- «Сіздің
- мінезіңіз қандай?»
- «Оң ба, сол ма?» ойыны
-
-
- Бірнеше рет екі қолыңыздың саусақтарын айқастырып, біріктіріңіз. Байқағаныңыздай, бір қолдың бас бармағы үнемі жоғарғы қалып отырады.
-
-
- Егер сол қолдың бас бармағы үстінде болса, онда Сіз эмоционалды адамсыз, ал егерде оң қолдың саусағы жоғарыда болса, ол Сіздің миыңызда талдау (аналитикалық) сипаты басым екендігін білдіреді.
-
-
- Екі қолыңызды кеуде тұсында айқастырыңыз.
-
- Егер жоғарыда оң қолыңыз тұрса, онда Сіз қарапайымдылық пен мейірімге жақынсыз, ал егер сол қол үстінде болса, онда Сіз мақтануды ұнатасыз.
-
- Қол шапалақтағанда оң қолыңыз «соғушы» болса, онда Сіздің мінезіңізде жігер басым, ал сол қол белсенді болса, онда Сіз шешім қабылдағанда көп толғанатын адамсыз.
«Менің анкетам » - Туған жерің? - Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. - Туған жылың? - 1931. Құрдасымын Шәмілдің. - Шыққан тегің? - Шаруамын. - Білімің ше? - Орташа ғой.Алайда өзім жоғары бағалаймын. - Ана тілің? - Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де бар. Қайда істедің? - Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар. - Міндеттісің бе әскерге? - Міндеттімін. Міне мұнда көп мағына бар. - Мекен – жайың? - Жерде жүрген ақын деген пендемін, Қағаз, қалам, уақыт бер аздаған . Мен өмірді жырлау үшін келгенмін! “Мен туған жер Қарасаз баурайдағы ......” Жас кезі - М.Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ф.Оңғарсынова
Мұқағали ағамыз жұбайымен Баласы мен келіні Мұқағали атындағы мұражайы Шығармашылығы «Үш қадамды сұхбат» әдісі - «Үш қадамды сұхбат» әдісі
1-топ-2 топқа сұрақ қояды - 1-топ-2 топқа сұрақ қояды
- 2-топ-1-топқа жауап береді, 3-топқа сұрақ қояды
- 3-топ-2-топқа жауап береді, 4-топқа сұрақ қояды
- 4-топ-3-топқа жауап береді, 1-топқа сұрақ қояды
«Үлкен шеңбер» әдісі «Мұқағали кім?” - Мұқағалидың өмірбаяны туралы түсіндіру
- Ақынның поэмасына түсінік беру
- Ақынның әндеріне түсінік беру
- Ақынның поэзиясына
- түсінік беру
Сергіту сәті «Ыстық орындық» әдісі - “Бес жолды өлең” әдісі
- бойынша оқушылар «Мұқағали» сөзін талдайды
- 1. зат есім
- 2. сын есім
- 3. етістік
- 4. сөйлем
- 5. теңеу
- Үйге тапсырма
- «Менің Мұқағалиім»
- «Ақынның өзіңе ұнаған өлеңін жатқа айту».
«Кері байланыс» “Күту ағашы” - Әйелі – Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы – Ләззат 1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы – Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары – Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан.
- Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген.
- 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды.
- 1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.
- Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер». Өлеңдегі ұстазы – Қ.Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы – «Ильич», ал кейінгі шығармалары «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», “Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар.
- Мұқағали Мақатаев XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын.
- Ақиық ақын 1976 жылы 27-інші наурызда Алматы қаласында
- қайтыс болды.
- “Үш бақытым”
- Ең бірінші бақытым – халқым менің,
- Соған берем ойымның алтын кенін.
- Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
- Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
- Ал екінші бақытым – тілім менің,
- Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
- Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
- Қасиетті тілімнен түңілмедім.
- Бақытым бар үшінші – Отан деген,
- Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.
- Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?.
- Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
- Өмір деген не десем?
- Өмір деген не десем,
- Өмір деген осы ма?
- Үрейлендің неге сен?
- Үрікпе, жаным, шошыма!
- Өзіңе-өзің жүк артып
- Өмір деген тер төгу.
- Бір нәрсеге құмартып,
- Бір нәрседен жеркену.
- Біреулерді алдау да
- Біреулерден алдану.
- Қор боп өтпей жалғанда
- Қолдан келсе, жан бағу.
- Кейде шалқып шаруам,
- Кейде қашып берекем.
- Өмір деген-жаным-ау,
- Өзім екем, мен екем...
- «Поэзия! Менімен егіз бе едің?»
- Поэзия!
- Менімен егіз бе едің?
- Мен сені сезесің бе, неге іздедім?
- Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
- Қарауытқан таулардан сені іздедім.
- Сені іздедім кездескен адамдардан,
- Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
- Сені іздедім, жоғалған замандардан.
- Сені іздедім сезімге у шараптан да,
- Минуттардан іздедім, сағаттан да
- Сені іздедім.
- Іздемей тағат бар ма?
- Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
- « Халыққа хат »
- Туған халқым!
- Қатемді кешір менің
- Сенің арқан-сескенбей,есіргенім
- Егерде жырың болмай,ұрың болсам
- Алақанға саласың несін мені
- Жоқ!
- Менің жүрек емес төсімдегі
- Ол бір от сенің ұлы көшіндегі
- Өзіңнің жандырғаным,өшіргенің
- Әзірге тастаған жоқ есім мені
- Уа,жұртым!
- Кешір мені!
- Кешір мені!
-
- Күзде
- Сен- менің тынысым ең, тынысым ең,
- Сен үшін өмір сүріп, тырмысып ем.
- Жыл құсымен оралған жаным менің
- Бірге аттанып кетесін жыл құсымен.
- Күзі келіп, өмірдің жазы қайтып,
- Қазы қайтып аттанар назы айтып,
- Айдың көлдің бетінде сызат қалар
- Қазы қайтып келгенше жазылмайтын.
- Құстар кетті қоштасып көліменен
- Жеріменен, тауымен, көгіменен
- Жаным менің тағдырым жазбағайды,
- Қош айтысар кезенді сеніменен
- Қызылы жоқ қырманда- күзде міне,
- Қайтқан құстың қараймын тізбегіне
- Бара жатыр аттанып аққу қаздар
- Біздің жақтан күдерін үзгені ме?
- Мұқағали Мақатаевқа –
- 80 жыл
- Қатыбас өмірден мен
- пайда алмадым,
- Жаныммен жазған жырым –
- жайған малым.
- Қылышың емес пе едім
- қынаптағы,
- Жоғалттың неге мені
- пайғамбарым.
«Ән сал жаным » - «Ән сал жаным »
- Қарсы алмаса,
- Құрсын қарсы алмасын.
- Ән салып бер,
- Әніңмен жан салмаған!
- Ән сал жаным!
- Әніңмен тербет мені
- Бір сәтке тынсын, тірлік жер – көктегі!
- Дала ұйысын
- Дамылдап таулар атсын.
- Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.
-
- “Сәби болғым келеді”
- 1.Құс та болғым келмейді қанатым бар,
- Қанатым бар күмістен жаратылған.
- Сәби болғым келеді, сәби болғым,
- Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған.
- 2.Тар бесігі – кең жаһан, тарылмаған,
- Біреуге бар, біреуге табылмаған.
- Сәби болғым келеді, сәби болғым,
- Ана сүті аузынан арылмаған.
- 3.От та болғым келмейді жылуым бар,
- Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар.
- Сәби болғым келеді, сәби болғым,
- Күн сәулесі ойнаған тұлымымда.
- 4.Қанат қағып өмірге ұшарымда,
- Кесілмесе бәрібір тұсауым да.
- Сәби болғым келеді, сәби болғым,
- Сәбиі жоқ ананың құшағында.
Қош сау
Достарыңызбен бөлісу: |