндіру 15 мин.
IV. Шығармашылық жұмыс, қорғау. 20 мин.
V. Бағалау. 2 мин.
VI. Үй тапсырмасы. 2 мин.
Жаңа сабақ

Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Әр слайдқа жазбалар беттері беріледі,
оған жасау кезінде де, көрсету кезінде де түсіндірме мәтінді енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның (тұсаукесердің) негізгі сәттерін және оларға қатысты жағдайларды түсіру үшін қолданылады. Жазбалар беттерін слайдтардың кез келген саны үшін құруға, мысалы, оларға презентацияда сүйемелдейтін сценарийді жазуға болады.
Әдетте, белгілі тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтардың және тиісті жолдама материалдарға (презентация жоспарына, баяндамашы ескертпелеріне, тыңдаушыларға үлестірілетін материалдарға) сәйкес келетін слайдтардың жиынтығы презентация деп аталады.

Шаблондар көмегімен және бос презентация құру.


PowerPoint программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі – алдын ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. Бұл программаның бір ерекшелігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.
Презентацияны шаблондар көмегімен құру
Безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін программа іске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы, Презентациялар дизайндары, Презентациялар астарлы беттерінен тұратын, Презентация құру сұқбат терезесі де ашылады. Сұқбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шарт белгілер, ұсқа шартбелгілер және кесте түрінде көруге болады. Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте Слайд құру сұқбат терезесі шығады. Бұл сұқбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.
Дайын шаблондарсыз, әр түрлі суреттермен, фон түстерімен көркемдеп, презентация жасайық.

Сабақты бекіту: «Жыл мезгілі» тақырыбында презентация құру.

Компьютерде орындату.

Орындау жолы:



  1. Бос төрт слайд құру

  2. Әр слайдқа жыл мезгілдерін орналастыр.

  3. Мәтінді пайдаланып жыл мезгілдерінің аттарын жаз.

  4. Өз қалауың бойынша слайдқа фон жаса.

  5. Презентацияны сақта.

.

Сабақты қорытындылау, бағалау.

Үйге тапсырма. «Менің сыныбым» тақырыбында презентация жасау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет